Астана қ., Керей, Жәнібек хандар қ., 3 үй
Версия для слабовидящих

Ұлттық ғылыми онкология орталығы – Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігіне қарасты мемлекеттік кәсіпорын.   

ҮҒОО жаңа корпусын салу жобасын іске асыру туралы

 

Ұлттық ғылыми онкология орталығының миссиясы мен пайымы:

Миссиясы: клиникалық, білім беру және ғылыми қызметті біріктіру арқылы тиісті халықаралық стандарттарға сәйкес қатерлі ісіктердің алдын алудың, ерте диагностикалаудың және емдеудің жоғары технологиялық әдістеріне қолжетімділікті арттыру арқылы онкологиялық аурулардан болатын өлімді азайту.

Пайымы: ғылым, клиника және білім берудің үлгілі инфрақұрылымы мен интеграциясы бар Орталық Азия өңірі елдеріндегі онкология саласындағы жетекші клиникалық, ғылыми және академиялық орталық.

Мақсаттары:

1) халықаралық стандарттарға сәйкес онкологиялық көмек көрсету; 

2) онкология саласында ғылыми зерттеулер жүргізу;

3) онкология ауруларын алдын алудың, диагностика жасау және емдеудің  дербестендірілген әдістерін өңдеу және енгізу;   

4) онкология қызметінің дамуын үйлестіру және бақылау;  

5) ) онкология қызметінің кадрлық әлеуетін дамыту және дайындау.

Нұр-Сұлтан қаласында Ұлттық ғылыми онкология орталығын құру жобасын іске асыру Қазақстан Республикасының Бірінші Президентінің 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқаты өсуі: кіріс пен өмір сапасын арттыру» Қазақстан халқына арналған жолдауындағы тапсырмасын орындау аясында жүзеге асырылып жатыр.  

Қазақстанда жыл сайын 35 000-нан астам қатерлі ісіктің жаңа жағдайлары анықталады, оның басым бөлігі кеш анықталады. Жаңа онкологиялық орталықтың құрылысы стратегиялық маңызды және әлеуметтік маңызы бар жоба, оның мақсаты Қазақстан халқына жоғары технологиялық медициналық көмектің қол жетімділігін қамтамасыз ету болып табылады. Ұлттық ғылыми онкология орталығы ғылыми-зерттеу зертханаларды, оқу және клиникалық базаларды қамтитын өз саласындағы жетекші халықаралық орталыққа айналады деп жоспарлануда. ҰҒОО-да ең озық технологиялар, радиациялық, лазерлік, протондық және ядролық медицина бөлімдері ұсынылады. Пациенттер көп салалы тәсілге сүйене отырып, ерте диагностикадан жоғары технологиялық емдеуге және Қазақстанда оңалтуға дейінгі медициналық көмектің барлық спектрін шетелге шықпай ала алады.

Жаңа Орталықтың құрамына кіреді:

210 орынға тәуліктік стационар, оның 70 орны онкогематология үшін;

150 орынға күндіз ем алатын амбулаторлық терапия орталығы;

Ауысымына 500 келушіге арналған емхана. 

Ұлттық ғылыми онкология орталығын құру жаңа емдеу-диагностикалық ғимараттың құрылысын және қолданыстағы ғимаратты (бұрынғы Ұлттық ғылыми онкология және трансплантология орталығы) қайта құруды қамтиды.

Қазіргі кезде Ұлттық ғылыми онкология орталығының жаңа емдеу-диагностикалық корпусын құру жобасын іске асыру жұмысы жүргізіліп жатыр.

Құрылыстың аяқталуы 2021 жылдың басында жоспарланды.

Құрылыс барысы