ҰҒОО Басқарма төрағасы Гүлнара Құлқаева ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да Денсаулық сақтау министрлігінің сараптамалық брифингінде Орталықтың жаңа корпусы құрылысы жобасының іске асырылуы туралы айтып берді.
Құрметті достар!
12 мамыр - Халықаралық мейіргерлер күніне орайластырылған ҰҒОО-да мейіргер ісі мамандары арасында "Жас маман" кәсіби шеберлік байқауы басталды!
"Жас маман" байқауы екі кезеңде өткізіледі:
- кезең - алдын-ала (сырттай),
- кезең – қорытынды.
Қорытынды кезеңге конкурсқа қатысушының құрылымдық бөлімшедегі өндірістік қызметі туралы сюжеті бар өзі туралы бейнеролик – портфолио, әріптестер мен пациенттердің пікірлері (бірінші кезеңнің міндеті) ұсынылған 6 қатысушы өтеді.
Барлығы 3 жүлделі орын және 3 көтермелеу.
2021-2022 жылдарға арналған Ұлттық ғылыми онкология орталығының қызметкерлері мен пациенттері арасында салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде Орталық қызметкерлерінің дене белсенділігі мен спорттық жетістіктері туралы бейнеролик дайындалды.
ДДҰ деректері бойынша физикалық белсенділіктің пайдасына негізгі фактілер:
✅ физикалық белсенділік жүрек, ми және бүкіл адам ағзасының денсаулығын сақтау үшін айтарлықтай артықшылықтар береді.
✅ жүрек-тамыр аурулары, обыр және диабет сияқты инфекциялық емес аурулардың алдын алуға және емдеуге өз үлесін қосады;
✅ депрессия мен мазасыздық белгілерін азайтады;
✅ ойлау, оқу және сыни бағалау дағдыларын жақсартады;
✅ жастардың сау өсуі мен дамуына ықпал етеді;
✅ жалпы әл-ауқат деңгейін арттырады.
Бүгін "University Medical Center" корпоративтік қорында "Аманат" партиясы астаналық филиалының "Өркениет"филиалының партиялық активінің жиналысы өтті.
2 сәуірде Ұлттық ғылыми онкология орталығының консультативтік-диагностикалық орталығында Ашық есік күні өткізілді.
Іс-шара Дүниежүзілік денсаулық күні аясында өтті, ол адамның денсаулығы мен ұзақ өмір сүруіне қатысты мәселелерді көтеруге арналған.
Естеріңізге сала кетейік, 1948 жылғы 7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) туындаған күні, осы күні оның Жарғысы күшіне енді. 1950 жылдан бастап Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен бұл күні бүкіл әлемде Дүниежүзілік денсаулық күні атап өтіледі.
Бүгін ҰҒОО базасында "Онкогематология орталығында мейіргер ісі мамандары жұмысының ерекшеліктері. Арнайы білім және практикалық дағдылар. Қазіргі заманғы ұйым" тақырыбында тәжірибелік конференция өтті.
Холецистит - бұл өт қабының қабыну процесі. Патогенетикалық механизмнің негізі - өт шығуының бұзылуы және тоқырау. Көбінесе өт тас ауруының дамуымен бірге жүреді. Егде жастағы әйелдер бұл патологияға көбірек бейім.
Ұлттық ғылыми онкология орталығының қызметкерлері арасында салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру жөніндегі 2021-2022 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде ұзақтығы 10-15 минуттан аспайтын жұмыс күнінің бірінші жартысында өндірістік гимнастика жүргізіледі. Физикалық жаттығулар жиынтығы әр 3-4 апта сайын өзгереді, 2-3 минутқа созылатын жаттығудан және негізгі гимнастикадан тұрады.
Аталған іс-шараны өткізудің мақсаты қызметкерлердің жұмысқа қабілеттілігін арттыру, денсаулығын нығайту және шаршаудың алдын алу болып табылады.
Роликті сілтеме бойынша қараңыз: https://youtube.com/shorts/lwCpjSlF3sg?feature=share
Туыстық трансплантацияның ерекшеліктері көп. Донорды, яғни бауыр беретін адамды аман алып қалу керек. Сосын кейін бауырды салған кезде реципиентті аман алып қалу керек. Екі өмір үшін күресеміз. Әсіресе донордың өмірі ерекше. Өйткені ол денсаулығы жақсы, 100% ауырмаған адам. Оның өмірі алдыңғы қатарда тұрады.
Анарға донор болып 60% бауырын сыйлаған сіңлісі – Салтанат болды.
Толық материалды сілтеме бойынша оқыңыз: https://24.kz/kz/telepoject/diagnoz/item/535678-aza-standa-ansha-adam-a-za-almastyru-a-m-tazh-diagnoz
Сенбі, 2 сәуір күні сағат 9:00-ден 14:00-ге дейін Ұлттық ғылыми онкология орталығының клиникалық-диагностикалық орталығында Дүниежүзілік денсаулық күніне арналған Ашық есік күні өтеді.
Дүниежүзілік денсаулық күнін (7 сәуір) мерекелеу шеңберінде Ұлттық ғылыми онкология орталығы жыл сайын халықтың денсаулығын нығайтуға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған Ашық есік күнін өткізеді.
2 сәуірде өтетін Ашық есік күні қан тамырларының, кеуде қуысы мүшелерінің және абдоминальды аймақтың ісікалды ауруларын ерте анықтауға арналады.