ҰҒОО Гепатопанкреатобилиарлы хирургия бөлімінде бауырға, өт жолдарына және ұйқы безіне дәстүрлі хирургиялық араласудың толық спектрі жасалады. Бұл саладағы хирургияның күрделілігіне қарамастан, тәжірибелі мамандардың қолында емдеу пациенттер үшін қауіпсіз және тиімді жүргізілуде.
Күлпәш Қалиасқарова, м.ғ.д., ҰҒОО профессоры, GHTG.KZ гастроэнтерологтар мен гепатологтар қауымдастығының президенті, ҚР ДСМ штаттан тыс гепатологы :
- Еліміздің түкпір-түкпірінде халықтың вирусты гепатит туралы хабардарлығын арттыру, инфекцияның алдын алу және оның таралуының алдын алу шаралары, халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау, әрбір ересек адамның өз денсаулығы мен балалардың денсаулығы үшін ортақ жауапкершілігін қалыптастыру мақсатында ағарту жұмыстары жүргізілуде. 2016 жылы ДДСҰ-ның 2030 жылға қарай С вирустық гепатитін жою жөніндегі жаһандық бағдарламасы іске қосылды және Қазақстан Орталық Азия мен ТМД елдерінде осы бағдарламаны жүзеге асыруда мойындалған көшбасшы болып табылады.
2018-2022 жылдар аралығында отандық гепатологтар 30 мыңнан астам науқасты С гепатиті вирусынан тазартты. Бұл ретте С гепатитін емдеу тұрғылықты жері бойынша тегін жүргізіледі. Сонымен қатар, Қазақстанда В гепатитіне қарсы вакцинациялау бағдарламасы күшті.
- Бауыр циррозына әкелетін себептердің арасында вирустық гепатит, бауырдың алкогольдік және алкогольсіз майлы зақымдануы, сондай-ақ бауырдың аутоиммунды және метаболикалық аурулары жетекші орын алады, – Ұлттық ғылыми онкологиялық орталығының онкогепатология және гастроэнтерология секторының аға ординаторы Маржан Жанасбаева.
Толығырақ материалды республикалық құқықтық "ЗАҢ" газетінің кәсіби журналисті Ерлік Кебекбайұлының материалынан оқисыздар.
Ертең, 28 шілде күні сағат 12:00-де "ВИРУСТЫҚ ГЕПАТИТ – ҚАУІПТІ ДЕРТТЕН ҚАЛАЙ САҚТАНАМЫЗ?" тақырыпта @ФМС: Доступная медицина - для всех Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының студиясы алаңында тікелей эфир өтетіндігін хабарлаймыз.
"Қай елде трансплантация дамыған болатын болса, сол елдің медицинасы жоғары болып табылады. Сәйкесінше, көп елде трансплантация жасала бермейді. Ал, біздің елде трансплантация жасалатындығы елдегі медицинаның жоғары деңгейде екенін көрсетеді",- деп атайды Мэлс Нұрсейітұлы Асықбаев, ҰҒОО-ң Ағза трансплантациясы секторының Аға ординаторы, трансплантолог-дәрігері.
"Хабар 24" "NEXT' бағдарламасының толық нұсқасын мына сілтеме арқылы тамашалай аласыздар: https://youtu.be/jEtz-LaljnM
Нұр-Сұлтан қаласында Ұлттық ғылыми онкологиялық орталығында өңеш пен асқазан аурулары бар науқастарға арналған Ашық есік күні өтеді. Аталмыш іс-шара 2022 жылдың 30 шілдесінде ҰҒОО-ның Консультативті-диагностикалық орталығында өтеді.
Онкологиялық ауру - бұл денсаулық пен өмірге қауіп төндіретін қауіп факторы, және әдетте бұл күтпеген жерден пайда болады, адам төтенше жағдайға түседі деп айтуға болады, және барлық адамдар оны жеңе алмайды.
Құрметті емделушілер!
Біз сәулелік диагностика орталығының жұмысын түнгі уақытта бастайтынымызды қуана хабарлаймыз.
Астана күні 1998 жылдан бастап атап өтіледі. Бұл мереке халық үшін маңызды тарихи-мәдени мәнге ие және Егемен Қазақстан жетістіктерінің символы болып табылады.
Құрметті достар!
Ұлттық ғылыми онкология орталығының ұжымы барша қазақстандықтарды Астана күнімен құттықтап, әр үйге бейбітшілік пен игілік тілейді!
Біздің жас Астанамыз бізді біріктіріп, мемлекетіміздің әлемдік қоғамдастықтағы ұстанымын нығайта отырып, айбынды әрі әдемі болып келеді. Осы мереке күні сіздерге және отбасыларыңызға амандық, денсаулық, жақсылық және жаңа жетістіктер тілейміз!
Мереке құтты болсын, қымбатты достар!
#РақметДәрігер #Рахмет мейірбике хэштегімен Челлендж топтамасын жалғастырамыз.
Белсенді түрде лайк басыңыздар, комментарийде жақсы пікір-тілектер жазыңыздар.