Басқарма төрағасының ғылыми және білім беру қызметі жөніндегі орынбасары – Шалекенов Санжар Болатұлы
Білімі:
1999 - 2005 ж.ж. – С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, емдеу факультеті, мамандығы «Емдеу ісі»
2005 - 2006 ж.ж. – С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, «хирургия» мамандығы бойынша интернатура
2006 – 2008 ж.ж. – АГИУВ, урология кафедрасы, «урология» мамандығы бойынша клиникалық ординатура
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, мамандығы бойынша санаты:
Медицина ғылымдарының кандидаты, бірінші санатты уролог-дәрігер, Phd - Doctor der Medizin (Германия), «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша MBA. Урология мамандығы бойынша жоғары санатты дәрігер.
Германия, Италияның жетекші клиникаларында біліктілікті арттыру.
Бөлімніңі мақсаты:
Ғылыми, ғылыми-зерттеу қызметін үйлестіру, жаңа ғылыми жобалар мен бағыттарды іздестіру, ғылыми жұмыстарды ақпараттық-консультациялық қолдау, әлемдік медицина ғылымының қазіргі заманғы тәжірибесін зерделеу, ғылыми қызмет нәтижелерін практикаға енгізу болып табылады.
Бөлімнің міндеттері:
- Серіктестіктің ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметін, дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың клиникалық зерттеулерін ұйымдастыру, үйлестіру, әдіснамалық қамтамасыз ету және мониторингілеу;
- іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу;
- ғылыми-зерттеу жұмыстары мен клиникалық зерттеулерді жүргізу кезінде зерттеуге қатысушылардың (пациенттер, медициналық персонал, зерттеушілер) қауіпсіздігін сақтауды қамтамасыз ету, оны жетілдіру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар енгізу; Серіктестіктің жергілікті этикалық комиссиясының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
- Серіктестіктің ғылыми-зерттеу жұмыстары шеңберінде жүргізілетін ғылыми зерттеулердің дизайнын жасауда және ғылыми материалды математикалық өңдеуде Орталық қызметкерлеріне консультациялық және қолданбалы көмекті қамтамасыз ету;
- ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижесінде құрылатын Серіктестіктің зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау және коммерциялық сату үшін жағдайларды қамтамасыз ету;
- ғылыми-зерттеу жұмыстары саласындағы ұйымның сыртқы және ішкі саясатының тұжырымдамасын әзірлеу.
Бөлімнің құрамы:
Сапарбай Жамиля Жұмабекқызы – бөлім бастығы, MD, PhD, трансплантолог дәрігері.
Білімі:
2004 – 2010ж.ж. - С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, емдеу факультеті, мамандығы «Емдеу ісі»
2010 – 2011 ж.ж. – Астана медицина университеті, «хирургия» мамандығы бойынша интернатура
2011 – 2014 ж.ж. – Ұлттық ғылыми медициналық орталық, «Жалпы хирургия» мамандығы бойынша резидентура
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, мамандығы бойынша санаты: трансплантолог дәрігері, Phd докторы, Хиросима университеті, Жапония
Жахина Гүлнұр Талғатқызы – бас маман, BS in Biological Sciences.
Білімі:
2015-2019 ж.ж. – Назарбаев университеті, биология ғылымдарының бакалавры,
2019-2021 ж.ж. - Назарбаев университеті, қоғамдық денсаулық сақтау магистрі
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, мамандығы бойынша санаты:
Хамзина Сәуле Сансызбайқызы – бас маман, MD, хирург дәрігері.
Білімі:
2006 – 2012 ж.ж. – Астана медицина университеті, емдеу факультеті, «Емдеу ісі» мамандығы
2012 – 2013 ж.ж. – Астана медицина университеті, «хирургия» мамандығы бойынша интернатура
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, мамандығы бойынша санаты: бірінші санатты хирург дәрігері.
Біліктілікті арттыру:
2020ж. – Сеул ұлттық университетінің госпиталі, тағылымдама.
Байланыс:
Бөлімнің эл. поштасы: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.