Астана қ., Керей, Жәнібек хандар қ., 3 үй
Версия для слабовидящих


WhatsApp Image 2023 04 05 at 15.19.24

Орталық жетекшісі Худайбергенова Махира Сейдуалықызы, бірінші санатты клиникалық фармаколог, фармакология саласындағы биология магистрі, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі.

АҚШ, Оңтүстік Корея, Ресей, Түркияда білім алған.

Орталық құрамы:

Жанбаева Гүлнар Әмірқызы – провизор

Орталықтың міндеттері:

1) Орталықта медициналық көмектің сапасын және пациенттерді емдеу нәтижелерін жақсарту үшін дәрілік заттарды ұтымды пайдалануға қол жеткізу; клиникалық тиімділік, дәрілік терапияның қауіпсіздігін жақсарту 

2) қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің, директивалардың талаптарын ескере отырып, бейіні бойынша  дәрілік заттарды ұтымды пайдалануды ішкі бағалауды ұйымдастыру

3) басшылықты, медициналық персоналды, пациенттерді дәлелді медицина қағидаттарына негізделген дәрілік терапияның ұтымды тәсілдері, терапиялық және экономикалық орындылығы туралы объективті ақпаратпен қамтамасыз ету;

4) Орталық қызметінде ұлттық және халықаралық стандарттарды енгізу және қолдау.

5) Орталықтың Дәрілік формулярын әзірлеуге қатысу;

6) Орталықтың клиникалық құрылымдық бөлімшелерінде ұтымды фармакотерапия принциптерін енгізу.

Орталықтың функциялары:

1) медициналық персоналды дәрілік заттарды  қолдану мәселелері бойынша ақпараттандыру және консультация беру;

2) медициналық персоналдың кәсіби деңгейін және дәрілік заттарды таңдау, дозалау режимі, өзара әрекеттесу, болжамды жағымсыз әсерлер туралы хабардарлығын арттыруға бағытталған іс-шараларды жүргізу;

3) дәрілік заттардың қолданылуына сараптама, талдау және бағалау жүргізу, фармакологиялық қадағалауға қатысу;

4) Орталықтың Дәрілік формулярын әзірлеуге және бекітуге қатысу;

5) клиникалық құрылымдық бөлімшелерде дәрілік заттарды тағайындау және енгізу қағидаларының сақталуын бақылау;

6) дәрілік препараттарды қауіпсіз және ұтымды тағайындау мақсатында фармакотерапияны жүйелі талдау, дәрілік терапияның әсерін, оның ішінде жанама әсерлерін бақылау.

Байланыс үшін байланыстар: +7 (7172) 702-900 (ішкі.1012)

Байланыс орталығы: +7 (7172)702-911.