АҚ, ТЖ, өртке қарсы және радиациялық қауіпсіздік секторы Орталықтың құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Өз қызметінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын, Орталықтың жарғысын, Орталықтың басқару органдарының шешімдерін және Орталықтың басқа да ішкі құжаттарын басшылыққа алады.
Сектордың мақсаттары мен міндеттері:
- Қолданыстағы нормативтік – директивтік, ұйымдастырушылық – құқықтық, өкімдік және басшылық құжаттардың талаптарын ескере отырып, жоғары технологиялық медициналық қызметті және бейін бойынша пациенттерге мамандандырылған медициналық көмекті орындау үшін орталық қызметкерлерінің қауіпсіз еңбек жағдайларын ұйымдастыру және уақтылы қамтамасыз ету;
- Орталық қызметіне ұлттық және халықаралық стандарттарды (GPP, JCI) енгізуді және қолдауды қамтамасыз ету;
- Қауіп факторларын және оларды Орталықта іске асырудың салдарларын анықтау және алдын алу;
- Тәуекелдерді азайту, тәуекелдердің алдын алуды жүзеге асыру;
- Өрт қауіпсіздігі, сондай-ақ еңбекті қорғау қауіпсіздігінің жай-күйіне ағымдағы ішкі аудит жүргізу;
- Төтенше жағдайларды жою бойынша іс-шараларды дайындау және өткізу;
- Инженерлік құрылымдарды құру және ұстау, оларды техникамен, мүлікпен және жарақтармен жабдықтау.
Сектор құрамы:
- Сеитов Ерлан Ермуратович - өрт қауіпсіздігі жөніндегі инженер
Байланыс телефоны: 8(7172)702-919 (вн.2919)