Астана қ., Керей, Жәнібек хандар қ., 3 үй
Версия для слабовидящих

Білім беру қызметтері

 

ҰҒОО-ның қосымша кәсіптік білім беру деңгейіндегі білім беру қызметтері Орталықта да, басқа ұйымдарға бару арқылы да кең ауқымды іс-шаралармен ұсынылған: біліктілікті арттыру циклдері, шеберлік сыныптары, семинарлар және т.б.

Оқыту онкологиялық, хирургиялық, гематологиялық және басқа бейіндегі жоғары мамандандырылған медициналық көмектің әртүрлі деңгейіне көзделген.

Сабақтарды күндізгі оқу (топта, жеке), сонымен қатар ақпараттық және компьютерлік технологияларды қолдану арқылы өткізуге болады.

Дәріс берушілер – әлемнің жетекші орталықтары мен клиникаларында білім алған, жұмыс және оқытушылық тәжірибесі бар жоғары білікті мамандар, медицина ғылымдарының докторлары мен кандидаттары, жоғары санатты докторлар.

 

Біліктілікті арттыру – бұрын алынған кәсіптік білімдерді, машықтар мен дағдыларды сақтауға, кеңейтуге, тереңдетуге және жетілдіруге, сондай-ақ негізгі мамандық шеңберінде жаңа (қосымша) құзыреттерді меңгеруге мүмкіндік беретін қосымша білім беру нысаны.

 

Сертификаттау курстары

Сертификаттау курсы – мамандық бейіні бойынша тар мамандық бойынша қосымша кәсіптік білім, білік және дағдыларды кеңейтуге, тереңдетуге және дамытуға бағытталған қосымша білім беру нысаны;

Аттестаттауға жататын денсаулық сақтау мамандарының мамандықтары мен мамандануларының тізбесі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-218/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды сертификаттауға жататын мамандықтар мен мамандандырулар тізбесін бекіту туралы» https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2000021699;

ҰҒОО-ның сертификаттау курстары қосымша білім берудің білім беру бағдарламалары каталогының ақпараттық жүйесінде жарияланған (ББ тізбесі) http://89.218.81.108/#/catalog/view.

 

Байланыс телефоны: 87172-702925

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Мекен-жайы: Астана қ., сол жағалау, Керей, Жанібек хандар көш., 3 ғимарат.

  

 

 

ҚОСЫМША АҚПАРАТ