Ағымдағы жылдың 16 маусымында бүкіл
медицина жұртшылығы кәсіби мерекені атап өтеді. Әрбір медицина қызметкері үшін басты миссия азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау болып табылады. Бұл тапсырманы орындау көп еңбек пен күш-жігерді, жоғары жауапкершілік пен адалдықты, адамгершілік пен қайырымдылықты қажет етеді. Бүкіл ел қазақстандық медицина қызметкерлерінің еңбегін жоғары бағалайды, деп жазады Egemen.kz.
Елімізде денсаулық сақтау саласының дамуы Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басты назарында. Жақында Мемлекет басшысы екі маңызды медициналық нысанды аралады: ағымдағы жылдың тамыз айында ашылуы жоспарланып отырған Ұлттық ғылыми онкология орталығының жаңа корпусы және Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы, медициналық қызметтердің сапасын арттыруға және азаматтардың денсаулығын нығайтуға өзінің дайын екенін көрсетті.
- Медицина қызметкерлерінің үлкен тобы өмір сүру ұзақтығының көрсеткіштерін арттыруға, аурулардан болатын өлімді азайтуға және қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға басты үлес қосады.
Соңғы 5 жылдың ішінде елімізде өмір сүру ұзақтығы 2 жасқа (73-тен 75 жасқа дейін) артқанын, жалпы өлім – 9%-ға, ана өлімі – 16,8%-ға, нәресте өлімі – 8,5%-ға, қанайналым жүйесінің ауруларынан болатын өлім – 11,9%-ға және қатерлі ісіктерден болатын өлім – 15,3%-ға төмендегенін атап өтемін.
- Медицина жұртшылығына көптеген міндеттер мен жоспарлар қойылды, жауапкершілік одан да көп. Кәсіби мереке қарсаңында барлық әріптестерімді медицина қызметкері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Сіздердің еңбектеріңіз – қайсарлықтың, біліктілік пен мейірімділіктің үлгісі. Күн сайын сіздер көптеген өмірді сақтап қаласыздар, денсаулықты қалпына келтіресіздер және миллиондаған адамдардың жүрегіне үміт ұялатасыздар. Сіздердің жұмыстарыңыз үлкен шыдамдылықты, білімді және күш-жігерді қажет етеді. Сіздерге зор денсаулық, амандық, кәсіби табыс және жаңа жетістіктер тілеймін. Сіздердің жұмыстарыңыз әрқашан жоғары бағалансын және әрбір жұмыс күні адамдарға көмектесуден қанағат пен қуаныш әкелсін. Мамандыққа деген адалдықтарыңыз бен адамгершіліктеріңіз үшін рахмет!
Ақмарал ӘЛНАЗАРОВА, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі
Толығырақ мақаланы сілтеме арқылы оқыңыздар:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар өңірлердегі күрделі су тасқыны жағдайына байланысты Қазақстан халқына үндеу жолдады.
Қазіргі уақытта еліміздің өңірлері көктемгі су тасқынымен бетпе-бет келіп отыр, бұл Қазақстан Президентінің айтуынша, өзінің ауқымы мен салдары бойынша соңғы жылдардағы ең ірі су тасқыны болып табылады. Табиғи апатпен күресу үшін барлық уәкілетті күштер жұмылдырылды.
Ең бастысы, Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, бірде-бір адам мемлекеттің назарынан тыс қалмайды, барлығына қаржылық және басқа да қажетті көмектер көрсетіліп, барлық материалдық шығын өтеледі.
Ең бастысы, адам өліміне жол бермеу және судың таралуын мүмкіндігінше тез тоқтату.
Осындай сын сағатта барша Қазақстан азаматтары бірігіп, зардап шеккен азаматтарға жан-жақты көмек көрсетуі қажет.
Ұлттық ғылыми онкология орталығының ұжымы зардап шеккендерге жан-жақты көмек пен қолдау көрсетуге дайын.
Дүниежүзілік денсаулық күні аясында АПВ алдын алуға және жатыр мойынының обырын ерте сатыда анықтауға, сондай-ақ өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға арналған Ашық есік күні өткізіледі.
Астана қаласының әйелдерін онкогинекологтардың тегін кеңесіне келуге шақырамыз. Мекен-жайымыз: Керей және Жәнібек хандар көшесі, 3, КДО (емхана).
Қабылдау күні мен уақыты: 2024 жылғы 6 сәуір, сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін.
ҚР ДСМ статистикалық деректері бойынша, Қазақстанда жыл сайын жатыр мойыны обырының 2000-нан астам жағдайы анықталады. Онкологиялық аурулардың құрылымында жатыр мойыны обыры 5-ші орында, өлім-жітім бойынша 8-ші орында.
Жатыр мойны обырын ерте анықтауға арналған міндетті онкоскрининг елімізде 30 жастан 70 жасқа дейінгі әйелдерді қамти отырып, 4 жылда 1 рет жүргізіледі.
ДДҰ 2030 жылға қарай 15 жасқа дейінгі қыздардың кем дегенде 90% АПВ-на қарсы егуді ұсынады. Бұл скринингпен және ерте емдеумен бірге жатыр мойны обырының жаңа жағдайларын 2045 жылға қарай 42% - ға азайтып, 2070 жылға қарай 14 миллион адамның өлімінің алдын алуы керек.
Ашық есік күні барысында ҰҒОО онкогинекология секторының меңгерушісі, м.ғ.к., онколог дәрігер, гинеколог, хирург Аида Фазылқызы Шакирова 2024 жылдың күзінде ел мектептерінде басталатын 11 жастағы қыздардың папиллома вирусына қарсы тегін вакцинация туралы егжей-тегжейлі айтып береді.
АПВ вакцинациясын жүргізу Қазақстанда жатыр мойны обыры аурушаңдығын азайтуға мүмкіндік береді.
Сапалы кеңес алу үшін алдымен Сall-орталықтың 8-7172-702-911, 8-7172-702-900 телефоны арқылы онколог-гинеколог дәрігерлерге тіркеліп, қабылдау уақытына кешікпей келу қажет.
Жазылу жұмыс күндері жүргізіледі (дүйсенбіден жұмаға дейін) сағат 8: 00-ден 17:00-ге дейін.
Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз және алдыңғы тексерулердің нәтижелері болуы қажет (олар болған жағдайда).
Өзіңізге уақыт бөліңіз және өз денсаулығыңызға мән беріңіз. Аурудың алдын алу - ең тиімді емдеу шарасы!
Нравится
Комментировать
Әлемдік статистикаға сүйенсек, халықтың 10% -(пайызға) жуығы созылмалы бүйрек ауруымен ауырады. Ал Қазақстан бойынша нақты мәліметтер жоқ, алайда шамамен 10% -(пайыз) деп алуға болады. Жыл санап науқастар саны қарқынды түрде өсіп келеді, - деп атап өтті ҰҒОО дәрігер нефролог Шолпан Асқарқызы Садықова "24.кz" телеарнасының тілшісіне берген сұхбатында.
- Бүйрек – өзі жайлы сыр білдірмейтін шыдамды ағза. Алайда бүйрек жетіспеушілігі кезінде ерте стадияларында ауру белгілері мүлдем болмауы мүмкін. Клиникалық белгілері тек ең соңғы сатыларында ғана болады. Бүйрек жетіспеушілігі кезінде жүрек айну, құсу секілді симптомдар болғандықтан науқастар гастроэнтерологқа қаралады. Осылайша олар уақыттарын жоғалтып алады.
Созылмалы бүйрек ауруына көптеген себептер алып келеді. Мысалы, Қан қысымының жоғарылауы, қант диабеті, гломерулярлы және ревматологиялық аурулар, тұқым қуалайтын аурулар бүйрек жетіспеушілігіне алып келеді.
Бүйрек функциясының төмендеуіне ең жиі алып келетін ауруларға қант диабеті және артериальдық гипертензия жатады.
Бүйректің негізгі аурулары белгілі, бірақ емдеу жолдарында талқылауды қажет ететін мәселелер бар, - деп бөлісті дәрігер нефролог Шолпан Асқарқызы.
Қазіргі таңда соңғы статистика бойынша бүйрек трансплантациясына 3500 ( 3 мың 5 жүз) мұқтаж адам бар. Жылына 200-дей адамда трансплантация болады. Бүйрек ауруынан жылына 300-ден жоғары адам қаза табады.
Абылайхан Сапарымбетов, ҮҒОО реципиенті:
- 7 айдай жүрдім осы бүйрек ауырып. Диализде жүрдім. Осы айдың басында осы больницаға келдім трансплантацияға. Бауырым өз бүйрегін беруге рұқсатын берді. Қазір Құдайға шүкір бүйрек ауыстырылды. Жағдайым жақсы.
Сюжетке сілтеме: https://24.kz/.../644339-b-gin-khaly-araly-nefrolog-d...
Бүгін халықаралық нефролог дәрігерлер күні екен.
«Қазір бүйрек ауру өршіп, оның алдын алу қиындап барады» - дейді. Бұған не айтасыз?
Қазір ең маңыздысы - бүйрек трансплантациясы. Бұл науқасқа екінші өмір сыйлағанымен, елде донор тапшылығы қолбайлау болып тұр деген мәлімет бар. Жылдан жылға бұл патология көбейіп келе жатыр.
Емханаларда нефролог дәрігерлер аз дейді, Маман тапшылығын қалай шешеміз? Бүйрек ауруы қай жастағылар арасында көп.
Статистика не дейді? Қазір елде қанша трансплантация жасалады. Кезекте қанша адам тұр? Өлім-жітім көрсеткіші туралы
Толығырақ сілтеме бойынша: https://24.kz/.../644341-s-khbat-mels-asy-baev-elde-donor...
Құрметті достар!
Ұлттық ғылыми онкология орталығы сіздерді 22 наурыз Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесімен баршаңызды құттықтайды!
Наурыз - бұл ежелгі дәстүр бойынша Жаңа жылдың басталуы ғана емес, бұл сонымен бірге таңғажайып көктем мерекесі, табиғаттың қайта түлеп, қайта жаңғыруы.
Осы бір табиғат ана көгілдір көктемнің жып-жылы шапағатымен жайнап тұрған сәтте сізде зор қуаныштарға бөленгейсіз!
Жаныңыз күн нұрындай жарқырап, ал көңіліңіз мейірімділік пен махаббат сезімдеріне тола берсін!
Жаңа Жыл отбасымызға жақсылық, дастарханымызға құт-береке алып келсін!
Наурыз әр отбасында келісімнің, сыйластықтың, құрметпен сүйіспеншіліктің дәнекері болсын!
Біз сіздерге тыныштық және бақыт, жұмыстарыңызға табыстар тілейміз!
Ұлттық ғылыми онкология орталығы Ортопедия және остеоонкология орталығының меңгерушісі Дан Болатұлы Дадыгеровтің атына науқастардығың жолдаған алғыс сөз хатымен таныстырамыз. #ҰҒОО #ННОЦ #NROC #дәрігерлергерахмет #орталық #ортопедия #остеоонкология
Адам папилломасы вирусы (АПВ) бұл жыныс жолдарының ең көп таралған вирустық инфекциясы.
Көптеген жыныстық белсенді әйелдер мен ер адамдар өмірінің белгілі бір кезеңінде инфекцияны алады, ал кейбіреулері қайта жұқтырылуы мүмкін.
Әйелдер үшін де, ерлер үшін де жұқтырудың ең жоғары кезеңі олар жыныстық белсенді болғаннан кейін басталады. АПВ жыныстық жолмен беріледі, бірақ вирустың таралуы үшін өтімді жыныстық қатынас қажет емес. Денелі генитальды байланыс бұл инфекция берілуінің жақсы анықталған жолы.
АПВ-ның көптеген түрлері проблемалар тудырмайды. АПВ-инфекциясы, әдетте, инфекциядан бірнеше ай өткен соң, ешқандай араласусыз өздігінен өтеді және шамамен 90%-ы 2 жыл ішінде өтеді. АПВ-ның белгілі бір түрлерінен туындаған инфекциялардың аз бөлігі жалғасуы мүмкін және жатыр мойыны обырының дамуына әкелуі мүмкін.
Бүгінгі таңда жатыр мойыны обыры АПВ-мен байланысты ең көп таралған ауру. Жатыр мойыны обырының барлық дерлік жағдайлары АПВ-инфекцияларына байланысты болуы мүмкін.
АПВ ұзақ сақталу мен жатыр мойыны обырының даму қаупі факторлары:
АПВ типі – оның канцерогенділігі немесе қатерлі ісік тудыру қабілеті;
иммундық статус – иммундық жүйесі әлсіреген адамдарда, мысалы, АИТВ жұқтырған адамдарда, обыр алдына және обырға тез дамитын тұрақты АПВ-инфекциясы болуы мүмкін;
қарапайым герпес, хламидиоз және гонорея қоздырғыштары сияқты жыныстық жолмен берілетін басқа қоздырғыштармен коинфекцияға;
бала туу саны (туған балалар саны) және ерте алғашқы босану;
темекі тұтыну.
Белгілері:
Онкогенді АПВ типтерін жұқтыру ағазада симптомсыз өтеді.
Оларды тек скрининг – АПВ-ның арнайы тесті арқылы анықтауға болады.
Қатерлі ісік тудырмайтын АПВ типтері (әсіресе 6 және 11 типтері) мыналардың дамуына әкелуі мүмкін:
сүйелдердің;
үшкір кандиломалардың;
респираторлық папилломатоздың.
️ Папиллома вирусының (АПВ) алдын-алу:
- АВП-инфекциялар әдетте ешбір емдеусіз өзінен-өзі кетеді
- өзін-өзі сауығу кезеңі – бірнеше айдан екі жылға дейін.
Қазақстанда жатыр мойыны обырын ерте анықтау үшін 30 жастан асқан әйелдер үшін 4 жылда бір рет тегін скрининг (ПАП-тест) қарастырылған.
Вакцинаның үш нұсқасы бар:
еківалентті (АПВ-ның 2 типінен);
төртвалентті (4-тен);
тоғызвалентті (9-дан).
Қазақстанда вакциналардың барлық 3 нұсқасы тіркелген, бірақ әзірге бұл вакциналар тек ақылы түрде ғана қолжетімді.
Елдің әр түкпірінен келген үш пациентке бір ағза донорының екі бүйрегі мен жүрегі трансплантатталды.
Мереке алдындағы күні Ұлттық ғылыми онкология орталығы мен Астана қаласының Кардиохирургиялық орталығының трансплантологтары, кардиохирургтары, анестезиологтары мен мейіргерлері құрамындағы жоғары білікті дәрігерлер тобы санавиация бортында Павлодар облысына келді.
Сонымен қатар, Астана қаласында күту парағында тұрған бағдарламамен іріктелген реципиенттер қосымша талдаулар тапсыру үшін шақырылды.
Медициналық зерттеп-қараудан өту нәтижесі бойынша және комиссияның шешімі бойынша 26 жастағы реципиент анықталды. Ол бүйректің V терминалды сатысы диагнозымен 6 жыл бойы гемодиализде болған.
Астана қаласындағы Ұлттық ғылыми онкология орталығында дәрігерлер ересек пациентке кадаверлік бүйректі трансплантаттауды сәтті жүргізді.
Реципиент палатаға ауыстырылды,бүгінгі күні оның жағдайы жақсы. Бүйрек толық жұмыс істеп тұр.
Екінші бүйрек балаға Астанадағы Ана мен бала орталығында трансплантатталды.
Үшінші ағза - жүректі трансплантаттау Кардиохирургиялық орталықта жүргізілді.
Қайтыс болғаннан кейінгі донордан ағзаларды трансплантациялау орындалды: бір донордан - үш реципиентке орган алмастырылды!
Бұл оқиға Қазақстанда болды. Біздің орталықта кадаверлік трансплантация (қайтыс болғаннан кейінгі донорлықтан органды трансплантациялау) жыл басынан бері 5-ші рет жүргізілген.
6 наурызда Павлодар облысының Кардиохирургиялық орталығында пациенттің бас-ми өлімі тіркелгені туралы ақпарат келіп түсті. ТЖТМҚҮРО-ның Өңірлік үйлестірушісі пациенттің туыстарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді, нәтижесінде органдарды алып транспланттауға келісімдері берілді.
Сол күні кешке Астана қаласындағы Ұлттық ғылыми онкология орталығы мен Кардиохирургия орталығының трансплантологтары, кардиохирургтары, анестезиологтары мен медбикелері құрамындағы жоғары білікті дәрігерлер тобы Санавиация жолымен Павлодар облысына ұшты.
Белгі орынға жеткеннен соң, операцияларға толық дайындалғаннан кейін мәйіттік донордан жүрек және екі бүйрек органдары алынды.
Одан басқа, алынған органдар (жүрек пен екі бүйрек) Кардиохирургиялық орталыққа, Ана мен бала орталығына және Ұлттық ғылыми онкология орталығына бағытталуға тиіс болатын, өйткені бұл медұйымдарда пациенттерге қажетті органдарды көптен күткен транспланттау жүргізіледі.
Сонымен қатар, Астана қаласында күту парағында тұрған реципиенттер бағдарлама арқылы іріктеліп, қосымша талдаулар тапсыру үшін шақырылды. Медициналық тексеруден өту нәтижесі және комиссияның шешімі бойынша 26 жастағы реципиент сәйкес келді.
Ол 6 жыл бойына гемодиализде жүрген, бүйректің V терминалды сатысы диагнозы қойылған.
Халықаралық әйелдер күнін мерекелеу қарсаңында, яғни 7 наурыз күні ҰҒОО-ның трансплантологтары кадаверлік бүйрек трансплантациясын сәтті аяқтады.
Реципиент палатаға ауыстырылды, бүгінгі күні оның жағдайы жақсы. Бүйрек толықтай қызмет істеп тұр.