Конгресс 11-15 наурыз аралығында Кирения қаласында (Солтүстік Кипр) өтті.
Конгресс аясында әртүрлі аурулар, соның ішінде онкологиялық аурулар кезінде эмболизациялық технологиялардың мүмкіндіктері кеңінен айтылды. Баяндамалардан басқа, әлемнің жетекші мамандары көптеген мастер-класстар, интерактивті сессиялар, пікірсайыстар өткізді. Ұлттық ғылыми онкология орталығынан конгресс жұмысына Интервенциялық радиологияның аға ординаторы, ангиохирург дәрігер, флеболог Азат Шыналиев қатысты.