Астана қ., Керей, Жәнібек хандар қ., 3 үй
Версия для слабовидящих

2

Ақ халаттағы періштелер (Ангелы в белых халатах). Өмірінде кем дегенде бір рет дәрігерлермен кездеспейтін адам жоқ шығар. Ауырсынуды сезініп, біз соларға, ақ халаттағы адамдарға көмек сұрауға асығамыз.

27 қарашада мен Ұлттық ғылыми онкология және трансплантология орталығының тамырлы хирургия бөлімшесіне түстім. 28 қарашада ота жасалды. Ауруханада болған кезде қамқорлық жасалып назар аударылды.

Ұлттық ғылыми онкология орталығының қызметкерлеріне тағы да алғысымды білдіргім келеді және кардиологияның барлық бөліміне, әсіресе осы орталықтың интервенциялық рентгенохирургия бөліміне - оның меңгерушісі Виктор Викторович Землянскийге шынайы ризашылығымды білдіргім келеді. Міне, жыл ішінде үшінші рет осы мекемеде ем алдым. Елорданың жедел жәрдем ауруханасының базасында осы орталықты құру қаншалықты маңызды болғанын өз жеке тәжірибемнен сезіндім. Инженер бола тұра, аурухана терезесінен ғасырдың жылдам, орасан зор құрылысын - жаңа онкологиялық орталықтың жаңа заманауи корпустарын үлкен қызығушылықпен қарап, осы құрылыстың қаншалықты маңызды және уақтылы екенін түсіндім.