Басқарма басшысы – Қалжанов Марал Аманбекұлы.
Басқарма құрылымы:
- Медициналық жабдықтарды пайдалану бөлім
- Медициналық емес жабдықтарды, ғимараттар мен көлікті пайдалану бөлімі
- IT-қамтамасыз ету бөлімі
Басқарманың міндеттері:
- Орталықтың инфрақұрылымы мен өндірістік ортасын жұмыс жағдайында ұстау, сервистік қызметтер мен жұмыстар көрсету;
- Ғимараттар мен құрылыстарды пайдалануды үздіксіз қамтамасыз ету;
- IT-инфрақұрылымды қамтамасыз ету;
- Орталықтың құрылымдық бөлімшелерін материалдық-техникалық ресурстармен, автокөліктермен қамтамасыз ету;
- Жұмысты ұйымдастырудың жаңа әдістерін, оның ішінде қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалану негізінде жетілдіру және енгізу, Орталықтың материалдық – техникалық базасын кеңейту және нығайту.
Басқарманың қызметтері:
Жүктелген міндеттерге сәйкес сервистік-шаруашылық басқарма мынадай функцияларды жүзеге асырады:
- Орталықтың ғимараттарын, үй – жайларын күтіп ұстау және оларды қолданыстағы санитарлық-гигиеналық және өртке қарсы нормалар мен ережелерге сәйкес тиісті жағдайда ұстау;
- Жабдықтардың (лифтілер, жарықтандыру, жылумен жабдықтау, желдету, ауа баптау, сумен жабдықтау және су бұру жүйелері және т. б.) жарамдылығын бақылау, жылу энергиясы мен су шығыстарының есебін жүргізу;
- Орталықтың ғимараттарын, үй-жайларын, сумен жабдықтау жүйелерін, ауа құбырларын және басқа да құрылыстарды реконструкциялаудың, күрделі және ағымдағы жөндеудің ағымдағы және перспективалық жоспарларын әзірлеу және бекіту;
- Ғимараттарға, үй-жайларға жөндеу жүргізу, жөндеу жұмыстарының сапасын бақылауды қамтамасыз ету;
- Аумақты абаттандыру, көгалдандыру және жинау жұмыстарын жүргізу;
- Жабдықтар, оргтехника, жиһаз, шаруашылық тауарларды сатып алуға келісім-шарттар жасау үшін қажетті құжаттарды дайындау;
- Кәсіпорынның, іргелес аумақтың ғимараттары мен үй-жайларын күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасын жасау;
- Құрылымдық бөлімшелерді кеңсе керек-жарақтарымен, жабдықтармен, ұйымдастыру техникасымен, жиһазбен, шаруашылық тауарларымен қамтамасыз ету, олардың жұмсалу есебін жүргізу және белгіленген есептілікті жасау;
- Жиһаздың, шаруашылық мүкәммалдың, инженерлік және басқару еңбегін механикаландыру құралдарының сақталуын қамтамасыз ету, бүлінген немесе зақымданған жағдайда оларды қалпына келтіру және жөндеу жөнінде шаралар қабылдау;
- Ұйымдастыру техникасы мен жабдықтарына техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді ұйымдастыру;
- Көлік қызметін көрсетуді қамтамасыз ету, моторесурстар мен ЖЖМ шығыстарының есебін жүргізу;
- Орталық қызметкерлерін телефон және факсимильдік байланыспен және т. б. қамтамасыз ете отырып, еңбек ету үшін барынша жағдай жасау, барлық әлсіз токты жүйелерді, ғимараттың автоматика жүйелерін пайдалану.
Атауы |
Байланыс телефоны |
АШБ басшысы |
8(7172)70-29-48 (вн. 11-46) |
Жылыту, желдету, ауа баптау қызметі. |
ҒЖБ инженері - Сайлау Жайнарбек Байланыс телефоны: 8(701) -606 23 91 (вн. 16-17) |
Төмен ток жүйелері қызметі. |
Тоқ жүйелерінің инженері – Кенжетаев Мейрман Жанбырбайулы Байланыс телефоны: 8 (7172)702-900 (вн.11-48); Сот: +7 705 519 54 72; +7 701 242 14 74. |
Сумен жабдықтау және кәріз қызметі. |
ШҚ инженері - Октябрұлы Әлиасқар Байланыс телефоны: +7 700 680 97 42 |