Астана қ., Керей, Жәнібек хандар қ., 3 үй
Версия для слабовидящих


4abbbb4b bcca 494d a6e7 0b48ea667030Цитологиясымен патоморфология орталығының меңгерушісі - Болсынбекова Салтанат Оразалиқызы, жоғары біліктілік санатты патологоанатом дәрігері. Жұмыс өтілі 27 жыл. Біліктілікті арттыруды Ресейде, Жапонияда, Израильде, Бельгияда, Германияда, Түркияда өтті. Жыл сайынғы онкоморфологиялық диагностикаға (Швейцария, Испания, Италия, Германия, Түркия) арналған халықаралық конференцияларға, съездерге және тренингтерге қатысады. «Отличник Здравоохранения» және «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгілерімен марапатталған.

Цитологиясымен патоморфология орталығының негізгі міндеттері:

  • Диагностикалық биопсияларды жүргізу кезінде алынған биопсиялық материалды зерттеу (эндоскопиялық биопсия, трепанбиопсия, жатыр қуысынан қырып алу, паренхималық органдардың жұқа инелі биопсиялары және т.б.). Бұл зерттеудің мақсаты диагнозды анықтау және нақтылау;
  • Диагнозды, аурудың сатысын нақтылау, жүргізілген химиотерапиялық емнің тиімділігін бағалау; жүргізілген операцияның радикалдылығын бағалау мақсатында операциядан кейінгі материалды (резекцияланған және ампутацияланған органдар, тіндер) зерттеу;
  • Қайтыс болған науқастың ауру тарихын талдауды, мәйітті ашуды және жүргізілген емнің дұрыстығын бағалау үшін алынған нәтижелерді салыстыруды, емдеудің қандай да бір кезеңінде жіберілген қателерді анықтауды, өлімнің себебін анықтауды қамтитын аутопсиялық зерттеу жүргізу;
  • Операция көлемін нақтылау үшін операциялық араласу кезінде жедел биопсия;
  • Барлық локализациялар бойынша иммуногистохимиялық зерттеу;
  • Операциялық-биопсиялық материалға кеңес беру;
  • Әдіс шектеріне қол жетімді органдар мен жүйелерді цитологиялық зерттеу. 

 

Цитологиясымен патоморфология орталығының дәрігерлері:

Андреева Ольга Владимировна жоғары біліктілік санатты патологоанатом дәрігері. Жұмыс өтілі 21 жыл. Литвада біліктілігін арттырудан өтті.

Бөкеева Корлан Шәкірқызы жоғары біліктілік санатты патологоанатом дәрігері. Жұмыс өтілі 23 жыл. Біліктіліктігін арттыру Литвада, Беларуссияда, Израильде өтті.

Ганиева Ксения Тахировна бірінші біліктілік санатты патологоанатом дәрігері. Жұмыс өтілі 11 жыл. Біліктіліктігін  арттыру Беларуссияда өтті.

 Төлеубаева Алмагүл Амангелдіқызы жоғары біліктілік санатты цитолог дәрігері. Жұмыс өтілі 22 жыл. Біліктіліктігін арттыру Ресейде өтті.

Селеусін Эльмира Мұратбекқызы патологоанатом дәрігері.Жұмыс өтілі 3 жыл. Біліктіліктігін арттыру Израильде өтті.

Досай Жақсыгүл Сайлауқызы патологоанатом дәрігері. Жұмыс өтілі 3 жыл. Біліктіліктігін арттыру Израильде өтті.

Жамболатов Руслан Орынбасарұлы жоғары біліктілік санатты патологоанатом дәрігері. Жұмыс өтілі 15 жыл. Біліктіліктігін арттыру Израильде өтті.

Кураш Светлана Михайловна жоғары біліктілік санатты патологоанатом дәрігері,  Жұмыс өтілі 23 жыл.

Иделева Сәуле Тұрсынқызы жоғары біліктілік санатты зертханашы гистолог. Жұмыс өтілі 28 жыл.

Кумекова Гүлнара Маратқызы жоғары біліктілік санатты аға зертханашы. Еңбек өтілі 30 жыл

Шакенова Айна Мұратқызы жоғары біліктілік санатты зертханашы гистолог. Жұмыс өтілі 21 жыл.

Жапарова Айнұр Әнуарбекқызы бірінші біліктілік санатты зертханашы гистолог. Жұмыс өтілі 13 жыл.

Гильмуллин Руслан Тахирович бірінші біліктілік санатты зертханашы  гистолог. Жұмыс өтілі 12 жыл.

Кребс Ирина Романовна жоғары біліктілік санатты зертханашы гистолог. Жұмыс өтілі 42 жыл.

Байхожаева Ләззат Жанайдарқызы жоғары біліктілік санатты зертханашы гистолог. Жұмыс өтілі 20 жыл.

Сарина Дария Мержатқызы жоғары біліктілік санатты зертханашы гистолог. Жұмыс өтілі 17 жыл.

Рысбаева Ақмарал Алпамысқызы жоғары біліктілік санатты зертханашы гистолог. Жұмыс өтілі 13 жыл.

Жансапова Әсемгүл Әмірқызы медициналық тіркеуші. Жұмыс өтілі 10 жыл.

WhatsApp Image 2023 02 21 at 09.17.00

WhatsApp Image 2023 02 21 at 09.16.58 1

 

Байланыс телефондары: + 7 7172 702-900 (ішкі 1381)

Call-орталығы:  + 7 7172 702-911.