Бөлімше меңгерушісі - Керімбекова Гүлжан Рақымжанқызы, жоғары біліктілік санатты дәрігер.
Бөлімшенің мақсаттары мен міндеттері:
- ТМККК, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде, сондай-ақ ақылы негізде терапиялық және хирургиялық аурулардың кең спектрімен пациенттерге зертханалық-диагностикалық көмек көрсету
- Зертханалық диагностиканың ең тиімді, уақытылы әдістемелері мен технологияларын пайдаланып, пациенттерге бағыттағы тағайындауларға сәйкес жалпы клиникалық, гематологиялық, цитологиялық, биохимиялық зерттеулердің негізгі параметрлерінің тәулік бойы шұғыл және жоспарлы диагностикасын жүргізу
- Жаңа диагностикалық көмекті енгізу және қолданыстағыларын жетілдіру, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру, олардың мемлекеттік және халықаралық стандарттарға сәйкестігі
Қызмет көрсету спектрі:
- Терапиялық және хирургиялық аурулардың кең спектрімен пациенттерге диагностикалық көмек көрсету
- Жалпы клиникалық, гематологиялық, цитологиялық, биохимиялық зерттеулер жүргізу
- Арнайы алдын ала дайындықты талап ететін, сондай-ақ амбулаториялық-емханалық денсаулық сақтау ұйымдарында қолжетімді емес күрделі диагностикалық зерттеулер жүргізу
- Орталық пациенттеріне жоғары технологиялық медициналық қызмет және мамандандырылған медициналық көмек көрсету шеңберінде зертханалық зерттеулерді және ақылы негізде медициналық қызметтерді орындау
- Зертхана өзіне жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау барысында өз құзыреті шегінде Орталықтың барлық құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасайды
Жұмыс кестесі: тәулік бойы
Байланыс-тебефоны: 8(7172)701-460,
Call-орталық: +7 (7172) 702-911.