Егер адамда түсініксіз сипаттағы іштің ауыруы болса, онда ұйқы безінің ауруларын емдейтін мамандандырылған Орталыққа жүгінген дұрыс. Тек дәл диагноз бұл ауруды анықтауға мүмкіндік береді.
Морфологиялық диагностика - бұл онкологиядағы диагностиканың ажырамас бөлігі, ол жасуша деңгейінде ісік тіндері мен жасушаларын зерттеуден тұрады. Хирург ісікті көреді, бірақ оның қатерлі немесе қатерсіз екенін айта алмайды. Мұны тек патоморфолог дәрігерлер өскіннің тіндері мен жасушаларын егжей-тегжейлі талдау арқылы растайды.
Кардиомиопатияның, жүрек жеткіліксіздігінің даму қаупін төмендету мүмкіндіктері туралы және химиотерапия мен хирургиялық араласудан кейін онкологиялық науқастарды оңалту туралы жоғары білікті санатты кардиолог дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты Талғат Молдабеков айтып берді.
Сүйек кемігі мен ағзаларды ауыстырып салу – мүлдем әртүрлі заттар. Бірақ екеуі де ауыр науқастардың өмірін құтқаратын трансплантация.
Қазақстанда сүйек кемігін трансплантаттау 2010 жылдан бастап жүргізілуде. ҰҒОО ересек халық үшін сүйек кемігін трансплантаттаудың барлық түрлері орындалатын жалғыз орталық. Бұл процедураның көрсеткіштері жіті және созылмалы лейкемия, апластикалық анемия, лимфома, көп ошақты миелома, сондай-ақ әртүрлі мүшелер мен тіндердің қатерлі ісіктері сияқты әртүрлі аурулар болып табылады.
Қазақстанда 2020 жылы ОНЭТ (онкологиялық науқастардың электрондық тіркелімі) деректері бойынша көп ошақты миеломамен сырқаттану 100 мың тұрғынға шаққанда 1,06-ны құрады, алғаш рет 202 жағдай анықталды, оның ішінде 56 науқас қайтыс болды.
Қазақстан тәуелсіздігіне – 30 жыл. «Тәуелсіздік дәуірі дегеніміз – ұлттың бұрын өтуі мүмкін еместей көрінетін шыңыраудың шетіндегі таудың қатерлі соқпағымен жүргенмен бірдей құбылыс. Алайда біз оны да бағындыра алдық!», – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев.
2021 жылғы 15 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласының Ұлттық ғылыми онкология орталығында еліміздің ұлттық мерекесі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Құрметті әріптестер мен оқырмандар!
Назарларыңызға Ұлттық ғылыми онкология орталығы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "Тілге құрмет - елге құрмет" ұйымдастырылған челлендж бейнероликтерін ұсынамыз.