ІС ЖҮРГІЗУ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ СЕКТОРЫ
Іс жүргізу және мемлекеттік тілді дамыту секторы Орталықтың құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Өз қызметінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын, Орталықтың жарғысын, Орталықтың басқару органдарының шешімдерін және Орталықтың басқа да ішкі құжаттарын басшылыққа алады.
Сектордың міндеттері:
- Орталықтың құжаттандыру және құжаттаманы басқару қағидаларына сәйкес іс жүргізу және мұрағаттау бойынша жұмысты ұйымдастыру;
- Орталықта мемлекеттік тілді дамыту және енгізу бойынша жұмысты ұйымдастыру;
- Орталықтың құжаттарын құжаттамалық қамтамасыз ету және мұрағаттаудың бірыңғай тәртібін қамтамасыз ету;
- Орталықтың іс жүргізуінде мемлекеттік тілді дамыту;
- Сектор қызметінде ұлттық және халықаралық стандарттарды (JCI) енгізуді және қолдауды қамтамасыз ету.
Қызметтері:
- Жүктелген міндеттерге сәйкес Сектор мынадай функцияларды жүзеге асырады:
- Орталықта ағымдағы іс қағаздарды жүргізу;
- Келіп түсетін және жөнелтілетін хат-хабарды уақтылы өңдеуді қамтамасыз ету, оны электрондық пошта және пошта қызметтері арқылы мақсаты бойынша жөнелту (құжатты орындаушы алушының индексін және толық заңды мекен-жайын уақтылы және дұрыс ұсынған жағдайда);
- Құжаттардың орындалу мерзімін (құжатта белгіленген мерзім болған жағдайда), олардың дұрыс ресімделуін бақылау;
- Ағымдағы іс жүргізу құжаттарын тіркеу, есепке алу, сақтау және тиісті құрылымдық бөлімшелерге беру бойынша жұмыс;
- Орталықтың құжаттау және құжаттаманы басқару қағидаларын әзірлеу және оларды енгізу;
- Сектор істерін қалыптастыру, сақтау және Орталықтың мұрағатына уақтылы тапсыру;
- Орталықтың мұрағат қорын қалыптастыру;
- Істер номенклатурасына сәйкес Орталықтың мұрағатына ұзақ мерзімді және тұрақты сақталатын істерді қабылдау кестесін жасау және бекіту; құрылымдық бөлімшелер басшыларының өтінімдері бойынша құрылымдық бөлімшелердің істер тізімдемесі бойынша тұрақты сақталатын құжаттардың көшірмелерін өндірістік мақсаттарда қабылдау, өңдеу және беру;
- Құрылымдық өзгерістерге сәйкес істердің жиынтық номенклатурасын жасау және оны түзету;
- Орталықтың іс жүргізуінде мемлекеттік тілді дамыту бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.
Сектор қызметкерлері:
- Слямшарифова Бакыт Максутовна - іс жүргізу жөніндегі бас маман.
- Бекмырза Қарашаш Сайфуллақызы – мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі жетекші маман.
Байланыс телефоны: 8(7172)702-944 (ішкі тел 15-25)
Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс., Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.