Астана қ., Керей, Жәнібек хандар қ., 3 үй
Версия для слабовидящих

Ұлттық ғылыми онкология орталығы базасында "Онкологиялық орталықтың 2021 жылғы жұмыс қорытындылары және 2022 жылға арналған міндеттер" кеңесі өтті.
Жылдық есепті тыңдауға Басқарма төрағасы және оның орынбасарлары, құрылымдық бөлімшелердің басшылары және ҰҒОО клиникалық секторларының аға ординаторлары қатысты.
2021 жылдың қорытындысы бойынша: 7825 пациент ауруханаға жатқызылды, 4979-на операция жасалды.


ТМККК аясында 5730 пациент медициналық көмек алды. 

МӘМС аясында 5132 пациент медициналық көмек алды.

 Бейіндер бойынша қатерлі ісіктері бар пациенттердің үлес салмағы:
- 1336 ортопедия және остеоонкология орталығы;
- 988 гепатопанкреатобилиарлық хирургия орталығы, гастроэнтерология және ағзаларды трансплантациялау орталығы;
- 1780 көп бейінді хирургия орталығы;
- 1425 онкогематология және СКТ орталығы,
- 1048 химиотерапия және орталықтандырылған химиялық араластыру орталығы.
Бейіндер бойынша емделген пациенттер санының үлесі:
- 1 419 онкогематология;
- 1 336 ортопедия және остеоонкология;
- 1 048 химиотерапия;
- 631 тамыр хирургиясы;
- 483 гепатобилиарлық хирургия;
- 412 гинекология;
- 396 абдоминалдық хирургия;
- 354 гепатологиясымен гастроэнтерология;
- 304 торакалды хирургия;
- 266 кардиология;
- 265 урология;
- 220 маммология;
- 183 нефрология;
- 152 бауыр трансплантологиясы;
- 79 оториноларингология;
- 79 колопроктология;
- 63 неврология;
- 25 реконструктивтік хирургия;
-11 терапия.
ҰҒОО-да ем алған пациенттердің жыныстық-жас құрамы: 18-ден 59 жасқа дейін 23,3%; 60-тан 69 жасқа дейін 67%; 60-тан 69 жасқа дейін 67%.
2022 жылға арналған жұмыстың перспективалық міндеттері анықталды, олардың арасында қатерлі ісіктердің алдын алуға және ерте анықтауға; онкологиялық аурулардан болатын өлімді азайтуға; пациенттердің өмір сүру ұзақтығын арттыруға бағытталған жұмысты жалғастыруға баса назар аударылған.