Астана қ., Керей, Жәнібек хандар қ., 3 үй
Версия для слабовидящих


Орталық басшысы Аждарова Нургуль Карымкулқызы.

Орталықтың міндеттері:

  • Серіктестіктің онкологиялық қызметінің жұмысын үйлестіру;
  • Ел халқына онкологиялық көмек көрсетудің тиімділігін арттыру;
  • Онкология саласындағы Серіктестіктің нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру;
  • ҚР-да 2018-2022 жылдарға арналған онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі кешенді жоспардың іс-шараларын іске асыру және мониторингілеу.
  • ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің онкологиялық қызметті дамыту саласындағы нормативтік-құқықтық актілеріне өзгерістер, толықтырулар, ұсыныстар енгізу;
  • Денсаулық сақтау саласындағы есеп-қисап құжаттаманы сапалы және уақтылы жүргізу бөлігінде Серіктестіктің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету;
  • Серіктестік пен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жоспарларына сәйкес өткізілетін ғылыми-практикалық конференциялар, симпозиумдар, семинарлар өткізуді ұйымдастыру;
  • Аурулардың алдын алуды қарастыратын емделушілер мен Серіктестік қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын насихаттау.

Жүктелген міндеттерге сәйкес Орталық мынадай функцияларды жүзеге асырады:

  • Онкологиялық науқастарды диагностикалау мен емдеуді жүзеге асыратын Серіктестіктің құрылымдық бөлімшелеріне ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсету;
  • Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдармен, сондай-ақ қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік органдармен, республикалық және өңірлік маңызы бар ұйымдармен қызметтегі өзара іс-қимыл және сабақтастық;
  • Онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі бағдарламалардың іске асырылуын мониторингілеу және бағалау;
  • Серіктестікте денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттаманы сапалы және уақтылы жүргізу бөлігінде құрылымдық бөлімшелердің қызметін үйлестіру;
  • Серіктестіктің денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеуге қатысу;
  • Серіктестік қызметінде ұлттық және халықаралық стандарттарды (JCI) енгізуді және қолдауды қамтамасыз ету;
  • Тәуекелдерді азайту, осы бөлім туралы ережені іске асырумен байланысты тәуекелдердің алдын-алуды жүзеге асыру;
  • Орталықтың салауатты корпоративтік мәдениетін қамтамасыз ету және нығайту;
  • Іскерлік этика қағидаларын және мінез-құлық қағидаларын сақтау, моральдық-әдептілік нормаларын сақтау;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыру.

Орталық құрамы: 

  • Хасенова Асел Сагитовна – бас маман, офтальмолог дәрігері, «Менеджмент» мамандығы бойынша магистратура;
  • Бугибаев Толеген Такежанович - бас маман, жалпы тәжірибе дәрігері, «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша медицина ғылымдарының магистрі;
  • Оспанов Алибек Серикжанович – жетекші маман, стоматолог дәрігері, «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша қайта даярлау.

Байланыс ақпараттары: 

Жұмыс телефоны: +7 7172 702-905 (1416 )

Электрондық пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.