Бүгін ҰҒОО базасында "Онкогематология орталығында мейіргер ісі мамандары жұмысының ерекшеліктері. Арнайы білім және практикалық дағдылар. Қазіргі заманғы ұйым" тақырыбында тәжірибелік конференция өтті.
Іс-шараны онкогематологиялық реанимациясымен онкогематология және СКТ орталығының, менеджмент және мейіргер ісін дамыту бөлімінің мейіргер ісі мамандары ұйымдастырды.
Конференцияның мақсаты онкогематологиялық аурулары бар пациенттерге медициналық көмек көрсету шеңберінде мейіргер мен пациенттің өзара іс-қимыл тәжірибесін; онкологиялық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету контекстіндегі мейіргер ісінің өзекті проблемаларын; сондай-ақ онкологиялық қызметтің қазіргі заманғы жағдайларында күтім көрсетудегі мейіргер ісі мамандарының рөлі мен орнын талқылау болды.
Конференцияға 90-нан астам тыңдаушы қатысты. Бұл Орталықтың басшылығы, ҚР ДСМ штаттан тыс бас онкогематологы, клиникалық және параклиникалық орталықтардың меңгерушілері, дәрігерлері, мейіргерлері және жетекші мамандар.
Модераторлар: Гүлмира Ғалымова - ҰҒОО мейіргер ісі жөніндегі басқарушы директор, Анаргүл Әбубәкірова - онкогематологиялық реанимациясымен онкогематология және СКТ орталығының бас мейіргері.
ҰҒОО Басқарма төрағасы Гүлнара Құлқаева құттықтау сөз сөйледі:
"Мейіргер онкологиялық медициналық көмек көрсетуде маңызды рөл атқарады.
Науқастарды емдеу жетістігінің 80%-ы - бұл дұрыс күтім, жүргізілген шұғыл емдеуден, сүйек кемігін трансплантаттаудан кейін пациентті күту. Пациенттерге күтім жасау кезінде кіші мейіргерлердің де рөлін арттыру өте маңызды. Мейіргерлер функцияларының бір бөлігін кіші медициналық персоналға берген кезде мейіргер персоналына жүктеме азаяды және пациентке күтім жасау сапасы жақсарады.
Сондықтан біз кіші медициналық қызметкерлерді оқытылған мамандар болуы үшін оқытуға тырысамыз."
Конференция жұмысында онкогематология орталығының мейіргер - баяндамашылары келесі 8 тақырып бойынша тыңдалды:
ОГР-мен онкогематология және СКТ орталығымен танысу;
Онкогематологиялық бөлімшедегі мейіргерлік күтімнің ерекшеліктері. Қазіргі заманғы ұйым;
Орталық веноздық катетерді орнату және күту кезіндегі мейіргер ісі маманының рөлі;
Колостома және оның күтімі;
Сүйек кемігін трансплантаттаудан кейінгі пациенттерге күтім жасау ерекшеліктері;
Мейіргер мамандарындағы эмоционалды күйзеліс синдромы;
Пациентпен қарым-қатынас және коммуникация ерекшеліктері;
Ісікке қарсы препараттар. Жоғары қауіпті дәрі-дәрмектермен жұмыс істеу ережелері;
Трансфузиялық терапия кезіндегі мейіргер ісі маманының міндеттері.
Өткізілген конференция мейіргер ісін ұйымдастырушылар мен тәжірибелік мейіргерлерге әріптестерімен кездесуге, өзекті жұмыс мәселелерін талқылауға, онкогематологиялық көмекті ұйымдастырудың түрлі аспектілері бойынша тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.
Барлық қатысушыларға ғылыми-практикалық конференциядан сәтті өткені туралы сертификаттар берілді.