Астана қ., Керей, Жәнібек хандар қ., 3 үй
Версия для слабовидящих


Бөлім бастығы - Дюсетаев Дидар Бейбітұлы, қоғамдық денсаулық сақтау бакалавры, қоғамдық денсаулық сақтау магистрі.

 

Бөлімнің міндеттері:

  • Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласындағы саясатына сәйкес Серіктестікті дамытудың стратегиялық бағыттарын әзірлеу;
  • Серіктестіктің алға қойылған стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін іске асыру мониторингі;
  • Серіктестіктің дамуына әсер ететін ішкі ресурстарды, сыртқы факторларды талдау;
  • Серіктестіктің стратегиялық мақсаттарына жету үшін түзету және алдын алу іс-әрекеттерін жоспарлау, ұйымдастыру және бақылау;
  • Серіктестік қызметінің бағыттары бойынша стратегиялық даму жоспары шеңберінде жобаларды іске асыруды үйлестіру;
  • Серіктестіктің тиісті жылға арналған жұмыс жоспарын іске асыру;
  • Серіктестік қызметінің негізгі бағыттары бойынша есеп дайындау;
  • Халықаралық байланыстарды ұйымдастырушылық және ақпараттық – талдамалық сүйемелдеуді орнату, Серіктестіктің беделін және оң имиджін ұлттық және халықаралық ауқымда нығайтуға жәрдемдесу;
  • Бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік билік органдарымен, шет елдермен, әртүрлі ұйымдық-құқықтық нысандағы шетелдік және халықаралық ұйымдармен, әлеуметтік институттармен өзара іс-қимыл жасау;
  • Халықаралық ынтымақтастық шеңберінде Серіктестіктің жауапты тұлғаларына, сондай-ақ шетелдік серіктестерге визалық қолдауды қамтамасыз ету.
Жүктелген міндеттерге сәйкес бөлім мынадай функцияларды жүзеге асырады:
  • Серіктестіктің стратегиялық даму жоспарын әзірлеу;
  • Серіктестіктің стратегиялық бағыттары мен мақсаттарының денсаулық сақтау саласындағы стратегиялық мақсаттарға сәйкестігін үйлестіру;
  • Серіктестік қызметінің бағыттары бойынша стратегиялық құжаттарды әзірлеуді үйлестіру;
  • Басқарма мүшелері қызметінің тиісті жылға арналған негізгі көрсеткіштерін әзірлеу;
  • ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде Серіктестіктің Басқарма мүшелері қызметінің негізгі көрсеткіштерін бекіту;
  • Серіктестіктің ағымдағы жағдайы, даму динамикасы, стратегиялық даму бағыттарын іске асыру нәтижелері туралы ақпаратты жинауды, жинақтауды, өңдеуді және талдауды жүзеге асыру;
  • Стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу және міндеттерді іске асыру бойынша құрылымдық бөлімшелердің қызметін бағалауды жүргізу;
  • Серіктестіктің стратегиялық мақсаттарына, қызметінің негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізу және даму басымдықтарын іске асыру туралы есепті әзірлеу;
  • Бөлімнің тиісті функциялары бойынша Серіктестіктің ішкі нормативтік құжаттарын әзірлеу;
  • Серіктестіктің халықаралық байланыстарын орнату, дамыту және нығайту жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және бақылау, халықаралық байланыстарды ұйымдастырушылық және ақпараттық-талдамалық сүйемелдеуді қамтамасыз ету, Серіктестіктің ұлттық және халықаралық ауқымдағы беделі мен оң имиджін нығайтуға жәрдемдесу;
  • Бөлім қызметінің бағыттары бойынша жедел анықтамаларды, баяндамаларды және басқа да есептік құжаттарды дайындауды және ұсынуды ұйымдастыру;
  • Бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік билік органдарымен, шет елдермен, әртүрлі ұйымдық-құқықтық нысандағы шетелдік және халықаралық ұйымдармен, әлеуметтік институттармен өзара іс-қимыл жасау;
  • Шетелдік әріптестер арасында серіктестік базасын кеңейту саласында Серіктестіктің сыртқы саясаты бойынша ұсыныстар әзірлеуді ұйымдастыру, Серіктестік мамандарын даярлау және стратегиялық ынтымақтастық мәселелері бойынша ынтымақтастықты орнату мен дамытудың орындылығына негіздеме беру;
  • Серіктестіктің халықаралық ынтымақтастық саласындағы сыртқы және ішкі саясатын іске асыруға бағытталған іс-шараларды дайындау және өткізу;
  • Серіктестік қызметі туралы ақпараттық материалдарды шетелдік серіктестер арасында таратуды қамтамасыз ету;
  • Осы Ережеден туындайтын және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына қайшы келмейтін өзге де функцияларды жүзеге асыру.

 

Бөлім құрамы

  1. Акадилова Акерке Есенбаевна – бас маман, қоғамдық денсаулық сақтау бакалавры, білім беру бағдарламасы бойынша білім магистрі (Биология);
  1. Муксулов Дамир Абаевич – бас маман, денсаулық сақтау менеджменті бакалавры, MBA (денсаулық сақтау менеджменті).

 

Байланыс ақпараттары

Жұмыс телефоны: +7 7172 702-905 (1416 )

Электрондық поштаБұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.