Ұлттық ғылыми онкология орталығының қызметкерлері арасында салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру жөніндегі 2021-2022 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде ұзақтығы 10-15 минуттан аспайтын жұмыс күнінің бірінші жартысында өндірістік гимнастика жүргізіледі. Физикалық жаттығулар жиынтығы әр 3-4 апта сайын өзгереді, 2-3 минутқа созылатын жаттығудан және негізгі гимнастикадан тұрады.
Аталған іс-шараны өткізудің мақсаты қызметкерлердің жұмысқа қабілеттілігін арттыру, денсаулығын нығайту және шаршаудың алдын алу болып табылады.
Роликті сілтеме бойынша қараңыз: https://youtube.com/shorts/lwCpjSlF3sg?feature=share