Астана қ., Керей, Жәнібек хандар қ., 3 үй
Версия для слабовидящих

Жаңа жыл басталғалы бері отандық трансплантологтар 9 қазақстандықтың өмірін сақтап қалды,-деп хабарлайды @24KZ

Мэлс Асықбаев, ҰҒОО Ағза транспланттау секторының жетекшісі, дәрігер онколог, уролог, хирург, трансплантолог:

- Елімізде көбіне жасалатыны - туыстық донор трансплантациясы. Өкінішке орай, мәйіттік донор (кадавр) трансплантациясы қарқынды түрде дамымай тұр. Яғни, бұл трансплантация түрін дамытудың тиімділігі неде, мысалы, 1 мәйіттік донор 5 адамның өмірін сақтауға мүмкіндік бар.

Жаңа жылға тұспа тұс келді, мәйіттік донордан бүйрек алмастырылды.

Арнайы "Тrinis" бағдарламасы бойынша 4 пациент арасынан тін жағынан сәйкес келген Айжан Құдароваға бүйрек трансплантациясы жасалды. Ота сәтті өтті, қазіргі таңда реципиенттің жағдайы жақсы.

Толығырақ сюжетті сілтеме арқылы көріңіздер:

https://youtu.be/nuHJ_Zlztq4?si=F_DPAC6gQuNF46wr

ҰҒОО #ННОЦ #NROC #медицина #қоғам #трансплантация #бүйрек #донор #реципиент

📝 Қатерлі ісікке қарсы күрестегі 10 қадам:

🧍Теріңіздің жағдайын бақылаңыз;

🚬 Темекі шегуден бас тартыңыз;

👩Әйелдер үнемі гинекологқа баруы керек;

🔬 Үнемі профилактикалық тексерулерден, сондай-ақ ұлттық скринингтен өтіңіз;

🥗 Дұрыс тамақтаныңыз. Жемістерді, көкөністерді және ірі талшықты тағамдарды көп жеңіз;

🩸Жасырын қанға нәжісті үнемі тексеріп отырыңыз;

🏃Белсенді өмір салтын жүргізіңіз;

🚺 Әйелдер сүт бездерінің денсаулығын бақылауы керек;

🥃 Спирттік ішімдіктерді теріс пайдаланбаңыз;

🚴 Салмағыңызды бақылаңыз.

#ҰҒОО #ННОЦ #NROC #онкология #СӨС #10қадам

Возможно, это изображение текст

Ұлттық ғылыми онкология орталығы Көпбейінді хирургия орталығының дәрігер онколог, хирургтары: Нұртас Айдарғалиұлы Калибеков пен Дулат Серікбайұлының және мейіргерлер: Ахмерова Райгуль және Фаризаның атына науқастың жолдаған алғыс сөз хатымен таныстырамыз.

 

 

 

 

#ҰҒОО #ННОЦ #NROC #дәрігерлергерахмет #2GIS

Жақында бүйрек трансплантациясын жасатқан қала тұрғыны Бекболат Шерниязовпен ерлікке татитын іске бел буған донорлардың қоғамдағы орны туралы орамды ой қозғаған еді.

- 2020 жылдан бері гемо­диализ ала бастадым. Уақыт өте аптасына үш мәрте қабылдап жүрдім. Әр барғанда төрт сағат жатамыз. Бірақ гемодиализден бірде өзімді жақсы, кейде өте нашар сезініп шығатынмын.

 

Мэлс Асықбаев есімді тәжіри­белі транспалантолог дәрігер­мен жо­­лықтым. Трансплантология, до­­норлық туралы ақпарат сұрай бас­­тадым. Олар транспланта­ция мәйіттік донор немесе туыс­тық донордың көмегімен жасалатынын айтты. Мәйіттік до­норға «күту парағына» кезекке тұрдым. Емделіп жүргенде көптеген адаммен таныстым. Гемодиализге 15, 17 жыл қаты­на­ғандар бар екен. Елде мәйіт­тік донор аз екенін сол сәтте түсіндім, – дейді Бекболат.

Донор болу – әри­­не, оңай дүние емес. Бұл ер­­лікпен парапар іс дер едім. Ұлт­­тық онкология орталығының транс­­плантологі Мэлс Асықбаев бас­­таған дәрігерлер қауымына алғысым шексіз.

Бізге трансплантациядан қорқып, сары уайым­­ға салынудың қажеті жоғын ба­йыппен түсіндірді. Күн-түн демей пациенттердің жағдайын бақылап жүретін. Жаңылма­сам, операция 5 сағатқа созылса керек, одан кейін де біраз уақыт ауруханада жаттық. Қазір үйге шығып, дәрі-дәрмектерімізді үзбей уақтылы ішіп жүрміз. Бұйырса, жағдайымыз әбден жақ­­­сарып жатса, донорлық тура­лы ақ­параттандыру жұмыста­ры­на да белсенді аралассақ деген ойымыз бар. Өйткені мен секілді бүйрегі ауырып, гемодиа­лизге таңылғандардың ахуалын жақсы түсінемін. Елде мәйіттік донор дамығанда жағдайы мүшкіл нау­қастар азаяр ма еді деп ойлаймын, – дейді Б.Шерниязов.

▶️ Толығырақ материалды сілтеме арқылы оқыңыздар:

https://egemen.kz/.../355595-transplantatsiya-komegimen...

Астанада өткен жылы қатерлі ісік ауруымен ауырған науқастар саны 2022 жылмен салыстырғанда 1700 адамға көбейген. 15 мыңға жуық науқас онкологиялық дерттен емделген.

Қатерлі ісіктің ең қауіптісі - ішек пен асқазан қатерлі ісіктері. 800 адам тексеруден өтсе, соның жартысынан осы дерт анықталған.

Гүлжан КЕРІМБЕКОВА, ҚР ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ ОНКОЛОГИЯ ОРТАЛЫҒЫ КЛИНИКО-ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ЗЕРТХАНАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

- Оларда ешқандай клиникалық симптомдар, яғни, ауру сезімі ешқандай болмайды. Бұл осысымен қауіпті. Соңғы сатыларында, яғни, 3-4 сатыларында Бұл ауруды емдеп, жазу өте қиынға соғады. Тіпті, көп жағдайда емнің тиімділігі болмайды. Көп жағдайда адамдар қайтыс болып жатады.

▶️ Толығырақ сюжетті сілтеме арқылы көріңіздер:

https://m.astanatv.kz/kz/news/102009/

 Ұлттық ғылыми онкология орталығының әртүрлі бейін бойынша 2023 жылдағы жеткен жетістіктері туралы

Толығырақ сілтеме бойынша қараңыздар:

https://www.youtube.com/watch?v=lnVyHM-nrGM...

🔹 ТМД елдері мен Қазақстанның барлық өңірлерінен 9 000 науқас.

🔹 Орталық Қазақстанда онкохирургия, онкогематология, трансплантология және реаниматология бағыттары бойынша озық медициналық технологияларды енгізу саласында жетекші болып табылады.

🔹7000-нан астам хирургиялық әрекет жүзеге асырылады.

🔹 Қазақстандағы сүйек кемігін трансплантациялайтын жалғыз орталық.

🔹 Қазақстанда жараларды жабу технологиялары әзірленген жалғыз орталық.

🔹 Орталық Азия мен Қазақстанда гемофилия кезінде ортопедиялық операциялар жүргізілетін жалғыз

орталық.

🔹 ҰҒОО дәрігерлері елімізде алғашқылардың бірі болып бауыр, бүйрек, тері трансплантациясы

бойынша операциялар жүргізе бастады.

🔹 Орталықта - 4 ғылым докторлары, 15 медицина ғылымдарының кандидаты, 3 PHD, 11 медицина ғылымдарының магистрі жұмыс істейді.

🔹 Орталықтың мамандары жыл сайын АҚШ, Жапония, Оңтүстік Корея, Германия, Бельгия, Италия, Швейцария және жақын шет елдердің үздік медициналық орталықтарында білім алып, тағылымдамалардан өтеді.

🔹 Телемедицина технологиясы науқасқа:

- жоғары білікті кеңесті тегін алуға мүмкіндік береді;

- екінші пікір;

- қажет болған жағдайда пәнаралық консилиум.

🔹 Стационарлық және амбулаториялық жағдайларда

көмек.

🔹Міндетті медициналық сақтандыру бойынша тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі - 286 төсек орын. Оның ішінде тәулік бойы жұмыс істейтін - 235 төсек орын және күндізгі стационарда - 51 төсек орын бөлінген. Ақылы бөлім үшін тәулік бойы жұмыс істейтін - 15 төсек орын және күндізгі стационарда - 4 төсек орын бөлінген.

Осы бағыттардың арқасында бүгінде онкологиялық ауруларды диагностикалау және емдеу саласында қазақстандықтардың денсаулығын қорғау бойынша аса маңызды міндеттер шешілуі мүмкін.

Біздің мекен-жайымыз: Астана қ., Керей және Жәнібек хандар көшесі, 3.

☎️ Call-центр: + 7 7172 702-911, + 7 7172 702-900

WhatsApp: +7 708 425 07 11.

Facebook: astana.nroc

Instagram: astana.nroc

Telegram: @cancercenterkz

Ұлттық ғылыми онкология орталығы көпбейінді ақылы бөлімшенің медициналық қызметтерін ұсынады.

🩺 Бөлімше жанында ақылы негізде тәуліктік стационарға емдеуге жатқызуға болады.

Тәуліктік стационар пациенттердің тәулік бойы болуына, үздіксіз бақылауға және оларға қажетті медициналық көмек көрсетуге арналған.

☎️ Көпбейінді ақылы бөлімшеге жатқызу бойынша 8 708 425 0647 телефон нөмірі арқылы хабарласыңыз, және медициналық құжаттарды : Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. эл.поштаға жіберсеңіз болады.

☎️ Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда Сіз барлық қажетті ақпаратты: 8 (7172) 702-900, 702-911 телефоны бойынша ала аласыз, WhatsApp нөмірі арқылы: 8708 425 0711 (қоңырау шалу үшін арналмаған) дәрігердің қабылдауына жазыла аласыз.

Біздің мекен-жайымыз: Астана қ., Керей, Жәнібек хандар к-сі 3.

Құрметті әріптестер және достар!

Ұлттық ғылыми онкология орталығы сіздерді келе жатқан Жаңа жылмен құттықтайды!

Жаңа жыл қарсаңында тілеген игі- жақсы тілектеріңіз орындалып, әрбір отбасыға бақыт әкелсін.

2023 жыл көптеген жетістіктер мен тамаша мүмкіндіктер сыйлады, жаңа тәжірибе мен әсерлерге кенелтті. Жаңа жыл жағымды жаңартулар мен жақсы өзгерістер әкеледі.

Сізге және сіздің жақындарыңызға мықты денсаулық, бақыт, мол табыс, қуаныш пен амандық-саулық тілейміз!

Құрметті әріптестер және достар!

Ұлттық ғылыми онкология орталығы сіздерді келе жатқан Жаңа жылмен құттықтайды!

Жаңа жыл қарсаңында тілеген игі- жақсы тілектеріңіз орындалып, әрбір отбасыға бақыт әкелсін.

2023 жыл көптеген жетістіктер мен тамаша мүмкіндіктер сыйлады, жаңа тәжірибе мен әсерлерге кенелтті. Жаңа жыл жағымды жаңартулар мен жақсы өзгерістер әкеледі.

Сізге және сіздің жақындарыңызға мықты денсаулық, бақыт, мол табыс, қуаныш пен амандық-саулық тілейміз!

 

7 бет. Барлығы: 52