2021 жылғы 15 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласының Ұлттық ғылыми онкология орталығында еліміздің ұлттық мерекесі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Салтанатты жиналыс ашылғаннан кейін Қазақстан Республикасының әнұраны шырқалды.
Басқарма төрағасы Гүлнар Құлқаева ұжымды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойымен құттықтап, әрбір қызметкердің ҚР онкологиялық қызметінің дамуына қосқан үлесін атап өтті.
«Тәуелсіз Қазақстан бүгінде өз халқының жоғары өмір сүру деңгейіне ұмтылуда. Президент денсаулық сақтау жүйесін стратегиялық дамыту мен реформалауға көп көңіл бөледі. Тәуелсіздіктің 30 жылында денсаулық сақтау саласында үлкен өзгерістер болды және осы жетістіктердің кез келгені сіздердің әрқайсыңыздың еңбектеріңіз бен кәсібиліктеріңіздің арқасында жүзеге асты», - деді Орталықтың Басқарма төрағасы ұжымға.
Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Қанат Сатыбаев, Басқарма төрағасының медициналық қызмет жөніндегі орынбасары Әділбек Мұқажанов құттықтау сөз сөйледі.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес мемлекеттік наградалармен: Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасымен - Басқарма төрағасының медициналық қызмет жөніндегі орынбасары Әділбек Мұқажанов; «Шапағат» медалімен Көп бейінді хирургия орталығының меңгерушісі Талғат Өскенбаев марапатталды.
«Халық алғысы» медалімен: Гепатопанкреатобилиарлық хирургия, онкогепатология және ағзаларды трансплантаттау орталығының меңгерушісі Жанат Спатаев; Анестезиология, реанимация және қарқынды терапия орталығының меңгерушісі Ерлан Үмбетжанов; Трансфузиология орталығының мейіргері Раушан Оразова; Жалпы ауруханалық қамтамасыз ету секторының шаруа-бикесі Аманкүл Асанбаева; Қабылдау бөлімшесінің науқастарды күту санитары Гүлнара Байдалина марапатталды.
«Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен мемлекеттіліктің дамуы мен қалыптасуына және ҚР егемендігінің нығаюына қосқан елеулі үлесі үшін: Сапа менеджменті және пациенттердің қауіпсіздігі бөлімінің аға сарапшы дәрігері Әмірхан Әлмәмбетов; Көпсалалы ақылы бөлімшесінің меңгерушісі Сәуле Қолдыбаева; Онкогинекология секторының аға ординаторы Аида Фазыловна Шакірова; Торакальды хирургия секторының аға ординаторы Александр Дигай; Ультрадыбыстық және функционалдық диагностика орталығының меңгерушісі Дәмеш Оразбаева; Химиотерапия және орталықтандырылған химия араластыру орталығының меңгерушісі Бақытжан Өмірзақова; Сүйек кемігін трансплантаттау бөлімшесінің меңгерушісі Александр Колеснев; Онкоурология секторының аға ординаторы Талғат Құрманов; Онкоколопроктология секторының аға ординаторы Мейрам Мамлин; Операциялық блоктың аға мейіргері Замзагүл Жаманбаева марапатталды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына сәйкес көп жылғы адал еңбегі мен қызметтік міндеттерін үлгілі атқарғаны, шығармашылық қызметі, мінсіз қызметі, басқа да еңбектегі жетістіктері үшін ведомстволық наградалар – ҚР ДСМ «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгілерімен: Химиотерапия және орталықтандырылған химия араластыру орталығының меңгерушісі Бақытжан Өмірзақова; Онкогинекология секторының аға ординаторы Аида Фазыловна Шакірова; Трансфузиология орталығының мейіргері Раушан Оразова; Қабылдау бөлімшесінің мейіргері Замзагүл Сапарғалиева; Обыр ауруларын бақылау орталығының жетекшісі Нұргүл Аждарова марапатталды.
ҚР ДСМ «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» белгісімен - Ультрадыбыстық және функционалдық диагностика орталығының меңгерушісі Дәмеш Оразбаева; Сараптамалық эндоскопия және интервенциялық радиология орталығының меңгерушісі Қанат Батырбеков; Анестезиология, реанимация және қарқынды терапия орталығының интервенциялық рентгенхирургиясының анестезист мейіргері Орынбасар Сәдуақасова; Сапа менеджменті және пациенттердің қауіпсіздігі бөлімінің бастығы Гүлнар Күмісбекова марапатталды.
Сондай-ақ, ҚР ДСМ «Құрмет грамотасымен» - Ультрадыбыстық және функционалдық диагностика орталығының УДЗ дәрігері Сауле Абсатова; Клиникалық-диагностикалық зертхананың зертханашы дәрігері Динара Сыздыкова; Ғылым бөлімінің бастығы Сапарбай Жамиля; Онкогематологиялық реанимация бөлімшесінің аға мейіргері Баян Смағұлова; Гепатопанкреатобилиарлық хирургия, онкогепатология және ағзаларды трансплантаттау орталығының мейіргері Бағдат Шахманова марапатталды.
ҚР ДСМ «Алғыс хатын» Көпсалалы ақылы бөлімшесінің мейіргері Майра Райымбекова; Сәулелік диагностика орталығының аға рентген зертханашысы Аксана Махамбетова; Оңалтумен көп бейінді терапия орталығының мейіргері Лиза Шарипова; Білім беру бөлімінің бас маманы Күлшат Темірбекқызы Тәжмакина; Гепатопанкреатобилиарлық хирургия, онкогепатология және ағзаларды трансплантаттау орталығының науқастарды күту жөніндегі санитары Қаламқас Әділбекова алды.
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Басқарма төрағасы Гүлнара Өтепергенқызы Құлқаева денсаулық сақтауды дамытуға қосқан үлесі үшін Орталықтың келесі қызметкерлеріне ҰҒОО-ның грамоталары мен алғыс хаттарын табыс етті: Көп бейінді хирургия орталығының мейіргері Нұргүл Әдиет; Клиникалық-диагностикалық зертхананың зертханашысы Юра Хулала; Тамыр хирургиясы орталығының науқастарды күту жөніндегі санитары Манар Тұртылова; Онкогематологиялық реанимациясымен онкогематология және СКТ орталығының науқастарды күту жөніндегі санитары Динара Барақпаева; Көп бейінді хирургия орталығының науқастарды күту жөніндегі санитары Ләззат Төлепова; Медициналық статистика және медициналық көмек көлемінің мониторингі бөлімінің бас маманы Әлфия Шынбаева; Сапа менеджменті және пациенттердің қауіпсіздігі бөлімінің бас маманы Жанат Барамбаев; Медициналық жабдықтарды пайдалану бөлімінің бастығы Ақылбек Дощанов; Медициналық емес жабдықтарды, ғимараттар мен көлікті пайдалану бөлімінің ОВК инженері Сайлау Жайнарбек; Сервистік-шаруашылық басқармасының диспетчері (АПС операторы) Раушан Ахметқалиева; Медициналық емес жабдықтарды, ғимараттар мен көлікті пайдалану бөлімінің аула сыпырушысы Өкен Айтқожа.
Марапаттау рәсімі барысында Қазақстан Республикасы жедел медициналық көмек қауымдастығы атынан Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Қанат Сатыбаев ҰҒОО Басқарма төрағасы Гүлнар Өтепергенқызы Құлқаеваға «Үздік қызметкер» төсбелгісін табыс етті.
Сонымен қатар, «Nur-Otan» партиясының Нұр-Сұлтан қалалық филиалынан Алғыс хаттармен келесі қызметкерлер марапатталды: Ортопедия және остеоонкология орталығының меңгерушісі Дан Жадыгеров; Тамыр хирургиясы орталығының меңгерушісі Ирлан Сағындықов; Медициналық емес жабдықтарды, ғимараттар мен көлікті пайдалану бөлімінің бастығы Марал Қалжанов; Орталықтың жұртшылықпен байланыс бөлімінің жетекші маманы Гаухар Қалымова.
Кәсіподақ комитетінің атынан «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің үздігі» төсбелгісімен Сапа менеджменті және пациенттердің қауіпсіздігі бөлімінің аға сарапшы дәрігері Әмірхан Әлмамбетов марапатталды; кәсіподақтың Құрмет грамоталарымен ҰҒОО қызметкерлері: Жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру секторының бас маманы Дархан Жүсіпбеков; Стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бас маманы Дамир Мұқсұлов; Бухгалтерлік есеп бөлімінің есепші бухгалтері Жұпар Еребекова марапатталды.
Ағымдағы жылдың қазан - желтоқсан айлары аралығында Орталықтың клиникалық бөлімшелерінің өкілдері Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тілге құрме – елге құрмет» челленджі аясында бейнероликтер ұсынды. Белсенді қатысқаны және шығармашылық көзқарасы үшін 12 бөлімше марапатталды, ҰҒОО Басқарма төрағасының атынан бағалы сыйлықтар, дипломдар, грамоталар және алғыс хаттар табыс етілді. Онкогематологиялық реанимациясымен онкогематология және СКТ орталығы ГРАН-ПРИ дипломына ие болды; Оңалтумен көп бейінді терапия орталығына және Гепатопанкреатобилиарлық хирургия, онкогепатология және ағзаларды трансплантаттау орталығына - 1 орын үшін грамоталар берілді; 2 орын үшін грамотаны: Анестезиология, реанимация және қарқынды терапия орталығы; Цитологиясымен патоморфология орталығы, Тамыр хирургиясы орталығы және Химиотерапия және орталықтандырылған химия араластыру орталығы бөлісті; Алғыс хаттармен Сәулелік диагностика, Ортопедия және остеоонкология, Трансфузиология, Клиникалық-диагностикалық зертхана және Көп бейінді хирургия орталықтары марапатталды.
Салтанатты жиын соңында белгілі әнші-композитор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Халық әртісі Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әні шырқалды.
Біз әріптестерімізді олардың құрметті атақтарымен және лайықты марапаттарымен құттықтаймыз және ел азаматтарының өмірін құтқару және денсаулығын сақтау бойынша жұмыстарында одан әрі кәсіби өсу мен жаңа жетістіктер тілейміз!