Жобалық кеңсе Нұр-Сұлтан қаласында «ҰҒОО» ЖШС жаңа емдеу корпусын салу жобасын іске асыру аясында құрылды. Жобалық кеңсенің құрамында келесі құрылымдық бөлімшелер бар:
- Құрылысты инженерлік сүйемелдеу бөлімі.
- Радиациялық онкология және ядролық медицинаны енгізу бөлімі.
- едициналық, зертханалық, талдау және технологиялық жабдықтармен жарақтандыруды ұйымдастыру бөлімі.
- Ғылыми-зерттеу блогын құру бөлімі.
- Ақпараттық технологияларды енгізу және цифрландыру бөлімі.
Қызметтің бағыттары:
- Ғимараттар мен құрылыстарды салуға, реконструкциялауға, күрделі жөндеуге эскиздер мен жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу;
- Жобалауға техникалық тапсырмаларды дайындауға қатысу;
- Құрылысқа рұқсат алуды сүйемелдеу;
- Жабдықтарды жинақтауға, ядролық медицина, сәулелік терапия, брахитерапия, протондық терапия, интервенциялық рентгенохирургия, сондай-ақ симуляциялық орталықтарына арналған жарақтандыруға, иммобилизациялайтын құралдар мен сәулелік терапияға арналған құрылғыларды, қашықтықтан және жанаспалы сәулелік терапияны дозиметриялық жоспарлауға арналған жүйелерді жинақтауға қатысты ҰҒОО құрылысының жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге қатысу;
- Радиациялық бақылау жүйесін жинақтауды әзірлеуге қатысу және келісу;
- Joint Commission International (JCI) халықаралық аккредиттеу шеңберінде алдыңғы қатарлы медициналық технологияларды, заманауи ауруханалық менеджментті, халықаралық сапа және қауіпсіздік стандарттарын енгізу;
- ҰҒОО-ның инновациялық стратегиясын әзірлеу және енгізу;
- ҰҒОО-ның инновациялық инфрақұрылымын дамыту;
- Инновациялық әзірлемелердің деректер банкін құру;
- Циклотронды–өндірістік кешенде протонды терапияны, радионуклидті диагностиканы, сәулелік терапияны, радиофармацевтикалық препараттарды (бұдан әрі-РФДЗ) өндіруді жүргізудің халықаралық стандарттарын зерделеу және енгізу;
- Медициналық ақпараттық жүйелерді дамыту жобаларын, Орталықтың ақпараттық жүйелерін енгізу және дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарларын әзірлеу;
- Медициналық ақпараттық жүйелерді дамыту жобаларының Орталықтың стратегиялық құжаттарына және Қазақстан Республикасының электрондық денсаулық сақтау тұжырымдамасына сәйкестігін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар дайындау;
- Орталық қызметіне ұлттық және халықаралық стандарттарды (JCI) енгізуді және қолдауды қамтамасыз ету.
«ҰҒОО» ЖШС құрылыс жобасын іске асыру туралы толығырақ мына жерден оқыңыз: https://mail.kz/ru/news/kz-news/kak-sozdavalsya-nacionalnyi-nauchnyi-onkologicheskii-centr-v-nur-sultane
Байланыс телефоны: 8(7172)702-935.