Ұлттық ғылыми онкология орталығы баршаңызды Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен құттықтайды!
Наурыз – іргесі сөгілмес бірліктің берекесі, ырысы төгілмес тірліктің мерекесі.
Жақсылықтың жаршысы, жаңа жылдың бастауы – Наурыз мейрамы елімізге құт - береке әкелсін!
Еліміз тыныштық-амандық, әрбір жаңа күн әр отбасына шат көңіл, бақыт және береке сыйласын!
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
16 наурызда Ұлттық ғылыми онкология орталығының мейіргер ісі қызметі өкілдерінің қатысуымен Журнал клубының отырысы өтті.
Клуб - медициналық әдебиеттерде жарияланған академиялық және ғылыми мақалаларды оқу, талқылау және бағалау үшін үнемі кездесетін ортақ мүдделерімен мейіргерлер тобы.
Магистр, мейіргер ісі секторының менеджері - Джамиля Зайнулина "Заманауи медицинада мейіргер ісі саласында ғылыми зерттеулер жүргізудің негіздері" тақырыбында баяндама жасады.
Отырыс барысында келесі мәселелер талқыланды: мейіргер ісінің міндеттері мен мақсаттары; дәлелді мейіргер тәжірибесінің тұжырымдамасы; "Мейіргер ісі басшыларының көшбасшылық тәжірибесі: сыни инцидент техникасы" мейіргер ісі саласындағы зерттеудің түрлері мен мысалдары.
Құрметті достар!
Ұлттық ғылыми онкология орталығы өз командасына мамандарды келесі бос лауазымдарға шақырады:
- терапиялық сипаттағы аға сарапшы дәрігер;
- мейіргер ісі жөніндегі сарапшы;
- медициналық оңалту секторының ЕДШ нұсқаушысы;
- сапа менеджменті және пациенттердің қауіпсіздігі бөлімінің бас маманы;
Ұлттық ғылыми онкология орталығы базасында "Онкологиялық орталықтың 2021 жылғы жұмыс қорытындылары және 2022 жылға арналған міндеттер" кеңесі өтті.
Жылдық есепті тыңдауға Басқарма төрағасы және оның орынбасарлары, құрылымдық бөлімшелердің басшылары және ҰҒОО клиникалық секторларының аға ординаторлары қатысты.
2021 жылдың қорытындысы бойынша: 7825 пациент ауруханаға жатқызылды, 4979-на операция жасалды.
Конгресс 11-15 наурыз аралығында Кирения қаласында (Солтүстік Кипр) өтті.
Конгресс аясында әртүрлі аурулар, соның ішінде онкологиялық аурулар кезінде эмболизациялық технологиялардың мүмкіндіктері кеңінен айтылды. Баяндамалардан басқа, әлемнің жетекші мамандары көптеген мастер-класстар, интерактивті сессиялар, пікірсайыстар өткізді. Ұлттық ғылыми онкология орталығынан конгресс жұмысына Интервенциялық радиологияның аға ординаторы, ангиохирург дәрігер, флеболог Азат Шыналиев қатысты.
5 наурызда Ұлттық ғылыми онкология орталығында Ашық есік күні өтті, онда 22 әйел онколог-гинеколог және УДЗ жетекші мамандарынан профилактикалық тексеруден өтті.
Трансплантация – бұл хирургияның ең жоғары пилотажы, бұл ауыр физикалық еңбек және үлкен моральдық жүктеме. Өзін осы мамандыққа арнаған әйел іс жүзінде ғылыми қызметке, Қазақстан трансплантологиясының дамуы мен жетілдірілуіне үлес қосады.
8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні қарсаңында жалғыз хирург әйел, Гепатопанкреатобилиарлық хирургия, онкогепатология және ағзаларды трансплантациялау орталығының трансплантологы, ҰҒОО ғылым бөлімінің жетекшісі, PhD Джамиля Жұмабекқызы Сапарбай туралы арнайы бағдарлама әзірленді.
«8 наурыз» Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Ұлттық ғылыми онкология орталығының ер азаматтары ұжымның нәзік жандыларына салтанатты құттықтау ұйымдастырды.
8 наурыз - адамзат ойлап тапқан ең ғажап мереке. Бұл күні бірде-бір әйел назардан тыс қалмайды. "8 наурыз" халықаралық әйелдер күні қарсаңында ҰҒОО-ның ер азаматтары ұжымның нәзік жандылары үшін видео құттықтау ұйымдастырды.