Астана қ., Керей, Жәнібек хандар қ., 3 үй
Версия для слабовидящих


6. Зав. центром экспертной эндоскопии Батырбеков Канат УмирзаковичСараптамалық эндоскопия бөлімшесінің меңгерушісі - Қанат Өмірзақұлы Батырбеков, жоғары біліктілік санатты эндоскопист дәрігері, медицина ғылымдарының кандидаты, «Қазақ эндоскопия қоғамы» ҚБ президенті. 

Бірнеше рет Оңтүстік Корея мен Жапонияда, Германияда тағылымдамадан өтті, Тюмень мемлекеттік медицина университетінде аспирантураны сырттай бітірді.

Гастроэнтерология және пульмонология бойынша біліктілік емтихандарына арналған эндоскопия бойынша тесттілерді әзірлеуші, 30 ғылыми жарияланым мен әдістемелік ұсынымдардың авторы. 2016 жылдан бастап «Денсаулық сақтау үздігі» төсбелгісінің иегері.

Қызметтері мен міндеттері

  • консультациялық, жоғары мамандандырылған және мамандандырылған медициналық көмек көрсету
  • халықаралық тәжірибе, дәлелді медицина стандарттары мен ұсынымдары негізінде әртүрлі ауруларды емдеуге жаңа аз инвазивті рентгенохирургиялық және эндоскопиялық араласуларды практикаға енгізу
  • мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетудің жаңа тәсілдерін әзірлеу мақсатында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, клиникалық және ғылыми деректерді қорыту, оларды Орталықтың практикалық емдеу қызметіне енгізу
  • интервенциялық радиология және эндоскопия қызметі бөлінісінде қызметкерлердің біліктілігін арттыру және бөлімше жұмысын алдыңғы қатарлы шетелдік орталықтар деңгейінде ұйымдастыру

Қызмет түрлері:

  1. Диагностикалық, емдік эзофагогастродуоденоскопия
  2. Диагностикалық және емдік колоноскопия
  3. Диагностикалық және емдік бронхоскопия
  4. Эндоскопиялық гемостаз
  5. Бөгде денелер экстракциясы
  6. Эндоскопиялық полипэктомия
  7. Эндоскопиялық мукозрезекция
  8. Эндоскопиялық диссекция субмукозальды қабатта
  9. Эндоскопиялық ретроградты холангиопанкреатография
  10. Эндоскопиялық папиллосфинктеротомия
  11. Холедохтың тастарын механикалық алу
  12. Тоқ және аш ішектің, өңештің және өт шығару жолдарының стриктураларын эндоскопиялық баллондық дилатациялау
  13. АІЖ және ТБЖ қуыс органдарын эндоскопиялық стенттеу
  14. Трансбронхиальды биопсия және өкпенің перифериялық ісіктерінің кеуде лимфа түйіндерінің пункциясы;
  15. ВРВП эндоскопиялық байлау
  16. Коронарография және коронарлық артерияларды стенттеу
  17. Электрокардиостимуляторларды имплантациялау
  18. Бронх артерияларының эмболизациясы
  19. Әр түрлі веноздық катетерлер мен тері астындағы порттарды имплантациялау
  20. Көкбауыр артериясын және өңештің варикозды тамырларын эмболизациялау
  21. Әр түрлі локализациядағы ісіктерді химиоэмболизациялау
  22. Қан кету, аневризмалар кезіндегі тамырлардың эмболизациясы
  23. Тері арқылы жан-жақты дренаждау және өт жолдарын стенттеу
  24. Жатыр артерияларының эмболизациясы
  25. Қуық асты безінің эмболизациясы
  26. Баллонды дилатация және аяқ-қол артерияларын стенттеу
  27. Бүйрек артерияларын стенттеу
  28. Стент-графттарды кеуде және құрсақ қолқасына импланттау
  29. Ұйқы және омыртқалы артерияларды стенттеу
  30. Кава-фильтрді импланттау
  31. Әр түрлі локализациядағы ісіктердің радиожиілікті абляциясы

 

Байланыс телефондары:

Интервенциялық хирургия сұрақтары бойынша: +7 (7172) 702-900 (ішкі 1273).

Эндоскопия сұрақтары бойынша: 8(7172) 702 900 (ішкі 1028).