ҰҒОО Басқарма төрағасы Гүлнара Құлқаева ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да Денсаулық сақтау министрлігінің сараптамалық брифингінде Орталықтың жаңа корпусы құрылысы жобасының іске асырылуы туралы айтып берді.
"Бүгінгі таңда ҚР ДСМ бекіткен Жол картасына сәйкес ҰҒОО жаңа корпусының құрылысы жүзеге асырылуда.
Орталықта диагностика мен емдеудің протондық, сәулелік, радионуклидтік, лазерлік терапия, сондай-ақ жасушалық иммунотерапия сияқты әдістері ұсынылады.
⠀
Ядролық медицина орталығында ерте диагностикалау және емдеу үшін радионуклидті фармацевтикалық препараттар (РФП) қолданылатын болады.
⠀
Ауруларды диагностикалау үшін 11 радиофармпрепарат (18F-фтор, 13N-азот, 11C-көміртек және 68Ga-галлий негізінде) қолдану жоспарлануда. Жылына 10000-ға жуық зерттеу жүргізу жоспарланып отыр. Диагностика БФЭКТ-КТ, ПЭТ-КТ, ПЭТ-МРТ аппараттарында жүзеге асырылады, бұл ретте ПЭТ-МРТ Қазақстанда алғаш рет ұсынылатын болады. Бұл ПЭТ пен МРТ-ны біріктіретін және екі зерттеуді бір мезгілде жүргізуге мүмкіндік беретін жаңа гибридті аппарат.
⠀
Онкологиялық ауруларды емдеу үшін радиойодтерапия қолданылады. Ядролық медицина орталығында радиофармпрепараттар өндірісі клиникалық қызметтен басқа онкологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеу әдістемелерін әзірлеу және жетілдіру бойынша ғылыми зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді.
⠀
Сәулелік терапия орталығында жылына шамамен 4000 пациентті қабылдау жоспарлануда.
Бұл орталықта сәулелік аппараттар паркінде ұсынылады:
4 сызықты үдеткіштер, оның ішінде:
2 ТrueВeamStx сызықты үдеткіші (2 ҚАЗОжРҒЗИ және АОО-да бар).
⠀
Қазақстанда алғаш рет қашықтықтан сәулелік терапияның бір түрі – протон терапиясы енгізіледі. Жылына 800-ге жуық пациентті емдеуге мүмкіндік беретін екі емшара бөлмесі бар заманауи циклотронмен жабдықталады. Протон терапиясының артықшылығы сау қоршаған тіндердің сәулелену қаупін барынша азайту болып табылады.
⠀
⠀
Енгізілетін және пайдаланылатын барлық жаңа технологиялар пациенттердің өмір сүру сапасын жақсартуға және ҚІ кезінде өміршеңдікті арттыруға, шетелге жіберілетін пациенттердің санын азайтуға мүмкіндік береді.
⠀
Болашақта медициналық туризм Орталықтың басым бағыттарының бірі болады, - деп өз сөзін аяқтады Гүлнара Құлқаева.
Материалды сілтеме бойынша қараңыз: https://youtu.be/j2CwWAAccVQ