«Oncology.kz» - халықаралық ғылыми-тәжірибелік рецензияланатын мерзімді басылым (еISSN 2957-6377). Веб-сайт – http://oncologykz.org/. «Ұлттық ғылыми онкология орталығы» ЖШС Журналдың құрылтайшысы әрі меншік иесі болып табылады. Журнал 2022 жылдың наурыз айынан бастап жарияланып келеді.
Журналдың мақсаты: қатерлі ісіктер туралы клиникалық маңызы жоғары ілім көздерін кеңейту және аурудың диагностикасы, емі мен алдын алудың нәтижелерін тарату; онкология саласындағы ғылыми зерттеулерді дамытуға үлес қосу, олардың нәтижелерін ұлттық және халықаралық ғылыми кеңістікте қолжетімді ету.
Журнал жылына 4 рет жарық көреді. Сондай-ақ, Журналдың меншік иесі ұйымдастырған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялардың материалдарына арналған бір қосымша шығарылым жариялайды.
Мақалаларды Журнал сайты арқылы онлайн режимде жолдау керек. Журналда мақала жариялау тегін.