Астана қ., Керей, Жәнібек хандар қ., 3 үй
Версия для слабовидящих


2. Зав. Многопрофильного платного отделения Колдыбаева Сауле СафаровнаБөлімше меңгерушісі - Сәуле Сафарқызы Қолдыбаева, жоғары біліктілік санатты гинеколог дәрігері, медицина ғылымдарының кандидаты.

Бөлімше 2015 жылғы 1 маусымда құрылды, көп бейінді болып табылады, жоспарлы түрде де, шұғыл түрде де стационарлық көмек көрсету үшін барлық қажетті жағдайларға ие. Бөлімше дәрігерлері пациенттер үшін қолайлы жағдай жасай отырып, кең ауқымды хирургиялық, терапиялық аурулары бар пациенттерге диагностика және ем жасайды. Әрбір пациентке жеке тәсіл қолданылады, медициналық персоналдың қамқорлығы мен назары аударылады.

 

Бөлімшенің мақсаттары мен міндеттері:

  • Әртүрлі аурулары бар пациенттерге консультациялық, жоғары мамандандырылған, мамандандырылған медициналық көмек көрсету
  • Терапиялық және хирургиялық аурулардың кең спектрі бар пациенттерге толық диагностикалық, консультациялық, емдік көмек көрсету
  • Терапиялық және хирургиялық ауруларды диагностикалау мен емдеудің бірегей және инновациялық әдістерін енгізу, эстетикалық медицинаны дамыту, медициналық қызметтер мен госпитальдық сервис көрсету сапасын арттыру
  • Бөлімше қызметінде медициналық көмек көрсетудің ұлттық және халықаралық стандарттарын енгізуді және қолдауды қамтамасыз ету
  • ҚР, алыс және жақын шетелдерден пациенттерді тарту

Байланыс деректері:

Электрондық адрес: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Телефон: + 7 717 2 70 29 11 (ішкі 1429, 1352, 1457, 1094, 1287),

Менеджер Лаула Дихантайқызы Оспанова

Тел.: + 7 771 050 9595.