Тамыр хирургиясы орталығының меңгерушісі - Сағындыков Ирлан Нығметжанұлы, жоғары санатты ангиохирург дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты, Ұлттық ғылыми онкология орталығының Құрметті профессоры
Тамыр хирургиясы орталығы – жыл сайын әр түрлі тамыр бассейндерінде 800-ден астам операция жасалатын емдеу-диагностикалық бөлімше.
Дәрігерлік персонал:
- Сүлейменов Серік Сәрсенқанұлы – жоғары біліктілік санатты тамыр хирургі дәрігері, медицина ғылымдарының кандидаты
- Ақжігітова Меруерт Тұрыспекқызы - екінші біліктілік санатты тамыр хирург дәрігері
- Доғалбаев Ербол Қайратбекұлы – екінші біліктілік санатты тамыр хирург дәрігері
- Жұсұбалиев Ербол Ерікұлы – екінші біліктілік санатты тамыр хирург дәрігері
Тамыр хирургиясы орталығының функциялары:
- Әр түрлі тамыр ауруларын диагностикалау мен емдеуді ең заманауи деңгейде жүзеге асыру
- Орталықта қолқаның және магистральді артериялардың патологиясы кезінде ең күрделі хирургиялық араласулар орындалады. Сонымен қатар, тамыр хирургиясы орталығында көктамыр жүйсіенің патологиясы бар науқастарға толық көмек көрсетіледі
Қызметтердің негізгі түрлері:
Тамыр хирургиясы орталығында тамыр ауруларының диагностикасы, алдын-алу және емдеу жүргізіледі:
- Бас миын қанмен қамтамасыз ететін артериялар патологиясының диагностикасы (атеросклеротикалық стеноздар, патологиялық жиырылу, аневризмалық кеңею, спецификалық емес қолқа-артерит)
- Мойын химодектомалары - диагностика, хирургиялық араласу
- Аяқ-қол артерияларының диагностикасы және емі (стеноздар, Рейно ауруы)
- Қолқаның кеуде және іш бөлімдерін диагностикалау және емдеу (эндопротездеуді қоса алғанда)
- Қолқаның висцеральды тармақтарының стенотикалық зақымдануын диагностикалау және емдеу
- Бүйрек (реноваскулярлық) гипертензиясы кезінде операциялық араласулар (эндоваскулярлық қоса алғанда)
- Спецификалық емес қолқа-артериитпен (Такаясу ауруы) ауыратын науқастарды кешенді тексеру және емдеу
- Мықын артериялары мен аяқ артерияларының атеросклеротикалық зақымдануы кезіндегі диагностика және операциялық араласулар (соның ішінде эндоваскулярлық)
- Магистральды тамырлардың аневризмалары кезіндегі оперативтік араласулар
- Аяқ-қол ишемиясы ауыр науқастарды емдеу, аяқтың көктамыр қан ағымын артерияландыру операциялары
- Варикозды тамырлардың кеңеюі - диагностика, шағын инвазивті хирургия, склеротерапия
- Аяқ лимфедемасын диагностикалау және емдеу
- Гемодиализ үшін тамырлы қолжетімділікті қалыптастыру
Байланыс телефоны: 8(7172)702-900,
Call-орталық: 8(7172)702-911.