Астана қ., Керей, Жәнібек хандар қ., 3 үй
Версия для слабовидящих


1. Зав.многопрофильнойхирургии Ускенбаев Талгат АйтбаевичКөп бейінді хирургия орталығының меңгерушісі - Өскенбаев Талғат Айтбайұлы, жоғары білікті санатты хирург дәрігері, онколог, медицина ғылымдарының кандидаты.

Бөлімнің қызметтері:

  • Қатерлі ісіктері және жалпы хирургиялық патологиялары бар пациенттерге толық диагностикалық, консультациялық, емдік көмек көрсету;
  • Әлемдік стандарттарға сәйкес заманауи және инновациялық технологияларды пайдалану;
  • Кеуде қуысы, іш қуысы және ішперде артындағы кеңістік мүшелерінің қатерлі ісіктерін хирургиялық және аралас емдеудің жаңа технологияларын әзірлеу және енгізу.

Қызметтер спектрі

  • Қалқанша безінің, көмейдің, сілекей бездерінің, өңештің, іш сырты безінің, өкпенің, асқазанның, аш, тоқ және тік ішектің қатерлі ісіктерін, ретроперитонеальді кеңістіктің бөлінбеген ісіктерін және алдыңғы іш қабырғасының ісіктерін хирургиялық емдеу. Операциялар әлемдік стандарттарға сәйкес заманауи техникалық жабдықтау жағдайында жоғары кәсіби деңгейде орындалады.
  • Тері мен тіндердің тыртықты деформациясы, трофикалық жаралар мен қысымның жаралары кезіндегі реконструктивті-қалпына келтіру операциялары. Трофикалық жараларды емдеуде мамандар жасушалық технологиялар мен биоинженерлік тәсілдерді қолдану арқылы 100% сауығуға қол жеткізеді.
  • ЛОР-операциялардың барлық спектрі (есту қабілетін жақсарту, тонзилэктомия, эндоскопиялық полисинусотомия, септопластикамен мұрын септумының субмукозалы резекциясы, трахеостомия, конхотомия)
  • Жаңа технологияларды пайдалана отырып, онкоурологиялық ауруларды қоса алғанда, несеп-жыныс жүйесі аурулары кезінде жоғары мамандандырылған көмек көрсету.
  • Бөлімшенің ерекшелігі перитонеалдық канцероматозы бар пациенттерді гипертермиялық интраперитонеалдық химиоперфузия әдісін қолдану арқылы емдеу болып табылады. Бөлімше мамандары елімізде алғаш рет емдеудің осы технологиясын енгізді.

Дәрігерлік персонал:

  • Сұлтаналиев Тоқан Анарбекұлы – хирургия бойынша бас консультант, медицина ғылымдарының докторы, профессор.
  • Әбуғалиев Қабылбек Ризабекұлы - реконструктивті хирург, комбустиолог, жоғары білікті санатты дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты;
  • Дигай Александр Константинович - жоғары білікті санатты хирург дәрігері, торакальды хирург, маммолог, онколог;
  • Керімқұлов Алтай Қуанышбекұлы - жоғары білікті санатты хирург дәрігері, онколог;
  • Мамлин Мейрам Асқарұлы – хирург дәрігері, колопроктолог, онколог, жоғары білікті санатты дәрігер;
  • Қалибеков Нұртас Айдарғалиұлы – бірінші білікті санатты хирург дәрігері, торакальды хирург, онколог;
  • Серікбайұлы Дулат - бірінші білікті санатты хирург дәрігері, онколог, медицина магистрі;
  • Құрманов Талғат Аманжолұлы – жоғары санатты уролог дәрігері, медицина магистрі;
  • Мұғалбеков Шалқарбек Бәкірұлы – уролог дәрігері, жоғары санатты онколог;
  • Мұстафин Дәурен Дулатұлы – екінші білікті санатты уролог дәрігері;
  • Әділханова Ұлбала Маратқызы - жоғары білікті санатты ЛОР дәрігері;
  • Яхин Ержан Жансұлтанұлы - жоғары білікті санатты ЛОР дәрігері.

 

Байланыс телефондар: 8(7172) 702-900 (ішкі 12-59).