2 сәуірде Ұлттық ғылыми онкология орталығының консультативтік-диагностикалық орталығында Ашық есік күні өткізілді.
Іс-шара Дүниежүзілік денсаулық күні аясында өтті, ол адамның денсаулығы мен ұзақ өмір сүруіне қатысты мәселелерді көтеруге арналған.
Естеріңізге сала кетейік, 1948 жылғы 7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) туындаған күні, осы күні оның Жарғысы күшіне енді. 1950 жылдан бастап Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен бұл күні бүкіл әлемде Дүниежүзілік денсаулық күні атап өтіледі.
Іс-шараның мақсаты - кеуде қуысы ағзаларының, абдоминальды аймақтың және қан тамырларының ісікалды және ісік ауруларын ерте анықтау.
Ашық есік күні торакальды, абдоминальды және тамыр хирургиясы саласындағы онколог дәрігерлермен (Т. А.Өскенбаев, Н. А. Қалибеков, Е. М. Шаймерденов) Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтарына тегін кеңес берілді.
Қабылдау нәтижелері бойынша 2 пациентте өкпе обыры анықталды, сондай-ақ тексерілгендердің арасында онкологиялық диагнозы қойылған пациенттер болды. Барлық пациенттер тіркелген жері бойынша емханаға толық тексеруге жіберілді, ҰҒОО дәрігерлерімен ұсынымдар берілді.
"Онкологиялық ауруларды ерте кезеңде анықтау емді ертерек бастауға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде жақсы нәтиже береді және сауығу мүмкіндігін арттырады. Ерте диагностика жасау - өлімді азайтудың және науқасқа қатерлі ісіктер кезінде уақтылы көмек көрсетудің жалғыз тәсілі", - деді көп бейінді хирургия орталығының меңгерушісі Талғат Айтбайұлы Өскенбаев.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда обырды ерте анықтау бойынша Ұлттық бағдарлама жұмыс істейді. Скринингті тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінде тіркелген жері бойынша емханада 3 бағыт бойынша өтуге болады: сүт безі обыры – 40-тан 70 жасқа дейінгі әйелдер; жатыр мойны обыры - 30-дан 70 жасқа дейінгі әйелдер; колоректальды обыр - 50-ден 70 жасқа дейінгі ерлер және әйелдер.
Ашық есік күндерін өткізу туралы Facebook және Instagram-да @аstana.nroc аккаунттарындағы жаңалықтарды қадағалап отырыңыздар.
Аман-сау болыңыздар!