Астана қ., Керей, Жәнібек хандар қ., 3 үй
Версия для слабовидящих


Адам ресурстары жөніндегі басқарушы директоры - Танакулов Иса Турлыбекұлы

Адам ресурстарын басқару бөлімі

Бөлімнің құрылымы:

Бөлім бастығы – Тулеуова Меруерт Танатқызы

Бас маман

Жетекші маман

HR- менеджер

Бөлімнің міндеттері:

  • заңдылықты нығайтуға жәрдемдесу және Орталықтың ішкі нормативтік құқықтық актілерінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін, Орталықтың Қазақстан Республикасы заңнамасының дұрыс және біркелкі қолданылуын қамтамасыз ету;
  • Орталықтың норма шығармашылық қызметін талдау және Басқарма төрағасына оны жетілдіру және анықталған кемшіліктерді жою жөнінде ұсыныстар енгізу;  
  • Орталық қызметкерлерінің еңбек тәртібін, ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтауына бақылауды ұйымдастыру;
  • Орталықта кадрлық іс жүргізуді, кадрлық есепке алуды дұрыс және уақтылы ұйымдастыру;
  • персоналды басқару жүйесін енгізу, Орталықты жоғары білікті мамандармен жасақтауға бағытталған кадр саясатын іске асыру, кадрларды орналастыру және пайдалану, кадр резервін қалыптастыру, персоналды бейімдеу;    
  • Бөлімнің құзыреті шегінде адам ресурстарын басқару стратегиясын және тактикасын іске асыру, персонал санын және Орталықтың құрылымын оңтайландыру;
  • еңбек тәртібін қамтамасыз етуге, қызметкерлер қызметінің тиімділігін бағалауды жүргізуге байланысты қызметті ұйымдастыру;
  • қызметтік ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету;
  • Орталық қызметіне ұлттық және халықаралық стандарттарды (JCI) енгізу және қолдау.

Жүктелген міндеттерге сәйкес Бөлім мынадай функцияларды жүзеге асырады:

  • құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен бірлесіп кадрларға ағымдағы қажеттілікті айқындау, Орталықтың кадр саясатын әзірлеу;
  • кадрлардың біліктілігін, жеке және іскерлік қасиеттерін бағалау негізінде оларды іріктеу және орналастыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
  • қызметкерлерді және олардың қызметінің нәтижелерін кешенді бағалау, персоналды қызметтік-кәсіби ілгерілету жүйесін әзірлеуге қатысу;
  • Орталықта кадрлық іс жүргізуді дұрыс және уақтылы жүргізуді қамтамасыз ету;
  • құрылымдық бөлімшелер басшыларының кадр саясаты және персоналмен жұмыс мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын және Орталық басшылығының ұйымдастырушылық-өкімдік актілерін орындауын бақылау;
  • еңбек тәртібін нығайту, кадрлардың тұрақтамауын, жұмыс уақытын жоғалтуды кеміту жөніндегі іс-шараларды әзірлеу;
  • персоналды есепке алу және кадрлармен жұмыс жөніндегі есептілікті уақтылы тапсыруды қамтамасыз ету;
  • Орталық қызметінің заңдылығын сақтауды қамтамасыз ету және оның мүдделерін қорғау;
  • бұйрықтардың, нұсқаулықтардың, ережелердің, үлгілік шарттардың, стандарттардың, нормативтік-құқықтық актілердің және Бөлім қызметін регламенттейтін өзге де құжаттардың жобаларын әзірлеу;
  • кадрларды есепке алу жүйесін әзірлеу және персоналды статистикалық есепке алуды жүргізу;
  • Орталықтың ұйымдық құрылымы мен штаттық кестесін әзірлеуге және жетілдіруге қатысу;
  • Қазақстан Республикасының ведомстволық және мемлекеттік наградаларымен марапаттауға ұсынылған қызметкерлерге материалдар дайындайды;
  • қызметкерлердің дербес және әскери есебін жүзеге асырады;
  • 1 С (ЕПБ) бағдарламасында қызметкерлердің деректерін жүргізу бойынша бағдарламалық қамтамасыз етудің жұмысын, 1 С (ЕПБ) бағдарламасын сүйемелдеу бойынша қызмет көрсетуші ұйыммен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді;
  • тәртіптік комиссияның, еңбек өтілін есептеу жөніндегі және Орталықтың басқа да комиссияларының жұмысын ұйымдастыру;
  • Орталықтың консультативтік-кеңесші органдарының жұмысына қатысу;
  • Орталық қызметкерлеріне еңбек заңнамасы, ішкі тәртіп, этика, кадрлық іс жүргізу бойынша әдістемелік және консультативтік көмек көрсету;
  • қызметтік міндеттерді орындаумен байланысты бастапқы құжаттаманың тиісті сақталуын жүзеге асыру және оларды белгіленген тәртіппен ведомстволық мұрағатқа тапсыру.  

Байланыс телефондары: 8 (7172) 702 - 874 (ішкі 2920).