Астана күні 1998 жылдан бастап атап өтіледі. Бұл мереке халық үшін маңызды тарихи-мәдени мәнге ие және Егемен Қазақстан жетістіктерінің символы болып табылады.
Құрметті достар!
Ұлттық ғылыми онкология орталығының ұжымы барша қазақстандықтарды Астана күнімен құттықтап, әр үйге бейбітшілік пен игілік тілейді!
Біздің жас Астанамыз бізді біріктіріп, мемлекетіміздің әлемдік қоғамдастықтағы ұстанымын нығайта отырып, айбынды әрі әдемі болып келеді. Осы мереке күні сіздерге және отбасыларыңызға амандық, денсаулық, жақсылық және жаңа жетістіктер тілейміз!
Мереке құтты болсын, қымбатты достар!