Онкологиялық ауру - бұл денсаулық пен өмірге қауіп төндіретін қауіп факторы, және әдетте бұл күтпеген жерден пайда болады, адам төтенше жағдайға түседі деп айтуға болады, және барлық адамдар оны жеңе алмайды.
Өмір сүру сапасын сақтау, эмоционалды және физикалық күйді түсіну және ұғыну, қиындықтарды жеңуге ресурстар табу, өмір сүруге деген ықылас пен ләззат алу мүмкіндігін сақтау және т.б. Мұндай қиын жағдайда көмекшілерсіз ауыртаплықты жеңу қиын.
Респонденттердің 62%-ы психологпен ынтымақтастық қажет екенін мәлімдеді.
Ұқсас көріністі науқастың туыстары арасында да байқауға болады.
Орталық жағдайында әрбір пациент болу орны бойынша станционарда, яғни өз бөлімшесінде ТМККК шеңберінде емделу кезінде психологиялық көмек немесе қолдау ала алады.
Сонымен қатар, тексеру кезеңінде немесе шығарылғаннан кейін пациенттер мен олардың туыстары сондай-ақ консультациялық-диагностикалық орталықта амбулаториялық деңгейде алдын ала жазылу бойынша ақылы негізде психологиялық көмек ала алады.
Психотерапевт дәрігер мен психологтың қабылдауына және консультациясына жазылу жұмыс күндері сағат 8:00-ден 17:00-ге дейін Call-орталықтың телефоны бойынша жүргізіледі: +7 717 2 702-911, +7 717 2 702-900, WhatsApp: 8708 425 0711.