Астана қ., Керей, Жәнібек хандар қ., 3 үй
Версия для слабовидящих

Ұйқы безінің қатерлі ісігі

 

Ұйқы безінің қатерлі ісігін үнемі тексеріп отыру тек жоғары қауіпті топтағы ересектерге ғана емес ұсынылады. Себебі жоғары қаупі бар науқастарда ауырып қалу ықтималдығы жоғары. Ұйқы безінің қатерлі ісігін тексеру мүмкін болатын ісіктерді ерте анықтау мақсатында жүргізіледі. Алдын алу диагностикасының міндеті күрделі болғандықтан диагностиканың негізгі әдістері: КТ, МРТ (магнитті-резонанстық томография) және дәстүрлі УДЗ (ультрадыбыстық зерттеу) болып табылады.

Ұйқы безінің қатерлі ісігін анықтау өте қиын. Сондықтан жеке зерттеу бағдарламасына гастроскопияны енгізу/қоспау туралы шешім қабылдаған кезде ұйқы безі қатерлі ісігінің даму қаупінің жеке факторларын ескеру қажет.

 

Ұйқы безі қатерлі ісігінің қауіп факторлары:

  • Алкогольді теріс пайдалану
  • Темекі шегу
  • Майлы және ащы тағамдардың көптігі
  • Қант диабеті
  • Бауыр цирозы
  • Өт тас ауруы
  • Тұқым қуалайтын бейімділік( барлық ҰБІ жағдайларының 5-10%), Линч синдромы
  • Ерлер 60 жастап бастап
  • Қатерлі ісікке дейінгі аурулар:
  • Ұйқы безінің аденомасы
  • Созылмалы панкреатит
  • Ұйқы безінің кистасы

 

Егер сіз осы қауіп тобына кірсеңіз, сіз үнемі тексеруден өтуіңіз керек. Тексеру жоспарын гастроэнтерологпен келісуді ұмытпаңыз.

ҰБІ диагностикасы мыналарды қамтиды:

 

  • Қауіп факторларын анықтау, ауруды болдырмау немесе растау, диагнозды нақтылау, қосымша тексеру мен емдеуді жоспарлау үшін гастроэнтеролог, хирург және онкологпен кеңесу.
  • Жыл сайын сәулеленудің төмен дозасы бар компьютерлік томография (КТ немесе МРТ).
  • УДЗ (жыл сайын).
  • Гастроскопия. Бұл тексеру асқазанның ісік процесіне қатысуын болдырмау үшін қолданылады (дәрігердің нұсқауы бойынша).
  • Пункциялық биопсия - УД-бақылаумен жүргізіледі, биоптатқа гистологиялық зерттеу жүргізуге және диагнозды верификациялауға мүмкіндік береді (дәрігердің нұсқауы бойынша).
  • Зертханалық зерттеулер - онкологиялық маркерді анықтау СА19—9 ұйқы безінің қатерлі ісігін диагностикалауда қолданылады. Бұл талдаудың сезімталдығы мен ерекшелігі 70-90% құрайды (дәрігердің нұсқауы бойынша).
  • Диагностикалық лапароскопия - диагнозды нақтылау және процестің таралуын бағалау үшін (дәрігердің нұсқауы бойынша).

Тұрақты тексерулермен қатар денсаулығыңыздағы кез-келген өзгерістерді бақылаңыз. Тұрақты жөтел немесе кеудедегі ауырсыну сияқты белгілер болған жағдайда дереу дәрігерге қаралыңыз.

ҰҒОО дәрігерлері шағымдар болмаған кезде де ұйқы безін үнемі профилактикалық тексеруден өткізуді ұсынады. Егер сіз тұқым қуалайтын факторға немесе созылмалы ауруларға байланысты қауіп тобына кірсеңіз, дәрігерге баруды кешіктірмеу ұсынылады.

 

Ұйқы безінің қатерлі ісігіне шалдыққандарға арналған тексерулер

Егер сізде ұйқы безінің қатерлі ісігі болса, онда сізге рецидивті тексерудің жеке жоспары қажет. Тексеру жоспарын емдеуші дәрігермен келісіңіз.

 

ҰҒОО базасында сіз «Гастроэнтерологиялық» Check-up топтама шеңберінде толық тексеру ала аласыз.  

 

ҰҒОО-да сіз сапалы диагностикадан өтіп, диагноз қойылған кезде ісік жасушаларының түрі туралы «екінші пікір» ала аласыз, ал қажет болған жағдайда дереу бастай және білікті ем ала аласыз.

 

Қазақстан азаматтарының «Денсаулық және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 77-бабы 1-тармағының 3-тармақшасына сәйкес емдеуші дәрігерді және медициналық ұйымды еркін таңдауға құқығы бар.

Бұдан басқа, пациент жоспарлы емдеуге жатқызу кезінде денсаулық сақтау ұйымын еркін таңдауға құқылы, бұл Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 761 «Стационарлық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген.