Астана қ., Керей, Жәнібек хандар қ., 3 үй
Версия для слабовидящих


7. Заведующий центром Умбетжанов Ерлан УрумбаевичОрталықтың меңгерушісі - Үмбетжанов Ерлан Үрімбайұлы, жоғары біліктілік санаттағы реаниматолог дәрігері.

АҚШ, Израиль, Түркия, Чехия, Ресейде біліктілігін арттырған.

«ҚР Денсаулық сақтау үздігі» кеуде белгісімен, ҚР Денсаулық сақтау министрінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

«Қазақ анестезиологтар және реаниматологтар қоғамы», «American Heart Association» ҚБ мүшесі.

 

 

Орталықтың міндеттері мен функциялары:

  • Ұлттық және халықаралық стандарттарға сәйкес Орталықтың пациенттеріне жоғары мамандандырылған және мамандандырылған медициналық көмек көрсету;
  • Көп бейінді клиника жағдайында пациенттерге жоғары мамандандырылған және мамандандырылған анестезиологиялық көмек көрсету;
  • Заманауи анестезияның барлық түрлерімен анестезия, кішігірім операциялар, манипуляциялар және зерттеу процедуралары кезіндегі анестезия;
  • Денсаулық сақтау ұйымының бөлімшелерінен келіп түсетін немесе санитариялық авиация желісі бойынша жеткізілген пациенттерде ауру, жарақат, операциялық араласу және басқа да себептер салдарынан тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерін қалпына келтіру және қолдау жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асыру;
  • Бейінді бөлімшеге немесе реанимация және қарқынды терапия бөлімшесіне ауыстырғанға дейін операциядан кейінгі ояту палаталарында операциядан кейінгі кезеңде науқастардың жай-күйін бақылауды жүзеге асыру;
  • Практикаға шұғыл жағдайдағы анестезиологиялық құралдың халықаралық стандарттарын енгізу арқылы медициналық көмек көрсетудің сапасы мен қауіпсіздігін арттыру;
  • Анестезиология және қарқынды терапия бойынша семинарлар мен оқыту курстарын өткізу;
  • Анестезиологиялық құралдың жаңа әдістерін әзірлеу мақсатында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, клиникалық және ғылыми деректерді қорыту.

Бөлім құрамы:

  • Үнісов Жарқын Дүйсембекұлы - орталықтың аға ординаторы, жоғары біліктілік санатты анестезиолог-реаниматолог дәрігері. Еңбек өтілі: 19 жыл. Оңтүстік Кореяда, Беларусияда біліктілігін арттырудан өтті. «ҚР Денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан үлесі үшін» белгісімен марапатталған. «Қазақ анестезиологтар және реаниматологтар қоғамы» ҚБ мүшесі.
  • Сакенова Әсел Серіктайқызы - трансфузиология мәселелері бойынша аға ординатор, бірінші біліктілік санатты трансфузиолог дәрігері. Ресейде біліктілігін арттырудан өтті.
  • Кусманов Марат Советович - жоғары біліктілік санатты реаниматолог дәрігері. Еңбек өтілі: 30 жыл. Ресейде біліктілігін арттырудан өтті. «ҚР Денсаулық сақтау үздігі» белгісімен марапатталған.
  • Кабиев Бауржан Кабдрашитович - жоғары біліктілік санатты реаниматолог дәрігері. Еңбек өтілі: 32 жыл. Қазақстанда біліктілігін арттырудан өтті.
  • Темиров Талгат Самиголлович - жоғары біліктілік санатты реаниматолог дәрігері. Еңбек өтілі: 18 жыл. Польшада, Ресейде біліктілігін арттырудан өтті.
  • Дубровская Ольга Владимировна - жоғары біліктілік санатты реаниматолог дәрігері. Еңбек өтілі: 13 жыл. Ресейде, Оңтүстік Кореяда біліктілігін арттырудан өтті. 
  • Торопеев Александр Владимирович - бірінші біліктілік санатты реаниматолог дәрігері. Еңбек өтілі: 9 жыл. Қазақстанда біліктілігін арттырудан өтті.
  • Ахметова Гульназ Еркиновна - бірінші біліктілік санатты реаниматолог дәрігері. Еңбек өтілі: 9 жыл. Қазақстанда біліктілігін арттырудан өтті.
  • Есеналин Назым Ергалиевич - бірінші біліктілік санатты реаниматолог дәрігері. Еңбек өтілі: 10 жыл. Оңтүстік Кореяда, Израильде, Түркияда біліктілігін арттырудан өтті.  
  • Лалиев Фархад Андарбекович - бірінші біліктілік санатты реаниматолог дәрігері. Еңбек өтілі: 8 жыл. Ресейде біліктілігін арттырудан өтті.
  • Нагиева Гульдана Ораковна - бірінші біліктілік санатты реаниматолог дәрігері. Еңбек өтілі: 11 жыл. Оңтүстік Кореяда біліктілігін арттырудан өтті.
  • Жумагулов Серик Самерович – реаниматолог дәрігері. Еңбек өтілі: 32 жыл. Ресейде біліктілігін арттырудан өтті.
  • Баубекова Халка Бейсембаевна - жоғары біліктілік санатты анестезиолог-реаниматолог дәрігері. Еңбек өтілі: 32 жыл; «ҚР Денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан үлесі үшін» белгісімен марапатталған. Литва, АҚШ, Түркияда біліктілігін арттырудан өтті.
  • Алпысбаев Арман Максатович - жоғары біліктілік санатты анестезиолог-реаниматолог дәрігері. Еңбек өтілі: 18 жыл; АҚШ, Израильде, Түркияда біліктілігін арттырудан өтті. 
  • Батырбекова Нургуль Айшигаровна - жоғары біліктілік санатты анестезиолог-реаниматолог дәрігері. Еңбек өтілі: 10 жыл; Ресей, Түркияда біліктілігін арттырудан өтті.
  • Измайлова Асима Сагатбековна – бірінші біліктілік санатты анестезиолог-реаниматолог дәрігері. Еңбек өтілі: 13 жыл. «ҚР Денсаулық сақтау үздігі» белгісімен марапатталған. Литвада, Түркияда біліктілігін арттырудан өтті.

Қызметтер спектрі:

  • Ағзаның функционалдық жүйелерінің ауыр бұзылулары бар науқастардағы терапия;
  • Науқастарды операциядан кейінгі ерте кезеңде емдеу;
  • Ағза мүшелері мен жүйелерінің бұзылған функцияларын ауыстыру (бауыр, бүйрек, тыныс алу жеткіліксіздігі, шок, қан ұю функциясының бұзылуы, көп қан жоғалту, инсульт, жүрек жеткіліксіздігі, коматоздық жағдайлар, тамақтану жеткіліксіздігінің ауыр түрлері, ауыр инфекциялар, сепсис); 
  • Организмнің негізгі өмірлік маңызды функциялары бұзылған неғұрлым ауыр пациенттерге қарқынды терапия жүргізу мәселелері бойынша стационарда және республика бойынша кеңес беру - қажет болған жағдайда біздің орталықтың базасында жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін республиканың әртүрлі өңірлерінен науқастарды санитариялық авиациямен тасымалдау;
  • Организмнен тыс тазарту әдістерімен емдеу жүргізу (гемодиализ, плазмоферез, қанның экстракорпоралдық оксигенациясы - жасанды өкпе, гемосорбция).
  • Науқасты кез келген күрделі операцияға дайындау мақсатында көрсеткіштерді анықтау және қажет болған жағдайда қарқынды терапия жүргізу;
  • Заманауи дәрі-дәрмектер мен соңғы үлгідегі тиісті жабдықтарды қолдана отырып, анестезияның барлық түрлерін жүргізу.
  • Анестезияның толық регрессиясына дейін ояту палатасында постнаркозды бақылау.
  • Анестезия және қарқынды терапия кезіндегі науқастың функционалдық жағдайын бақылау және анестезияның операциялық-анестезиологиялық қаупін бағалау;
  • Әртүрлі себептерге байланысты, соның ішінде емделмейтін аурулары бар науқастарға арнайы әдістерді қолдана отырып, ауырсынуды жою.
  • Қан мен оның компоненттерін алу, тасымалдау;
  • Қан тобы мен резус-факторды анықтау, антиэритроциттік антиденелер скринингі және кумбс тікелей сынамасы, резус және келл жүйесі бойынша эритроциттердің фенотипін анықтау;
  • Донор мен реципиент қанының үйлесімділігіне сынамалар;
  • Қанның реинфузиясын жүргізу.

Байланыс телефоны8 (7172) 702-947,

Анықтама: +77172 702-900,

Call-рталық: +77172 702-911.