Адам папилломасы вирусы (АПВ) бұл жыныс жолдарының ең көп таралған вирустық инфекциясы.
Көптеген жыныстық белсенді әйелдер мен ер адамдар өмірінің белгілі бір кезеңінде инфекцияны алады, ал кейбіреулері қайта жұқтырылуы мүмкін.
Әйелдер үшін де, ерлер үшін де жұқтырудың ең жоғары кезеңі олар жыныстық белсенді болғаннан кейін басталады. АПВ жыныстық жолмен беріледі, бірақ вирустың таралуы үшін өтімді жыныстық қатынас қажет емес. Денелі генитальды байланыс бұл инфекция берілуінің жақсы анықталған жолы.
АПВ-ның көптеген түрлері проблемалар тудырмайды. АПВ-инфекциясы, әдетте, инфекциядан бірнеше ай өткен соң, ешқандай араласусыз өздігінен өтеді және шамамен 90%-ы 2 жыл ішінде өтеді. АПВ-ның белгілі бір түрлерінен туындаған инфекциялардың аз бөлігі жалғасуы мүмкін және жатыр мойыны обырының дамуына әкелуі мүмкін.
Бүгінгі таңда жатыр мойыны обыры АПВ-мен байланысты ең көп таралған ауру. Жатыр мойыны обырының барлық дерлік жағдайлары АПВ-инфекцияларына байланысты болуы мүмкін.
АПВ ұзақ сақталу мен жатыр мойыны обырының даму қаупі факторлары:
АПВ типі – оның канцерогенділігі немесе қатерлі ісік тудыру қабілеті;
иммундық статус – иммундық жүйесі әлсіреген адамдарда, мысалы, АИТВ жұқтырған адамдарда, обыр алдына және обырға тез дамитын тұрақты АПВ-инфекциясы болуы мүмкін;
қарапайым герпес, хламидиоз және гонорея қоздырғыштары сияқты жыныстық жолмен берілетін басқа қоздырғыштармен коинфекцияға;
бала туу саны (туған балалар саны) және ерте алғашқы босану;
темекі тұтыну.
Белгілері:
Онкогенді АПВ типтерін жұқтыру ағазада симптомсыз өтеді.
Оларды тек скрининг – АПВ-ның арнайы тесті арқылы анықтауға болады.
Қатерлі ісік тудырмайтын АПВ типтері (әсіресе 6 және 11 типтері) мыналардың дамуына әкелуі мүмкін:
сүйелдердің;
үшкір кандиломалардың;
респираторлық папилломатоздың.
️ Папиллома вирусының (АПВ) алдын-алу:
- АВП-инфекциялар әдетте ешбір емдеусіз өзінен-өзі кетеді
- өзін-өзі сауығу кезеңі – бірнеше айдан екі жылға дейін.
Қазақстанда жатыр мойыны обырын ерте анықтау үшін 30 жастан асқан әйелдер үшін 4 жылда бір рет тегін скрининг (ПАП-тест) қарастырылған.
Вакцинаның үш нұсқасы бар:
еківалентті (АПВ-ның 2 типінен);
төртвалентті (4-тен);
тоғызвалентті (9-дан).
Қазақстанда вакциналардың барлық 3 нұсқасы тіркелген, бірақ әзірге бұл вакциналар тек ақылы түрде ғана қолжетімді.