Бүгін "University Medical Center" корпоративтік қорында "Аманат" партиясы астаналық филиалының "Өркениет"филиалының партиялық активінің жиналысы өтті.
Жиналыс барысында партияның кезектен тыс XXII съезінің шешімдері және Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың 2022 жылғы 16 наурыздағы "Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы" атты Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған міндеттерді орындау талқыланды.
⠀
"Аманат" партиясы саяси кеңесінің мүшесі, "University Medical Center" корпоративтік қорының Басқарма төрағасы Пя Юрий Владимирович Мемлекет басшысының бастамаларын атап өтіп, медициналық қоғамдастықтың бірқатар мәселелерін қозғады.
⠀
Клиникалық иммунология, аллергология және пульмонология бағдарламасының меңгерушісі, Ұлт денсаулығы мәселелері жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің мүшесі Ковзель Елена Федоровна және партия белсендісі Ибраимов Бақтығали Әбдіғалиұлы баяндама жасады. Ел дамуының жаңа кезеңінің негізгі бастамаларын белгілеп, оны жаңғырту кезеңінде партия алдына қойылған мақсаттар мен міндеттерді талқылады.
⠀
"АМАNАТ" партиясының мүшесі, ҰҒОО Басқарма төрағасы Гүлнара Өтепергенқызы Құлқаева өз сөзінде медициналық қоғамдастыққа арналған тұрғын үйдің, денсаулық сақтау жүйесін жаңғыртудың және онкологиялық науқастарға медициналық көмек көрсетуді жақсартудың өзекті мәселелерін қозғады.
⠀
Партия белсенділері Мемлекет басшысының "Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы" Жолдауында белгіленген саяси реформалардың жаңа бағдарламасын жүзеге асыруға қолдау көрсетуге және ел болашағы үшін еңбек етуге шақырды.