5 наурызда Ұлттық ғылыми онкология орталығында Ашық есік күні өтті, онда 22 әйел онколог-гинеколог және УДЗ жетекші мамандарынан профилактикалық тексеруден өтті.
Бұл жолы акция Дүниежүзілік адам папилломавирусына (АПВ) қарсы күрес күні аясында өтті.
Іс-шара барысында 5 әйелде ісік алды аурулары, 9 әйелде фондық аурулар, 5 әйелде әйелдердің ұрпақты болу жүйесінің басқа да патологиялары анықталды. 21 жастан 70 жасқа дейінгі 22 әйелдің тек 3-і ғана сау болды.
⠀
Барлық әйелдер ұсыныстар алды және емханаға егжей-тегжейлі диагностикаға жіберілді.
⠀
«Мұндай іс-шараларды өткізу халықты тексерудің қолжетімділігін жақсартуға ғана емес, сондай-ақ онкопатологияларды ерте анықтауға, әйелдердің ісік ауруларының даму қаупі факторлары туралы хабардар болуын арттыруға ықпал етеді», - деп атап өтті онколог, гинеколог дәрігер, Әйел денсаулығы секторының аға ординаторы Аида Фазылова.
⠀
Қазақстанда жыл сайын 1672-ден астам (абс.сан) жатыр мойны обырының жағдайы (абс.сан) анықталады. Жатыр мойны обыры барлық қатерлі ісіктер құрылымында 2020 жылы 5,63% үлес салмағымен 5-ші орынды алды (2019 жылы - 5,52%), әйелдерде – тұрақты 2-ші орын - 10% (9,9%).
⠀
ҰҒОО мамандары қатерлі ісік ауруының алдын-алудың негізгі құралы болатын және аурудың алдын алуға мүмкіндік беретін скринингтік тексеруден үнемі өту қажеттілігін еске салады, егер қатерлі ісік ерте сатысында анықталса, тіпті толық емделеді.