Астана қ., Керей, Жәнібек хандар қ., 3 үй
Версия для слабовидящих

024 жылғы 1 тамызда Ұлттық ғылыми онкология орталығының жаңа емдеу-диагностикалық корпусын ашу жоспарлануда.

Осыған орай мейіргер ісі, рентген зертханашы мамандықтары бойынша және кіші медициналық персонал, шаруа-бикесі, ресепшен әкімшісі лауазымдарына қызметкерлерді қабылдауды жариялаймыз.

Жаңа емдеу-диагностикалық корпуста ең озық технологиялар ұсынылады, онда пациенттерге ерте диагностикадан бастап жоғары технологиялық емдеу мен оңалтуға дейінгі медициналық көмектің барлық спектрлері: сәулелік және лазерлік терапия бөлімшелері, протон және ядролық медицина орталықтары көрсетілетін болады.

Сұхбаттасуға шақыру үшін үміткерлер алдымен түйіндемені Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электрондық пошта мекен-жайларының біріне жолдауы қажет.

Жұмысқа орналасу сұхбаты 2024 жылдың 1 мамырынан бастап жұмыс күндері: дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері өткізіледі.

Егер қызығушылық болса, ҰҒОО Менеджмент және мейіргер ісін дамыту бөліміне хабарласыңыз. Байланыс тел.нөмірлері: Айнаш Алпысбайқызы Мұхамедғалиева, +7(701) 881 21 15, Самал Аманғалиқызы Салқымбаева, +7(705) 103 15 87.

«Ұлттық ғылыми онкология орталығы» ЖШС (Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Керей, Жәнібек хандар көшесі, 3 үй, байланыс телефоны: 8-7172-70-29-10), «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43 бабы 2-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2024 жылғы 29 шілдедегі № 496 бұйрығымен бекітілген «Ұлттық ғылыми онкология орталығы» ЖШС Тексеру комиссиясы туралы ереженің 17-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің келісімі бойынша (2024 жылғы 28 тамыздағы № 19-1-14/42379 хаты) тексеру комиссиясының жетекшісі бос лауазымына байқау жариялайды. 

Бос лауазымдарға үміткерлер келесі талаптарға сай болуы керек:

1) Мамандығы бойынша (экономика, есеп және аудит, қаржы) жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі;

2) аудит және/немесе бухгалтерлік есеп және/немесе қаржы саласындағы жұмыс тәжірибесі кемінде бес жыл;

3) басшылық лауазымдағы жұмыс тәжірибесі кемінде үш жыл;

4) Ішкі аудиторлар институты (The Institute of lnternal Auditors Inc) әзірлеген мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарын, оның ішінде халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын және халықаралық қаржылық кәсіби ішкі аудит стандарттарын білу, қосымша арнайы дайындықтың болуы;

5) мынадай куәліктердің немесе сертификаттардың біреуінің болуы: CIA ішкі аудит саласындағы (Certified Internal Auditor) сертификаты; Қазақстан Республикасы аудиторының біліктілік куәлігі немесе АССА (Association of Certified Chartered Accountants) алқаби бухгалтерінің сертификаты, немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіби бухгалтер сертификаты немесе DipIFR (Diploma in International Financial Reporting) дипломы, немесе халықаралық кәсіби бухгалтер СТРА (Certified International Professional Accountant) сертификаты; СВА (Certified information systems auditor) немесе CISM (Certified information security manager) сертификаты, немесе ITIL (Information technology infrastructure library); өзге де ұқсас халықаралық танылған куәлік немесе сертификат; CIPFA public auditor; CIPFA diploma in international public sector accounting standards;

6) мемлекеттік және мүмкіндігінше шет тіл(-дер)ін білуі тиіс.

Тексеру комиссиясының жетекшісі бос лауазымына байқауға қатысу үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет:

1) конкурсқа қатысуға өтінім (үлгі бойынша);

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

4) білімі туралы құжаттардың және оларға қосымшалардың көшірмелері;

5) 3х4 түсті фотосуреті бар түйіндеме;

6) кәсіптік сертификацияны растайтын құжаттардың көшірмелері;

7) В2 деңгейінен төмен емес қолданыстағы ҚАЗТЕСТ сертификатының көшірмесі (2022 жылғы 1 қаңтарға дейін сертификат алғандар үшін – қолдану мерзімі – 3 жыл; 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 2024 жылғы 15 қазанға дейін сертификат алғандар үшін – қолдану мерзімі – 3 жыл; 2024 жылғы 15 қазаннан бастап бір сынақ үлгісімен жаңа үлгідегі сертификат алғандар үшін: 2 жыл)

8) соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама;

9) наркологиялық және психоневрологиялық ұйымның диспансерлік есепте тұрғаны/мәртебесінің жоқтығы туралы анықтамасы;

10) сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны/жамасамағаны туралы анықтама.

Қатысушы конкурстық өтінімнің түпнұсқасын «Түпнұсқа» деп белгілей отырып, конвертке салады. Бұл конвертте қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және мекен-жайы болу керек. Содан кейін конверт сыртқы конвертке жабылады.

Ішкі және сыртқы конверттер:

1) хабарландыруда көрсетілген мекенжай бойынша жіберіледі;2) «Ұлттық ғылыми онкология орталығы» ЖШС тексеру комиссиясының жетекшісі бой лауазымына байқау «2024 жылғы 13 желтоқсанға дейін ашпау» сөздерден тұрады.

Біліктілік талаптары мен лауазымдық нұсқаулықтар

Түйіндеменің нұсқасы

Өтініш


 

Талаптар

Білімі

Жоғары медициналық білімі, «Клиникалық зертханалық диагностика» мамандығы бойынша маман сертификаты

Мамандығы

«Медициналық-биологиялық іс», «Клиникалық зертханалық диагностика»

Жұмыс тәжірибесі

Мамандығы бойынша еңбек өтілі 1 жылдан кем емес

Лауазымдық міндеттері

Зертханашы дәрігерге келесі функциялар жүктеледі:

1) нормативтік - директивтік және ұйымдастырушылық - өкімдік құжаттардың талаптарына сәйкес жоғары технологиялық медициналық қызмет және Орталық пациенттеріне мамандандырылған медициналық көмек көрсету шеңберінде зертханалық зерттеулерді және медициналық қызметтерді ақылы негізде сапалы және уақтылы орындау;

2) дербес кәсіби қызметі және бейіні бойынша негізгі функцияларды: ұйымдастырушылық, диагностикалық, консультациялық және профилактикалық функцияларды орындау үшін дайындығы болуы тиіс;   

3) зерттеулер мен әзірлемелерді жүргізу кезінде зертханалық талдауларды, сынақтарды, өлшеулерді орындайды;

4) зертханалық жабдықтың жарамды жай-күйін бақылайды (оны тексеруді және баптауды жүзеге асырады);

5) жұмыс орындарын жұмысқа дайындайды (микроскоптар, аппаратураның жарамдылығын тексеру, реагенттердің болуы, олардың жарамдылық мерзімдері және т. б.);

6) зерттеу жүргізу үшін реактивтерді, қоректік орталарды және химиялық ыдыстарды дайындайды;

7) зертханаішілік және сыртқы сапа бақылауын жүргізеді;

8) калибрлеуді және түзету іс-шараларын жүргізеді;

9) материалдарды жинауға және өңдеуге қатысады, қажетті дайындық және қосалқы операцияларды жүзеге асырады, бақылаулар жүргізеді, аспаптардың көрсеткіштерін алады, әдістемелік құжаттарға сәйкес талдау, өлшеу нәтижелерін өңдейді, жүйелейді және ресімдейді, олардың есебін жүргізеді;         

10) шұғыл жағдайлар кезінде дәрігерге дейінгі көмек көрсетеді, денсаулық сақтау жөніндегі заңнамада көзделген барлық қажетті есепке алу-есеп беру медициналық құжаттаманы уақтылы ресімдейді;

11) жұмыс орнындағы тазалық пен тәртіпті сақтайды;

12) қатаң бекітілген кесте бойынша кезекшілікке түседі;

13) бейінді бөлімше дәрігерлерінің тағайындауы және зертхана меңгерушісінің өкімі бойынша жұмыс нұсқаулықтарына, клиникалық хаттамаларға сәйкес диагностикалық рәсімдерді жүзеге асырады;  

14) Орталықтың автоматтандырылған бағдарламасында жүргізілген зерттеулердің нәтижелерін уақтылы тексереді, бұрыштама қояды және бекітеді;

15) зертхана меңгерушісіне және емдеу бөлімшелерінің дәрігерлеріне пациенттің өміріне қауіп төнгенін куәландыратын зерттеулердің анықталған нәтижелері туралы уақтылы хабарлайды; 

16) жоспарға сәйкес орта және кіші персоналдың біліктілігін арттыру бойынша сабақтар өткізуге қатысады;

17) зертхана меңгерушісінің өкімі бойынша жаңа зерттеу әдістері мен жаңа жабдықтарды меңгереді және енгізеді;

18) биологиялық материалды алу және зертханаға жеткізу қағидалары бойынша Орталықтың клиникалық құрылымдық бөлімшелерінің персоналы үшін әдістемелік ұсынымдар жасайды;

19) зертханалық диагностика мәселелері бойынша басқа мамандықтағы дәрігерлерге кеңес береді;

20) зертхананың орта медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру үшін жағдай жасайды, олардың кәсіби білімі мен тәжірибесін, сондай-ақ өмір мен денсаулық үшін қауіпсіз және қолайлы еңбек жағдайларын ұтымды пайдалануға және дамытуға, ұжымда қолайлы психологиялық атмосфераны қалыптастыруға ықпал етеді;    

21) өз жұмысы туралы ай сайынғы және жыл сайынғы есептерді дайындайды, зертхананың жылдық жоспарын және есебін жасауға қатысады;

22) жеке еңбек шарты мен лауазымдық нұсқаулығында белгіленген еңбек міндеттерін адал орындайды;

23) жоспарға сәйкес клиникалық конференцияларға қатысады;

24) ғылыми жұмыстың қорытындыларын мақалалар, конференцияларда сөз сөйлеу үшін баяндамалар түрінде ресімдеп, ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізуге қатысады;

25) өз құзыреті шегінде жұмыста анықталған сәйкессіздіктер бойынша түзету әрекеттерін орындайды;

26) диагностикалық рәсімдерді орындау кезінде қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі жөніндегі қағидаларды сақтайды. Штаттан тыс жағдайлар пайда болған кезде бұл туралы зертхана меңгерушісіне хабарлайды;

27) уақтылы медициналық тексеруден өтеді;

28) қажеттілігіне қарай көшпелі (мобильді) бригадаларда жұмыс істейді;

29) қызметтік ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету;

30) үздіксіз өз бетінше білім алумен айналысып, өзінің кәсіби құзыреттілігі мен жалпы мәдениет деңгейін үнемі арттырып отыруға тиіс;

31) тікелей басшының/Орталық басшылығының тапсырмаларын дұрыс және уақтылы орындау;

32) ұлттық және халықаралық аккредиттеу (JCI) шеңберінде алдыңғы қатарлы медициналық технологияларды, заманауи ауруханалық менеджментті, ұлттық және халықаралық сапа және қауіпсіздік стандарттарын енгізуді іске асыруға қатысу;

33) резиденттерді даярлау, дәрігерлер мен мейіргерлер үшін біліктілікті арттыру циклдерін, шеберлік кластарын өткізу, Орталық мамандары үшін ғылыми – практикалық конференцияларды ұйымдастыру және өткізу білім беру жұмыстарын жүргізуге қатысу;  

34) өз қызметінде ұлттық және халықаралық стандарттарды енгізуді және қолдауды қамтамасыз ету;

35) қызметтік міндеттерін орындау кезінде зертхана қызметінде Госпитальдық ақпараттық жүйені (ГАЖ) енгізуді және қолдауды қамтамасыз етеді;

36) тәуекелдерді барынша азайту, осы лауазымдық міндеттерді іске асырумен байланысты тәуекелдердің алдын алуды жүзеге асыру;

37) Орталықта салауатты корпоративтік мәдениетті қамтамасыз ету және нығайту;

38) зертханада медициналық этиканың, ішкі еңбек тәртібі, өрт қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерінің, санитарлық– эпидемиологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын қамтамасыз етеді;

39) іскерлік этика қағидаларын және мінез-құлық қағидаларын сақтау, моральдық-әдептілік нормаларын сақтау;

40) зертхана меңгерушісі болмаған кезде (демалыс, іссапар, уақытша еңбекке жарамсыздық және т. б.) оның міндеттерін орындайды (ауыстырады);

41) еңбекке жарамсыздық анықталған жағдайда, денсаулық жағдайының ауырлығына байланысты жағдайларды қоспағанда, бұл туралы тікелей басшыға/жетекшілік ететін басшыға еңбекке жарамсыздық анықталған кезден бастап бір тәуліктен кешіктірмей хабарлауға міндетті;

42) құрылымдық бөлімшенің міндеттері мен функцияларына, орталық басшылығының тапсырмаларына сәйкес өзге де міндеттер.

Жұмыс тәртібі

ауысымды жұмыс кестесі

Еңбекақы төлемі

сұхбаттасу қорытындысы бойынша

Жұмыс орны Астана қ., Есіл ауданы, Керей, Жәнібек хандар көшесі, 3
Байланыс деректері
  •  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. 
  • Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. (түйіндеме үшін) 
  • +7 (7172) 70-29-74 
  • +7 705 103 15 87
Талаптар

Білімі

"Мейіргер ісі" мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) медициналық білім (немесе "Мейіргер ісі" мамандығы бойынша қайта даярлау) немесе "Емдеу ісі" мамандығы бойынша жоғары медициналық білім, "Жалпы медицина", "Мейіргер ісі" мамандығы бойынша бакалавриат

Мамандығы

"Мейіргер ісі" маман сертификаты, мүмкіндігінше біліктілік санатының болуы

Жұмыс тәжірибесі

жұмыс өтіліне талап қойылмайды

Құзыреттер мен дағдылар

  • жүйелік ойлау,
  • өз бетінше де, топпен де жұмыс істей білу
  • жазбаша және ауызша коммуникацияның дағдылары дамыған

Лауазымдық міндеттері

1)  Орталық Регламентін сақтау;
2) Бөлімше туралы ережеге және лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес функционалдық міндеттерді орындау;
3) Еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтауға;
4) ЖАҚҰ (жағдай, алғышарттар, қарау, ұсынымдар) схемасы бойынша пациенттің төсегі жанында кезекшілікті қабылдау;
5) пациенттерде сәйкестендіру білезіктерінің болуын тексеру;
6) медициналық қызмет көрсету кезінде бөлімшені пайдалану және жұмыс істеуі үшін қажетті жабдықтарды, шығыс материалдарын тексеру;
7) жабдықпен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік техникасын сақтауға;
8) механикалық және электр жабдықтарын дұрыс қосу;
9) медициналық жабдықты тестілеу парағына жазумен медициналық жабдықты ақаусыздыққа тестілеу жүргізу, аппаратурасы бұзылған жағдайда бөлімшенің аға мейіргеріне хабарлау;
10) инвазивтік рәсімдерді жүргізу кезінде қандай да бір ауытқушылықсыз нақты лауазымдық міндеттерге қатысты операциялық процедуралары стандарттарын (бұдан әрі – ОПС) сақтау;        
11) пациенттерді күту кезінде мейіргерлік процестің барлық кезеңдерін жүзеге асыру (пациенттің жай-күйін бастапқы бағалау, алынған деректерді түсіндіру, пациентпен бірге күтімді жоспарлау, мейіргерлік күтімді іске асыру, қол жеткенді қорытынды бағалау жүргізу);
12) пациенттерге жеке қалауы, құндылықтары мен қажеттіліктеріне сәйкес тұтас күтім жасауды және жасы мен мәдениетіне сәйкес келетін, қауіпсіз және тиімді күтім көрсетуде толық құқылы серіктес ретінде пациентті немесе оның заңды өкілін құрметтеуді қамтамасыз ету;
13) пациенттің ауырсынуына сәйкес орналасқан жері, типі, қарқындылығы, сипаты мен ұзақтығы бойынша бағалау жүргізу, көмек көрсету кезінде ауырсынуды бағалау парағына белгі қою;
15) емдеуші дәрігердің тағайындауын уақтылы және дәл орындау: тағайындауларды орындамаған жағдайда, себептеріне қарамастан, бұл туралы емдеуші дәрігерге дереу баяндау;
16) бөлімшенің міндеттері мен функцияларына, Орталық басшылығының тапсырмаларына сәйкес өзге де міндеттер.

Жұмыс режимі

Ауысым кестесі бойынша

Лауазымдық жалақысы

  58 400 теңгеден бастап


Талаптар

Білімі

Жалпы орта (арнаулы орта) білім

Мамандығы

Медициналық мекемедегі жұмысқа қарсы көрсеткіштері жоқ

Жұмыс тәжірибесі

Жұмыс өтіліне талап қойылмайды

Құзыреттер мен дағдылар

  • жүйелік ойлау,
  • өз бетінше де, топпен де жұмыс істей білу
  • жазбаша және ауызша коммуникацияның дағдылары дамыған

Лауазымдық міндеттері

  1) Бөлімше туралы ережеге және лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес функционалдық міндеттерді орындау;
2) Еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтау;
3) еңбек шартында келісілген еңбек міндеттерін адал орындауға;
4) пациенттің төсегі жанында палаталар бойынша кезекшілікті қабылдау және тапсыру;
5) кезекшілікті қабылдай отырып, бөлімшенің барлық үй-жайларын, электр жарығының жай-күйін, сұйық сабынның, қолды өңдеуге арналған дезинфекциялық құралдардың болуын қарап шығу;
6) пациенттердің және олардың туыстарының бөлімшедегі күн тәртібін орындауын бақылайды. Режимді бұзу жағдайлары туралы кезекші мейіргерге және мүмкіндігінше бөлімшенің аға мейіргеріне баяндау;
7) қажет болған жағдайда пациенттерге төсек жабдықтарын ауыстыруды жүргізу, төсектерді пациенттерді бөлімшеге жатқызуға дайындау, матрастарды өңдеудің бекітілген алгоритміне сәйкес матрастарды өңдеуді жүргізу;
8) пациентке гигиеналық күтім жасау: пациентті денесін сүрту және жуу, пациент дәретханаға бара алуы үшін дәрет ыдысын беру, құсу кезінде науаларды беру, биоматериалдарды кәдеге жарату, биоматериалдарды кәдеге жарату алдында ішіндегісін мейіргерге көрсету, іш киімдерді ауыстыру;
9) қолда бар дайындалған тағамнан пациентті азықтандыруды жүзеге асыруға міндетті. Тамақтану жиілігі мен санын емдеуші дәрігер белгілейді. Қажет болса, науқас үшін тамақ жылыту;
10) мейіргермен бірлесіп ойық жараларды жоюға бағытталған іс-шаралар мен рәсімдер кешенін орындауға;
11) мейіргермен бірге пациенттерді палаталарға, диагностикалық зерттеулерге, операциялық блоктарға және т.б. тасымалдауға;
12) қажет болған жағдайда палаталарды желдету;
13) пациенттің жағдайының нашарлауы анықталған жағдайда кезекші мейіргер немесе кез келген медициналық персоналға (дәрігер, резидент, аға мейіргер) жедел хабарлау;
14) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді орындауға міндетті.

Жұмыс режимі

Ауысым кестесі бойынша

Лауазымдық жалақысы

  42 500 теңгеден бастап


Талаптар

Білімі

"Мейіргер ісі" мамандығы бойынша орта арнайы медициналық білімі (немесе "Мейіргер ісі" мамандығы бойынша қайта даярлау) немесе "Емдеу ісі", "Педиатрия" мамандығы бойынша жоғары медициналық білімі, "Жалпы медицина", "Мейіргер ісі" мамандығы бойынша бакалавриат

 Мамандығы

"Мейіргер ісі" маман сертификаты, біліктілігін арттыру (бейін бойынша куәлік)

 Жұмыс тәжірибесі

мүмкіндігінше мамандығы бойынша кемінде 1 жыл жұмыс өтілі және біліктілік санатының болуы

Құзыреттер мен дағдылар

  • жүйелік ойлау,
  • өз бетінше де, топпен де жұмыс істей білу
  • жазбаша және ауызша коммуникацияның дағдылары дамыған

Лауазымдық міндеттер  

  1) № 2 терапия бөлімшесі туралы ережеге және осы лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес функционалдық міндеттерді орындау;
2) Еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтау;
3) массажистің жұмысын реттейтін нормативтік және ұйымдастырушылық – өкімдік құжаттарды сақтауға;
4) емдік уқалау әдістерін меңгеру, адам ағзасына емдік уқалау механизмі туралы негізгі теориялық ережелерді білу, оның басқа емдік процедуралармен үйлесімдігі және жүргізу реттілігі;
5) емдік массаж процедураларын дәрігердің нұсқамасына қатаң сәйкестікте орындау, массаж процедурасын жүргізу кезеңінде науқастың жағдайын бақылау, ал нашарлаған жағдайда процедураны тоқтату және дәрігерді шақыру;
6) қайталанған процедуралар кезінде терінің, уқалайтын аймақтың жағдайын тексеру және тітіркену немесе іріңді элементтер болған кезде дәрігерді хабардар ете отырып, емшара жүргізуден бас тарту керек;
7) физиотерапевт дәрігердің  барлық тағайындауларын, ал ол болмаған кезде емдеуші дәрігерлердің физиотерапиялық тағайындауларын орындауға;
8) физиотерапевт  дәрігер тексергеннен кейін пациентті қабылдау;
9) JCI сәйкес пациенттерді сәйкестендіру ережелерін жүзеге асыру;
10) процедуралық картада ем-шаралардың орындалуын белгілеу;
11) пациентке емделуге келу уақытын хабарлау;
12) пациенттің жай-күйі нашарлаған кезде емшара жүргізуді тоқтату, қажет болған жағдайда оған алғашқы медициналық көмек көрсету және дереу дәрігерге хабарлау, ал емшара картасында тиісті белгі қою;
13) өз жұмысының немесе кабинет жұмысының сағаттарына сәйкес емшаралардың қандай да бір түрлеріне пациенттердің кезектілігін анықтау;
14) пациенттің құлауын болдырмау бойынша шаралар қабылдау (пациентті және күтім жасаушы тұлғаны оқыту, пациентті сүйемелдеу);
15) пациенттерді массаж кабинетінің ішкі тәртіп қағидаларымен, емшараларды қабылдау қағидаларымен, дененің оңтайлы жағдайын, емшарадан кейінгі режимді сақтаумен таныстыру; орындалған жұмыстың есебін жүргізу және пациенттердің барлық тағайындалған емдеу курсын алуын бақылау;
16) ем-шара кезінде тұрақты жұмыс орнында болуға;
17) медициналық қызмет көрсету бойынша тізілімде жүргізілген манипуляцияларды тіркеуге, сондай-ақ бөлімшенің аға мейіргеріне тиісті құжаттарды (дәрігерден жолдама, кассалық ордер және төлем туралы чек) тапсыруға;
18) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді орындауға міндетті.

Жұмыс режимі

5/2

Лауазымдық жалақысы

42 472 теңгеден бастап

Талаптар

Білімі

жоғары кәсіптік білімі (орта кәсіптік немесе техникалық білімі бар)

Мамандығы

есеп және аудит, экономика, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, техникалық, денсаулық сақтау және т.б.

Жұмыс тәжірибесі

жұмыс өтіліне талап қойылмайды (мамандығы бойынша кемінде 1 жыл жұмыс өтілі бар)

Құзыреттер мен дағдылар

  • жүйелік ойлау,
  • өз бетінше де, топпен де жұмыс істей білу
  • жазбаша және ауызша коммуникацияның дағдылары дамыған

Тілдерді білуі

мемлекеттік тілді білу, ағылшын тілін білу

Лауазымдық міндеттері

1) әлеуетті пациенттерді іздестірумен және тартумен айналысу;
2) пациенттермен коммерциялық келіссөздер жүргізу;
3) пациенттерді алдын ала жазу үшін № 2 терапия бөлімшесінің (бұдан әрі – Бөлімше) күндізгі стационарының тіркеу орнының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету;
4) пациенттермен, сақтандыру компанияларымен, жұмыс берушілермен (пациенттермен) медициналық ақылы қызметтер көрсетуге қатысты шарттарды, медициналық карталарды және өзге де қажетті құжаттаманы ресімдеуді жүзеге асыруға;
5) пациенттерге уақтылы және сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету;
6) телефон арқылы кеңес алу үшін және жүгінген кезде пациенттерді дәрігерлерге қабылдауға жазуды жүзеге асыруға;
7) сервистік қызмет көрсетуді ескере отырып, пациенттердің қажеттіліктерін анықтау және қанағаттандыру;
8) сырқатнамаға сәйкес стационарлық пациенттерге көрсетілген қызметтер бойынша есеп жүргізуге, Орталықтың ақылы және сақтандыру клиенттері үшін белгіленген қағидаларға сәйкес төлем жасау үшін пациенттерді шығару күні көрсетілген ақылы қызметтер тізілімін уақтылы ұсынуға;
9) пациентті шығарғанға дейін көрсетілген медициналық қызметтер үшін ақы төлеу бойынша сақтандыру компанияларының үйлестірушілерімен салыстыру жүргізуге және келісуге;
10) медициналық ақылы қызметтерді, оның ішінде сақтандыру компанияларын көрсету бойынша есеп жүргізу және есептілікті жасау, кейіннен Орталықтың бухгалтерлік есепке алу бөлімімен салыстырып тексеру;
11) № 2 терапия бөлімшесінің қызметі мен жарнамасына байланысты жобаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
12) көрсетілген медициналық қызметтер бойынша пациенттердің төлемін бақылау;
13) Бөлімше әзірлеген (бастамашылық жасаған) және/немесе жоғары тұрған басшылық берген құжаттардың орындалуын бақылау және үйлестіру;
14) өз құзыреті шегінде біліктілік деңгейін арттыру;
15) бөлімше құзыреті шегінде көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту және арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
16) тәуекелдерді азайту, осы лауазымдық міндеттерді іске асыруға байланысты тәуекелдердің туындау профилактикасын жүзеге асыру;
17) өз құзыреті мен өкілеттіктері шеңберінде тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау мәселелері жөніндегі жұмыс топтары мен комитеттерге қатысуға;
18) бөлімше меңгерушісіне/ жетекшілік ететін басшыға талап етілген кезеңдегі қызметі туралы (ай, тоқсан, жыл және т.б.) есеп беру);
19) Бөлімшедегі барлық төтенше оқиғалар туралы және қабылданған шаралар туралы тікелей басшының назарына жеткізу;
20) бақылаудағы құжаттардың, басшылық тапсырмаларының, жоспарлы іс-шаралардың, Орталықтың комиссиясы шешімдерінің толық, сапалы және уақтылы орындалуын қамтамасыз ету;
21) бөлімшеде іс жүргізудің тиісті жүргізілуін бақылауды жүзеге асыруға;
22) Бөлімшенің/Орталықтың қызметіне ұлттық және халықаралық стандарттарды (JCI) енгізуді және қолдауды қамтамасыз ету;
23) қызметтік міндеттерін атқару кезінде ГАЖ-ны пайдалануды қамтамасыз ету;
24) Орталықта салауатты корпоративтік мәдениетті қамтамасыз ету және нығайту;
25) іскерлік этика қағидаларын және мінез – құлық ережелерін сақтау, моральдық-этикалық нормаларды ұстану;
26) еңбекке жарамсыздығы анықталған жағдайда денсаулық жағдайының ауырлығына байланысты жағдайлардан басқа, бұл туралы бөлімше меңгерушісіне және/немесе жетекшілік ететін басшыға еңбекке жарамсыздығы анықталған сәттен бастап бір тәуліктен кешіктірмей хабарлауға;
27) ішкі еңбек тәртібі, қауіпсіздік техникасы, еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, аспаптарды, жабдықтар мен тетіктерді техникалық пайдалану қағидаларының талаптарын сақтауға;
28) басқа менеджер болмаған кезде (демалыс, іссапар, уақытша еңбекке жарамсыздық және т.б.) оның міндеттерін атқарады (алмастырады).
29) бөлімшенің міндеттері мен функцияларына, Орталық басшылығының тапсырмаларына сәйкес өзге де міндеттерді орындауға міндетті.

Жұмыс режимі

5/2

Лауазымдық жалақысы

  59 461 теңгеден бастап

Талаптар

Білімі

«Клиникалық зертханашы» мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) медициналық білім

Мамандығы

"Зертханашы" маманы сертификаты, мүмкіндігінше біліктілік санатының болуы

Жұмыс өтілі

1 жылдан кем емес

Құзыреттер мен дағдылар

жүйелі ойлау, өз бетінше де, командада да жұмыс істей білу, жазбаша және ауызша коммуникацияның дамыған дағдылары

Лауазымдық міндеттері

1) Орталықтың Регламентін сақтау;

2) бөлімшелер туралы ережеге және лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес функционалдық міндеттерді орындау;

3) еңбек және орындаушылық тәртіпті сақтау;

4) науқастың төсегіндегі кезекшілікті ДАУ схемасы бойынша қабылдау (жағдай, алғышарттар, тексеру, ұсыныстар));

5) пациенттердегі сәйкестендіру білезіктерінің болуын тексеру;

6) медициналық қызмет көрсету кезінде бөлімшенің пайдаланылуы мен жұмыс істеуі үшін қажетті жабдықты, шығыс материалдарын тексеру;

7) құрал-жабдықпен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік техникасын сақтау;

8) механикалық және электр жабдықтарын дұрыс қосу;

9) медициналық жабдықты тестілеу парағына жаза отырып, медициналық жабдықтың жарамдылығына тестілеу жүргізу, аппаратура ақаулы болған жағдайда бөлімшенің аға мейірбикесіне хабарлау;

10) инвазиялық рәсімдерді жүргізу кезінде қандай да бір ауытқуларсыз нақты лауазымдық міндеттерге қатысты операциялық рәсімдердің стандарттарын сақтау;

11) талдауыштарда және қол әдісімен жұмыс істей білу

Жұмыс режимі

кесте бойынша

Лауазымдық жалақысы

кеңес өткізу қорытындысы бойынша

Контактілер

г.Астана/район Нура, ул.Керей и Жанибек ханов, 3.

+7 (7172) 70-29-74

+7 705 103 15 87

Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс., Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. (резюме үшін)

 

 

 

Байланыс деректері

 

Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. 

+7(7172) 70-29-74