8-9 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен Астанада «Онкологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеудің ғылыми-практикалық аспектілері» атты халықаралық конференция өтті. Ауқымды іс-шараны Ұлттық ғылыми онкология орталығы ұйымдастырды.
Салтанатты ашылу салтанатында Денсаулық сақтаудың бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев құттықтау сөз сөйледі. Өз сөзінде ол Денсаулық сақтау министрлігі онкология проблемаларына ерекше назар аударатынын атай келе, жоғары деңгейдегі мамандарды біріктірген бұл конференция отандық және шетелдік әріптестердің тәжірибесімен нәтижелі алмасуға ықпал тигізетініне сенім білдірді.
Екі күн ішінде Қазақстанның онкологиялық қызметінің басты сын - қатерлері мен «постковидтік дәуірге» трансформациясы қаралды. Дәріскерлер дәрілік терапия мен онкологиялық патологияларды диагностикалаудың жаңа тәсілдерін ұсынды. Фокуста: сүт безі қатерлі ісігі, онкогинекология, бірнеше миелома, бас және мойын ісіктері, іштің онкологиясы, онкоурология, онкогематология, онкогепатология, паллиативті медицинаға назар аударылды.
Іс-шара бағдарламасы дәрігерлердің кең ауқымы: онкологтар, химиотерапевттер, сәулелік терапевттер, рентгенологтар, радиотерапевттер, жалпы тәжірибелік дәрігерлер, денсаулық сақтауды ұйымдастырушылар, мейіргерлер, маммологтар, гинекологтар, урологтар, колопроктологтар, гематологтар, гепатологтар, гастроэнтерологтар, эндоскопистер, ультрадыбыстық диагностика мамандары және барлық мүдделі тұлғаларға арналған.
Конференция жұмысына шетелдік 42 спикер- маманы бар 1000 – нан астам қатысушы қатысты. Сөз сойлеулер онлайн және офлайн форматта өтті. Ресей, Жапония, Корея, Түркия, Франция, Армения және Грузиядан келген әріптестер онкология саласындағы соңғы әзірлемелермен және тиімді технологиялармен бөлісті.
Екі күндік конференция онкологияны диагностикалау мен емдеудің 150-ден астам өзекті аспектілерін талқылау алаңына айналды.
Жалғасын пікірлерден оқыңыз.
Пленарлық отырыстарда ондаған клиникалық жағдайлар талданып, оларға практикалық ұсыныстар берілді. Үш залда бір уақытта тақырыптық секциялар, симпозиумдар мен сессиялар өтті.
Конференцияда Ұлттық ғылыми онкология орталығының бірнеше лимфомаларды, миеломаларды емдеудегі тәжірибе ұсынылды. Онкомаммология секторының аға ординаторы Динара Саменова «Сүт безінің қосымша үлесінің қатерлі ісігі» ҰҒОО медициналық кейсімен таныстырса, уролог-дәрігер, онкоурология секторының аға ординаторы Талғат Құрманов простата безінің метастаздық емес обырын диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістері туралы әңгімелеп берді.
Мейіргер секциясы үлкен ауқымды жұмыс атқарды, мұнда қазақстандық мейіргерлер онкология қызметінде өз тәжірибесімен бірге жаңа тәсілдерімен де бөлісті.
Мұндай ауқымды іс-шараны Ұлттық ғылыми онкология орталығы алғаш рет өткізуде. Бұл туралы Ұлттық ғылыми онкология орталығының Басқарма Төрағасы Гүлнар Құлқаева өз сөзінде айтып өтті. Ол сондай-ақ Конференция жемісті болады, онкологиялық қауымдастықты нығайтады және онкологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеуге жаңа көзқарас әкеледі деген сенімін білдірді.
[14:12, 27.12.2022] +7 747 488 7311: ҰҒОО жетекші онкологтары Израильде тағылымдамадан өтуде (название) 14 декабря -Ведущие онкологи ННОЦ стажируются в Израиле - рус версия
Ұлттық ғылыми онкология орталығының онкогематологиялық реанимация бөлімшесінің меңгерушісі Евгений Меренков "Hadassah" Израиль медициналық орталығында дәріс-семинар, сондай-ақ практикалық оқу курсынан өтті. Тағылымдама бағдарламасының негізгі бағыттары «Анестезиология», «Сүйек кемігін трансплантациялаудан кейінгі пациенттердегі фибрильді нейтропения, жоғары дозалы химиотерапия», «Онкологиядағы Pain management», «Қарқынды терапиядағы шұғыл ЭХОграфия». Тағылымдама тақырыптарын таңдау ҰҒОО онкогематология бөлімінің профиліне байланысты.
Теориялық дайындық барысында алынған білім қарқынды терапия бөлімшелеріндегі күнделікті жұмыстармен нығайтылды.
Сондай - ақ, тағылымдама бағдарламасы бойынша екі күн «Хадасса Эйн»-екінші клиникасында өтті. Мұнда пациенттің жайлылығы үшін тек көктамырішілік анестезиямен жасалатын трепан биопсиясын жүргізу процесіне басымдылық берілді.
Доктор Евгений Анатольевичтің айтуынша, мұндай тағылымдамалар Қазақстанда жыл сайын өсіп келе жатқан онкогематологиялық аурулары бар пациенттерге жоғары мамандандырылған онкологиялық көмек көрсету дағдыларын жетілдіруге үлкен мүмкіндік береді.