Нұр-Сұлтан қаласында Ұлттық ғылыми онкологиялық орталығында өңеш пен асқазан аурулары бар науқастарға арналған Ашық есік күні өтеді. Аталмыш іс-шара 2022 жылдың 30 шілдесінде ҰҒОО-ның Консультативті-диагностикалық орталығында өтеді.
ҰҒОО жоғары білікті дәрігерлері өңеш пен асқазанның қатерлі ісіктерінің алдын-алу және ерте диагностикалау мақсатында 18 жастан асқан барлық қызығушылық танытқан науқастарға сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін дәрігерлік кеңестер өткізеді.
Іс-шараға қатысу үшін алдымен онколог маманының, абдоминальды хирургтың қабылдауына жазылу керек.
Call-орталығының телефондары: 8 (7172) 702 911; 702 900 немесе WhatsApp: +7 708 425 0711.
Қабылдау күні өзіңізбен бірге жеке куәлік пен алдыңғы қарап- тексерулердің медициналық қорытындылары болуы керек (бар болған жағдайда).
Мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қ., Керей, Жәнібек хандар көшесі, 3, Ұлттық ғылыми онкология орталығы, Консультативтік-диагностикалық орталық (емхана).