Күлпәш Қалиасқарова, м.ғ.д., ҰҒОО профессоры, GHTG.KZ гастроэнтерологтар мен гепатологтар қауымдастығының президенті, ҚР ДСМ штаттан тыс гепатологы :
- Еліміздің түкпір-түкпірінде халықтың вирусты гепатит туралы хабардарлығын арттыру, инфекцияның алдын алу және оның таралуының алдын алу шаралары, халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау, әрбір ересек адамның өз денсаулығы мен балалардың денсаулығы үшін ортақ жауапкершілігін қалыптастыру мақсатында ағарту жұмыстары жүргізілуде. 2016 жылы ДДСҰ-ның 2030 жылға қарай С вирустық гепатитін жою жөніндегі жаһандық бағдарламасы іске қосылды және Қазақстан Орталық Азия мен ТМД елдерінде осы бағдарламаны жүзеге асыруда мойындалған көшбасшы болып табылады.
2018-2022 жылдар аралығында отандық гепатологтар 30 мыңнан астам науқасты С гепатиті вирусынан тазартты. Бұл ретте С гепатитін емдеу тұрғылықты жері бойынша тегін жүргізіледі. Сонымен қатар, Қазақстанда В гепатитіне қарсы вакцинациялау бағдарламасы күшті.
- Бауыр циррозына әкелетін себептердің арасында вирустық гепатит, бауырдың алкогольдік және алкогольсіз майлы зақымдануы, сондай-ақ бауырдың аутоиммунды және метаболикалық аурулары жетекші орын алады, – Ұлттық ғылыми онкологиялық орталығының онкогепатология және гастроэнтерология секторының аға ординаторы Маржан Жанасбаева.
Толығырақ материалды республикалық құқықтық "ЗАҢ" газетінің кәсіби журналисті Ерлік Кебекбайұлының материалынан оқисыздар.