Ағымдағы жылдың 16 маусымында бүкіл
медицина жұртшылығы кәсіби мерекені атап өтеді. Әрбір медицина қызметкері үшін басты миссия азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау болып табылады. Бұл тапсырманы орындау көп еңбек пен күш-жігерді, жоғары жауапкершілік пен адалдықты, адамгершілік пен қайырымдылықты қажет етеді. Бүкіл ел қазақстандық медицина қызметкерлерінің еңбегін жоғары бағалайды, деп жазады Egemen.kz.
Елімізде денсаулық сақтау саласының дамуы Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басты назарында. Жақында Мемлекет басшысы екі маңызды медициналық нысанды аралады: ағымдағы жылдың тамыз айында ашылуы жоспарланып отырған Ұлттық ғылыми онкология орталығының жаңа корпусы және Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы, медициналық қызметтердің сапасын арттыруға және азаматтардың денсаулығын нығайтуға өзінің дайын екенін көрсетті.
- Медицина қызметкерлерінің үлкен тобы өмір сүру ұзақтығының көрсеткіштерін арттыруға, аурулардан болатын өлімді азайтуға және қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға басты үлес қосады.
Соңғы 5 жылдың ішінде елімізде өмір сүру ұзақтығы 2 жасқа (73-тен 75 жасқа дейін) артқанын, жалпы өлім – 9%-ға, ана өлімі – 16,8%-ға, нәресте өлімі – 8,5%-ға, қанайналым жүйесінің ауруларынан болатын өлім – 11,9%-ға және қатерлі ісіктерден болатын өлім – 15,3%-ға төмендегенін атап өтемін.
- Медицина жұртшылығына көптеген міндеттер мен жоспарлар қойылды, жауапкершілік одан да көп. Кәсіби мереке қарсаңында барлық әріптестерімді медицина қызметкері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Сіздердің еңбектеріңіз – қайсарлықтың, біліктілік пен мейірімділіктің үлгісі. Күн сайын сіздер көптеген өмірді сақтап қаласыздар, денсаулықты қалпына келтіресіздер және миллиондаған адамдардың жүрегіне үміт ұялатасыздар. Сіздердің жұмыстарыңыз үлкен шыдамдылықты, білімді және күш-жігерді қажет етеді. Сіздерге зор денсаулық, амандық, кәсіби табыс және жаңа жетістіктер тілеймін. Сіздердің жұмыстарыңыз әрқашан жоғары бағалансын және әрбір жұмыс күні адамдарға көмектесуден қанағат пен қуаныш әкелсін. Мамандыққа деген адалдықтарыңыз бен адамгершіліктеріңіз үшін рахмет!
Ақмарал ӘЛНАЗАРОВА, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі
Толығырақ мақаланы сілтеме арқылы оқыңыздар: