Қайтыс болғаннан кейінгі донордан ағзаларды трансплантациялау орындалды: бір донордан - үш реципиентке орган алмастырылды!
Бұл оқиға Қазақстанда болды. Біздің орталықта кадаверлік трансплантация (қайтыс болғаннан кейінгі донорлықтан органды трансплантациялау) жыл басынан бері 5-ші рет жүргізілген.
6 наурызда Павлодар облысының Кардиохирургиялық орталығында пациенттің бас-ми өлімі тіркелгені туралы ақпарат келіп түсті. ТЖТМҚҮРО-ның Өңірлік үйлестірушісі пациенттің туыстарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді, нәтижесінде органдарды алып транспланттауға келісімдері берілді.
Сол күні кешке Астана қаласындағы Ұлттық ғылыми онкология орталығы мен Кардиохирургия орталығының трансплантологтары, кардиохирургтары, анестезиологтары мен медбикелері құрамындағы жоғары білікті дәрігерлер тобы Санавиация жолымен Павлодар облысына ұшты.
Белгі орынға жеткеннен соң, операцияларға толық дайындалғаннан кейін мәйіттік донордан жүрек және екі бүйрек органдары алынды.
Одан басқа, алынған органдар (жүрек пен екі бүйрек) Кардиохирургиялық орталыққа, Ана мен бала орталығына және Ұлттық ғылыми онкология орталығына бағытталуға тиіс болатын, өйткені бұл медұйымдарда пациенттерге қажетті органдарды көптен күткен транспланттау жүргізіледі.
Сонымен қатар, Астана қаласында күту парағында тұрған реципиенттер бағдарлама арқылы іріктеліп, қосымша талдаулар тапсыру үшін шақырылды. Медициналық тексеруден өту нәтижесі және комиссияның шешімі бойынша 26 жастағы реципиент сәйкес келді.
Ол 6 жыл бойына гемодиализде жүрген, бүйректің V терминалды сатысы диагнозы қойылған.
Халықаралық әйелдер күнін мерекелеу қарсаңында, яғни 7 наурыз күні ҰҒОО-ның трансплантологтары кадаверлік бүйрек трансплантациясын сәтті аяқтады.
Реципиент палатаға ауыстырылды, бүгінгі күні оның жағдайы жақсы. Бүйрек толықтай қызмет істеп тұр.