Астана қ., Керей, Жәнібек хандар қ., 3 үй
Версия для слабовидящих

«Жыл сайын Қазақстанда онкология ауруымен 14 000-ға жуық адам көз жұмады. Қазақстандықтар көбінесе өкпе, ішек, асқазан және сүт безі қатерлі ісігінен қайтыс болады. Бұл аурумен ер адамдар әйелдерге қарағанда жиі көз жұмады» - мұндай деректер онкологиялық ауруларды диагностикалау және емдеу мәселелері жөніндегі Халықаралық конференциясында айтылды. Тек Ғылыми ұлттық онкология орталығының өзінде Қазақстанның барлық өңірлерінен және ТМД елдерінен 9 000-нан астам пациент ем қабылдайды, ал тәжірибелі мамандармен 7000-нан астам жедел операциялар орындалады.


Журналистерге берген сұхбатында басқарма төрағасы Гүлнар Құлқаева ҰҒОО қатерлі ісік ауруларын емдеуде қажетті қызметтердің барлық спектрін көрсететінін атап өтті. Ал өз қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында клиника әлемдегі жетекші халықаралық онкологиялық орталықтармен және үкіметтік емес ұйымдармен, соның ішінде академиялық институттармен ынтымақтасады. Бүгін конференция спикерлері шақырылған мамандар-осы мекемелердің әріптестері, олар онкологияны анықтау мен емдеудің жаңа және заманауи әдістерін ұсынды.
Жапондық өкілдер тобы өз сөздерінде COVID-19-ның қатерлі ісіктерді емдеу процесіне әсері туралы айтты.

Түрік әріптеріміздің атынын сөз алған медицина ғылымдарының докторы Мутлу Демирейя «Medicana Ataşehir» госпиталінің мысалдарын келтіре отырып баяндамаларында геномдық зерттеулерде оң нәтижелер көрсеткенін, сондай-ақ пациенттің әрбір жеке жағдайына жеке көзқарастың маңыздылығы туралы айтты. Нақты клиникалық практикадағы дербестендірілген тәсіл мәселесін көптеген қазақстандық онколог дәрігерлер де өз сөздерінде қозғады.
Конференцияның бірінші күнінің қорытындысы Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиевтің сөз сөйлеуі болды. Өз сөзінде ол денсаулық сақтау министрлігі онкология проблемаларына ерекше назар аударатынын атап өтіп, жоғары деңгейдегі мамандарды біріктірген бұл конференция отандық және шетелдік әріптестердің тәжірибесімен нәтижелі алмасуға ықпал ететініне сенім білдірді.

Сондай-ақ, ресми рәсімде депутат, Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің «ҰМЗО раиология» ФМБМ бас директоры Андрей Куприн, Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің «Башқұрт мемлекеттік университеті» ФМБМ ректоры Валентин Павлов және медицина жөніндегі вице-президент, Назарбаев Университеті медицина мектебінің деканы Массимо Пиньяти және басқа да шақырылған қонақтар сөз сөйледі.

09 12 2022 5

 

09 12 2022 5

 

09 12 2022 5

 

09 12 2022 5