Астана қ., Керей, Жәнібек хандар қ., 3 үй
Версия для слабовидящих

12 желтоқсанда Қазақстан Республикасы мен Израиль мемлекетінің денсаулық сақтау саласындағы өзара іс-қимылы шеңберінде Ұлттық ғылыми онкология орталығында шетелдік делегациямен кездесу өтті.


Профессор, ODM медициналық директоры Ави Порат ҰҒОО мамандарына медициналық деректерді болжау және аурулармен сәтті күресу үшін пайдалануға мүмкіндік беретін цифрлық денсаулық сақтау платформасын таныстырды. Деректерді жетілдірілген жинау жергілікті клиникалардағы ақпараттарды цифрландыру, сондай-ақ олардың ODM бұлтқа негізделген цифрлық медицина платформасына қосу арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Платформа ұлттық деректерді біріктіреді, оларды қолжетімді етеді, сондай-ақ онкологиялық аурулардың барлық жағдайлары туралы ақпаратты бірыңғай платформада жинақтауға мүмкіндік береді. Елдегі әрбір медициналық мекемеден, мысалы, ауруханадан, алғашқы медициналық-санитарлық клиникадан, дәріханадан, зертханадан және басқа да тиісті мекемелерден алынған мәліметтердің барлық түрлері мен форматтары (демографиялық ақпарат, медициналық файлдар, суреттер, зертханалық мәліметтер және т.б.) біріздендіру үшін жиналады.

Келіссөздер барысында осы жобаға ҰҒОО өкілі ретінде Басқарма Төрағасы Гүлнар Құлқаева қызығушылық танытты. Жобаны Қазақстанда іске асыру мүмкіндігін зерделеу процесін жалғастыру үшін шешім қабылданды.