Астана қ., Керей, Жәнібек хандар қ., 3 үй
Версия для слабовидящих


3. Зав. КДЦ Кусаинова Индира БериковнаБөлімше меңгерушісі - Индира Берікқызы Құсайынова, терапевт дәрігері, екінші біліктілік санаттағы кардиолог.

Бөлімшенің мақсаттары мен міндеттері:

  • ТМККК, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде, сондай-ақ ақылы негізде терапиялық және хирургиялық аурулардың кең спектрі бар пациенттерге диагностикалық, консультациялық, емдік көмек көрсету
  • Стационарды алмастыратын терапияға себеп болған негізгі ауруды дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды пайдалана отырып, медициналық манипуляциялар мен хирургиялық операциялар жүргізу жолымен емдеу
  • Медициналық көмек көрсетудің ұлттық және халықаралық стандарттарын енгізуді және қолдауды қамтамасыз ету

 Қызметтер спектрі:

  • ТМККК және МӘМС шеңберінде, сондай-ақ ақылы негізде және ерікті медициналық сақтандыру есебінен дәрігердің тексеріп-қарауы, медициналық көрсеткіштер бойынша кәсіби мамандардың кеңесі (терапевт, онколог, кардиолог, невропатолог, нефролог, гепатолог, гематолог, онкогематолог, физиотерапевт, маммолог, онкомаммолог, хирург, гепатобилиарлық хирург, торокалдық хирург, ангиохирург, травматолог–ортопед, уролог, онкоуролог, гинеколог, онкогинеколог)
  • Терапиялық және хирургиялық аурулардың кең спектрі бар пациенттерге диагностикалық, консультациялық, емдік көмек көрсету
  • Диагностика және емдеу хаттамаларына сәйкес диагностикалық қызметтер, оның ішінде зертханалық және патологоанатомиялық (операциялық және биопсиялық материалды гистологиялық зерттеулер, цитологиялық зерттеулер)
  • Операцияға дейінгі арнайы дайындықпен және реанимациялық қолдаумен аз инвазивті операциялар мен араласулар жүргізу
  • Арнайы алдын ала дайындықты талап ететін, сондай-ақ амбулаториялық-емханалық денсаулық сақтау ұйымдарында қолжетімді емес күрделі диагностикалық зерттеулер жүргізу
  • Қан препараттарын құюмен, қан алмастыратын сұйықтықтарды көктамыр ішіне құюмен, ерекше гипосенсибилизациялайтын терапиямен, күшті әсер ететін препараттарды (оның ішінде химиопрепараттарды) инъекциялармен, дәрілік заттарды буын ішіне енгізумен байланысты бақылау және емдеу
  • Медициналық манипуляциялар (биопсия, трепан биопсия, жұқа инелі аспирациялық биопсия (ЖАБ)
  • Шағын операциялық араласулар
  • Терінің ісіктерін кесу (папиллома, мең). Жұмсақ тіндердің ісіктерін алып тастау (атерома, липома)
  • Препараттарды көктамыр ішіне енгізу, көктамыр ішіне инфузия, бұлшықетішілік инъекциялар сияқты медициналық манипуляцияларды ақылы негізде, сондай-ақ ерікті медициналық сақтандыру шеңберінде жүргізу

 Күндізгі стационармен консультативтік – диагностикалық орталықтың жұмыс кестесі:

  • Дс, сс, ср, бс, жм сағат 08:00-ден – 17:00-ге дейін. үздіксіз.

Байланыс телефоны:

  • Call-Center: +7 (717) 270-29-11.