Сенбі, 2 сәуір күні сағат 9:00-ден 14:00-ге дейін Ұлттық ғылыми онкология орталығының клиникалық-диагностикалық орталығында Дүниежүзілік денсаулық күніне арналған Ашық есік күні өтеді.
Дүниежүзілік денсаулық күнін (7 сәуір) мерекелеу шеңберінде Ұлттық ғылыми онкология орталығы жыл сайын халықтың денсаулығын нығайтуға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған Ашық есік күнін өткізеді.
2 сәуірде өтетін Ашық есік күні қан тамырларының, кеуде қуысы мүшелерінің және абдоминальды аймақтың ісікалды ауруларын ерте анықтауға арналады.
Барлық тілек білдірушілер тамыр хирургі, торакальды және абдоминальды онколог-хирург дәрігердің кеңесін тегін ала алады.
Өзімен бірге жеке куәлігі және жүргізілген медициналық зерттеулердің нәтижелері (олар болған жағдайда) болуы қажет.
⠀
Сапалы және уақытылы кеңес алу және эпидемияға қарсы шараларды сақтау үшін келесі ережелерді сақтауды сұраймыз:
⚜ алдын ала дәрігерге Сall-орталықтың телефоны бойынша жазылу қажет: 8-(7172)-702-911, 8-(7172)-702-900 және қабылдау уақытына келіңіз. Жазу жұмыс күндері жүргізіледі (дс.- жм.) сағат 8:00-ден 17:00-ге дейін;
⚜ еріп жүрушілердің, әсіресе балалардың санын азайтуды сұраймыз;
⚜ егер сізде ЖРВИ белгілері болса, өзіңізді нашар сезінсеңіз, дәрігерге Ашық есік күніне барудан бас тарту қажет, өйткені температурасы жоғары адамдар Ұлттық ғылыми онкология орталығының клиникалық-диагностикалық орталығына жіберілмейді;
⚜ Кез-келген қатерлі түзілімнің диагностикасы мен емін кешіктіруге болмайтынып ұмытпаңыз. Егер сізді күдік немесе күмән мазалайтын болса, шұғыл түрде дәрігерге баруға кеңес береміз.
⠀
Аман-сау болыңыз!