8-9 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен Астанада «Онкологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеудің ғылыми-практикалық аспектілері» атты халықаралық конференция өтті. Ауқымды іс-шараны Ұлттық ғылыми онкология орталығы ұйымдастырды.
Біз Ұлттық ғылыми онкология орталығы дәрігерлерінің отбасылық жұбы Рахат Тұрсынбаев пен Інжу Смағұлованың қысқы қайырымдылық балына қатысып жатқаны туралы жаздық.
Біз сіздермен қуанышты жаңалықпен бөліскіміз келеді-бұл керемет дуэт жүлделі орынға ие болды және «13 қайырымдылық балының Құрметті дебютанттары» дипломымен марапатталды.
12 желтоқсанда Қазақстан Республикасы мен Израиль мемлекетінің денсаулық сақтау саласындағы өзара іс-қимылы шеңберінде Ұлттық ғылыми онкология орталығында шетелдік делегациямен кездесу өтті.
Екі күндік конференцияның жалғасы «Мейіргер қызметін басқарудың жаңа тәсілі», «Симуляциялық операциялардан кейін пациенттерге реанимациялық күтім» және «Хирургиядағы Ligasure технологиясы» сияқты өзекті тақырыптарды ұсынған мейіргер секциясының жұмысымен толықты.
Қазақстанда жыл сайын қатерлі ісік ауруының жаңа жағдайларының саны 4-9% - ға артып келеді.
Жақында әлеуметтік желілерде қазақстандықтардан шетелде емделуге, оның ішінде қатерлі ісік ауруын емдеуге қаражат жинау туралы хабарландырулар жиі пайда бола бастады. Біздің медицина адамдарға дұрыс медициналық көмек бере алмайтындай расымен қауқарсыз ба?
Бұл туралы Ұлттық ғылыми онкология орталығы басқарма төрағасы Гүлнар Күлкаева «Онкологиялық ауруларды диагностикалаудың және емдеудің ғылыми-практикалық аспектілері» атты ғылыми конференцияда мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Елордада алғаш рет «Онкологиялық ауруларды диагностикалаудың және емдеудің ғылыми-практикалық аспектілері» атты халықаралық мамандардың қатысуымен ғылыми конференция өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Осы санаттағы конференцияда «Қалқанша безінің хирургиясының пікірталас мәселелері» атты баяндамамен профессор, ҰҒОО онкология бойынша бас кеңесшісі Адылханов Тасболат Алпысбесұлы сөз сөйледі
9 желтоқсанда Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өз жұмысын бірнеше тақырыптық бағытта жалғастырды. «Қазақстан Республикасында және шетелде радиациялық онкология мен ядролық медицинаның заманауи мәселелері» секциясында «Бас және мойын ісіктерін емдеудегі Протон терапиясы» тақырыбында онлайн форматта А. Ф. Цыба атындағы медициналық радиологиялық ғылыми орталығының радиотерапевт-дәрігері Константин Гордон баяндама жасады.
«Жыл сайын Қазақстанда онкология ауруымен 14 000-ға жуық адам көз жұмады. Қазақстандықтар көбінесе өкпе, ішек, асқазан және сүт безі қатерлі ісігінен қайтыс болады. Бұл аурумен ер адамдар әйелдерге қарағанда жиі көз жұмады» - мұндай деректер онкологиялық ауруларды диагностикалау және емдеу мәселелері жөніндегі Халықаралық конференциясында айтылды. Тек Ғылыми ұлттық онкология орталығының өзінде Қазақстанның барлық өңірлерінен және ТМД елдерінен 9 000-нан астам пациент ем қабылдайды, ал тәжірибелі мамандармен 7000-нан астам жедел операциялар орындалады.